Бәсеке ережелері - шектейтін іскерлік пратиканы бақылау және бәсекені қорғау жөніндегі келісілген халықаралық нормалар. Келісу халықаралық ұйымдар: Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, Тарифтер мен сауда туралы бас келісім, БҰҰ, Европалық Кеңес шеңберінде жүргізіледі. Халықаралық ұйым мәртебесіне және оның шешімдерінің мүше елдер үшін міндеттілік дәрежесіне қарай ережелердің сипаты мен тұжырымдалуы алуан түрлі. Бір реттерде олар ұсынушылық сипатта болады, екінші бір реттерде олар - міндетті түрде сақталуға тиіс халықаралық шарттардың баптары.
Бәсекенің түрлері
1
Жетілген бәсеке
2
Жетілмеген,монополистік бәсеке
Жетілген бәсеке
Еркін бәсеке жеке меншікке және шаруашылықтың оңашалуына негізделеді. Өндірушілер бір-бірімен тек нарық арқылы байланысады.
Жеке фирма өз өнімін өткізуде іс жүзінде нарықтағы айырбас жағдайларына ешқандай әсер ете алмаса, онда осындай болмыс – бәсекелік қабілеттің ең жоғарғы дәрежесі болып табылатын жетілген бәсеке деп аталады.
Бәсекенің артықшылығы
Артықшылықтары қоғамға қажет тауарларды өндіруде ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндіктің болуы;
тауарлардың жаңа түрлерін жасау саласына жаңа техника мен технология енгізуге, өндірісті ұйымдастырып басқарудың жетілген әдістерін қолдануға, ғылыми-техникалық жетістіктерді ұнамды пайдалануға жағдайлар тудыратындығы;
өндірушілерді көптүрлі қажеттіктерді қанағаттандыруға, тауарлар мен қызметтердің сапасын жоғарылатуға мақсаттандыруы.