Эклампсиялық кома – тырысу ұстамасынан кейін дамуы мүмкін (тырысу тоқтағаннан кейін) және эклампсияның жеке кӛрінісі боуы мүмкін (тырысусыз эклампсия), оған әдетте кеш токсикоз тән болады. Жүктіліктің 20-шы аптасы мен босанудан кейінгі 1-ші аптасында дамиды.
Эклампсиялық кома тырысу ұстамасынан кейін дамиды, бұлшық еттердің фибриллярлы қысқаруы, генерализденген тоникалық тырысуға ауысады, кейін клоникалық тырысуға ұласады. Тырысу ұстамасының ұзақтығы 1-2 мин. Ес түссіз жағдайда да тырысу ұстамасының қайталануы мүмкін. Артериалды гипертензия, брадикардия тән, гипертермия болуы мүмкін. Кейбір жағдайларда кома тырысу ұстамасыз да болуы мүмкін (тырысусыз формасы.
Жедел көмек
Науқасты сол жақ қырына жатқызу керек.
Зақымданулардың алдың алу керек, бірақ активті ұстап тұруға болмайды.
Оттегін берілуін қамтамасыз ету (керек болған жағдайда ауыз кенейткішті, тіл ұстағышты, ауа ӛткізгіштікті қолдану).
Тыныс алу бұзылған жағдайда ӚЖВ маска мен Амбу қапшығын пайдалану.
Егер артериалды гипертензия 160/110 мм.с.б және одан жоғары болып тұрса қосымша гипотензивті препараттарды тағайындайды (нифедепин 10 мг сублингвальды – 120 мг максимальды тәуліктік дозасы).
Тырысу ұстамасы болса – диазепам т/і баяу ағыммен 10мг (20мг дейін).