Орындаған: Таджимагамбетова Айым



Дата13.02.2022
өлшемі24,71 Kb.
#131646
Байланысты:
Сож


Орындаған:Таджимагамбетова Айым
Педагогикалық зерттеулердің қажеттілігі бар теориялық білімдер мен практикалық тәжірибелер арасындағы қарамақайшылықтардың туындауынан және оларды жаңа педагогикалық міндеттерді шешуде, жаңа педагогикалық құбылыстарды зерттеуде қолдануға мүмкін еместігіне орай пайда болады. Физиканы оқыту әдістемесі саласындағы зерттеулік қызметке сонымен қатар педагогикалық психологияның, ақпараттық құралдардың дамуы да өз үлесін тигізеді. Педагогикалық зерттеулер, басқа зерттеулер сияқты, белгілі бір мақсатпен орындалады, оны жүргізу үрдісінде нақты бір міндеттер шешіліп, басқа бір әдістер қолданылады, немесе басқаша айтқанда, педагогикалық зерттеулер белгілі бір әдіснамаға сәйкес жүзеге асырылады. Әдіснама(Методология гр.methodos-зерттеудің немесе танып білудің жолы,теория,ілім және logos-сөз, ұғым) – теориялық және практикалық іс-әрекетті құрудың және ұйымдастырудың принциптері мен тәсілдерінің жүйесі; танып білудің ғылыми әдісі туралы ілім; қандай да бір ғылымда қолданылатын әдістердің жиынтығы. Әдіснама философиялық, жалпы ғылымилық, нақты-ғылымилық және технологиялық болып төрт деңгейге бөлінеді (В.В.Краевский, В.С.Сластенин). Әдіснаманың барлық деңгейі, өз арасында нақты байланысы бар, күрделі жүйені құрайды. Әдіснаманың философиялық деңгейі, оның мазмұны танымның жалпы принциптері мен ғылымның категориялық құрылымынан тұрады. Философиялық білім жүйесі әдіснамалық міндетті атқарады. Бұл жағдайда философиялық деңгей кез-келген әдіснамалық білімнің мазмұндық негізі ретінде қарастырылады. Әдіснаманың жалпы ғылымилық деңгейі барлық немесе көптеген ғылыми пәндерде (салаларда) қолданылатын теориялық тұжырымдама болып табылады. Әдіснаманың нақты ғылымилық деңгейі кез-келген арнайы ғылыми пәнде (салада) қолданылатын зерттеу әдістері, принциптері және шараларының жиынтығы. Педагогиканың әдіснамасы дегеніміз педагогикалық шынайлықты көрсететін педагогикалық теорияның негіздері мен құрылымдары, білім алудың жолдары және көзқарастарының принциптері туралы 11 білім жүйесі, сонымен қатар осындай білім алудың және зерттеу жұмысының бағдарламасын, логикасын, әдістерін, сапасын бағалауды негіздеу әрекетінің жүйесі. Әдіснаманың технологиялық деңгейі(зерттеу әдіснамасы) зерттеудің әдістемесі мен техникасынан тұрады, яғыни кейін ғылыми білім қорына енгізілетін эмпирикалық материалды алуды және оны бастапқы өңдеуді қамтамасыз ететін шаралар жиынтығы. Белгілі бір зерттеулер жүргізуде танымның жалпы, жалпығылыми және нақты-ғылыми ұстанымдары мен әдістері қолданылады.
Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық аппаратына келесі категориялар жатады: - зерттеу тақырыбы; - қарама-қайшылықтармен анықталатын зерттеулердің өзектілігі, мысалы, физикалық білім алдында тұрған қазіргі заманғы міндеттер мен осы міндеттерді шешуге мүмкіндік бермей тұрған, қалыптасқан физиканы оқыту практикасы арасындағы қарама-қайшылықтар; - көрсетілген қарама-қайшылықтан туындайтын және сұрақ түрінде тұжырымдалатын зерттеу проблемасы; - зерттеу кезінде неге жету керектігін көрсететін зерттеу мақсаты; Яғни зерттеудің ғылыми нәтижесі. - зерттеушінің жұмыстанып отырған практикасы немесе ғылыми білімі, яғни зерттеу барысында не қаралатындығын көрсететін нысаны(обьектісі); - зерттеу заты – зерттеліп жатқан объектінің сол бір аспектісі, сол бір тарабы; бір нысан бірнеше зерттеулердің заты бола алады; Мысалы зерттеу нысаны физиканы оқыту үрдісіндегі физикалық эксперименттің маңызы болса, ал зерттеу заты жаңа білімді оқушыларда қалыптастырудағы физикалық эксперименттің маңызы немесе фронтальды зертханалық жұмыстың білім берудегі маңызды, оқушылардың өз бетімен орындайтын физикалық тәжірибелер маңызы т.б. - зерттеу болжамы (гипотезасы) – бұл зерттеу барысында дәлелденуге тиіс ғылыми алдын-ала жорамал; - зерттеу міндеттері – зерттеу мақсаты мен болжамы арқылы анықталады, жалпы мақсатқа қатысты олар дербес тәуелсіз мақсаттар ретінде түсіндіріледі; 12 - зерттеу әдістері; - ғылыми жаңалық, зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы – зерттеу жүргізген кезде алынған нақты бір нәтижелер, және олардың педагогикалық теория мен практика үшін маңызы;
Сонымен ғылыми-педагогикалық зерттеудің құрылымы мен логикасы мынадай кезеңдерден тұрады:
1-кезең. Зерттеу проблемасымен жалпы танысу, оның көкейкестілігін негіздеу, зерттеу деңгейі, зерттеу тақырыбын, нысанын және зерттеу пәнін анықтау. Зерттеудің жалпы және аралық мақсатын анықтау, міндеттерін белгілеу.
2-кезең. Әдіснаманы таңдау-бастапқа тұжырымдама, тректеориялық ережелер.
3-кезең. Зерттеу болжамын құру-теориялық конструкция, дәлелдерді қажет ететін шындық.
4-кезең. Зерттеу әдістерін таңдау. Анықтаушы экспериментті жүргізу. Мақсаты-бастапқы зерттеудің жай күйін анықтау.
5-кезең. Қалыптастырушы экспериментті ұйымдастыру және өткізу.
6-кезең. Зерттеу нәтижесін талдау, талқылау және зерттеу нәтижесін безендіру(өңдеу).
7-кезең. Тәжірибелік ұсыныстар дайындау. Зерттеулердің барлық әдіснамалық сипаттамалары өзара байланысты және бірін-бірі толықтырып отырады.
Педогогикалық зерттеулер 2 топқа бөлінеді.
1. Теориялық.
2. Эксперементальдық
Теориялық әдістерге: әдебиеттерді талдау, педагогикалық жағдайларды модельдеу, физикалық білім мен оқыту технологиясының мазмұнын құрастыру, педагогикалық эксперимент нәтижелерін өңдеу және оларға талдау жасау жатады.
Эксперименттік әдістерге:сауалнама жүргізулер және сұқпат алулар, оқу процестерін бақылау, тәжірибелі сабақ беру, тестілеу, сараптамалық бағалау жатады. Сауалнама жүргізу және сұқпат алу – бұл экспериментке қатысушылардан жауап алудың екі формасы. Сауалнамаға ашық және жабық түрдегі сұрақтар енгізіледі. Сұқпат алу кезінде қойылатын сұрақтар, әдеттегідей, ашық сипатқа ие болады. Сұрақтардың екі тобын бөліп көрсетуге болады: фактілер жөнінде 13 сұрақтар (мектеп нөмірі, жұмыс өтілі т.б.) және пікірлер, себептер, іс-әрекеттер жөнінде (мысалы, физика сабағында өзбетімен жұмыстың қандай формалары ұйымдастырылады т.б.) сұрақтар. Педагогикалық зерттеулер нәтижиесінде оқыту әдістерінің қайсысы тиімді екені анықталады. Тиімділік критерииі болып, оқушының меңгерген білімінің көлемі, білім жүйесі, біліктілігі, тереңділігі, саналы түрде меңгеруі жатады. Педагогикалық зерттеулердің барлық сатыларында теориялық және эксперименттік әдістер бірігіп қолданылады. 1.3 . Жалпы орта білім беретін оқу орындарындағы оқыту үдерісіндегі басшылыққа алынатын құжаттар Жалпы орта білім беру мекемелеріндегі оқу үдерісі ҚР «Білім туралы» заң, «Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары» мен «Базистік оқу жоспарын» басшылыққы ала отырып ұйымдастырылады. Стандарт ҚР БМЖМС 2.003-2002 негізінде дайындалды, ол "Физика" оқу пәні бойынша білім мазмұнының мемлекеттік міндетті минимумына және оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды тағайындайды. «Білім туралы» заңда білім беру жүйесін демократияландыру идеялары айқындалып, білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың ұстанымдары тұжырымдалған. Оларға: әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қол жетімділігі; білім берудің зайырлы, гуманистік және дамытушылық сипаты, азаматтық құндылықтардың, адам өмірі мен денсаулығының, жеке адамның еркін дамуының басымдылығы; жеке адамның білімдарлығын ынталандыру және дарындылығын дамыту; білім беру деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі; оқыту мен тәрбиенің бірлігі. Білім беру жүйесін демократияландыру идеясы өзінің бейнесін оқыту үдерісін гуманизациялау, гуманитаризациялау ұстанымдарынан және саралап оқыту үдерісінен көрінеді. Оқытуды гуманизациялау барлық оқу-процесінің орталық субъектісіне 14 айналатын баланың жеке тұлғасына назарды күшейтуді болжайды. Оқытуды гуманитаризациялау тиісті оқу пәндерінде (дүниетанымдық, әдіснамалық, тарихи-биографиялық, экологиялық) оқытылатын ғылымның гуманитарлық аспектілеріне назарды күшейтуді болжайды. Оқытуды саралау оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін, олардың қабілеттері мен мүдделерін ескеретін оқу үрдісін ұйымдастыруды болжайды. Қазіргі уақытта жалпы орта білімді әртүрлі типтегі оқу орындарынан алуға болады: мектепте, гимназияда, лицейде, колледжде, жеке мектепте, бейімдік мектепте. Жалпы білім беретін мектеп-бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ оқушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны; Гимназия – білім алушылардың бейімділігі мен қабілетіне сәйкес бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің гуманитарлық бейіндері бойынша жалпы білім беретін оқу бағдарламасын іске асыратын оқу орны; Лицей – негізгі орта білім берудің және жалпы орта білім берудің жаратылыстану-ғылыми, физика-математикалық бейіндері бойынша жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын білім алушылардың бейімділігі мен қабілетіне сәйкес іске асыратын оқу орны; Колледж – жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны; Жеке мектептер – қоғамдық, діни ұйымдар, әртүрлі бірлестіктер мен қорлар, кәсіпорындар мен жеке тұлғалардың бастауымен құрылады. Жеке мектептің білім беру қызметін жүзеге асыру үшін тиісті білім департаменті берген өзінің жарғысы мен лицензиясы болуы тиіс. «Білім туралы» Заңмен Жалпы білім беретін оқу орындарында жалпы орта білім кезең-кезеңмен үш сатыда меңгеріледі: - нормативтік оқу мерзімі 4 жыл болатын оқытудың бастауыш сатысы (1-4-сыныптар); 15 - нормативтік оқу мерзімі 5 жыл болатын оқытудың бастауыш сатысы (5-9-сыныптар); - нормативтік оқу мерзімі 2 жыл болатын оқытудың бастауыш сатысы (10-11-сыныптар). Жалпы орта білім беретін оқу орындарында басшылыққа алатын екінші құжат-базистік оқу жоспары. Базистік оқу жоспары (БОЖ) - вариативті білім беру жағдайында жалпы орта білім негізін анықтайтын және жалпы білім беретін оқу орындарының оқу жүктемесінің инвариантты және вариативті компаненттерін белгілейтін құжат. Базистік оқу жоспары типтік және жұмыстық оқу жоспарларын жасауға негіз болады және жалпы білім беретін оқу орындарының қызметін қаржыландыру үшін бастапқы құжат болып табылады. БОЖ білім салалары мен пәндер бойынша оқушылардың оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемін, білім салалары мен оқу пәндерінің құрамын, сыныптар мен оқу сатылары бойынша білім мазмұнын меңгеруге жұмсалатын уақыт мөлшерін анықтайтын нормативтерді тағайындайды. БОЖ білім мазмұнының инвариантты және вариативті компаненттерге бөлінуі есебінен оны қалыптастыруы бойынша жалпы білім беретін оқу орнының және білім беру саласындағы орталық атқару органдары өкілеттіліктері мен жауапкершіліктерін белгілейді. БОЖ-да басқару ұйымдары мен оқу орындары анықтайтын білім мазмұнының көлемі (сағат санымен) ерекшеленіп көрсетілген. БОЖ-ның инвариантты бөлігі жалпы орта білімнің базалық компанентін құрайды. Инвариантты бөлік оқушыларды жалпы мәдени және ұлттық мәні құндылықтармен таныстырады, олардың бойында қоғамдық мұраттарға (барлық оқушылар үшін міндетті сабақтар) сәйкес келетін жеке тұлғалық сапаларды қарастырады. БОЖ-ның базалық (инвариантты) бөлігі-әр сатыдағы жалпы орта білім мазмұнының базалық компанентінің құрамы мен құрылымын сипаттайтын оқу жүктемесінің бөлігі. БОЖ-ның базалық бөлігіндегі пәндер оқушылардың жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтармен таныстыруды көздейді, сол арқылы жеке тұлғаның қалыптасуына және дамуына жағдай туғызады. 16 Әрбір білім саласы бірнеше пәндерді қамтиды. Физика «Жаратылыстану» білім саласының құрамына енеді. БОЖ-ның вариативті бөлігі (жылжымалы) жалпы орта білімнің мектеп және оқушы компанентерін ескереді. Жалпы орта білім мазмұнының вариативті бөлігі оқушылар дамуының жеке тұлғалық сипатын қамтамасыз етеді, олардың өзіндік ерекшеліктерін, оқушылар мен олардың ата-аналарының білімдік сұраныстарын ескеруге мүмкіндік береді. БОЖ-ның вариативті бөлігі жалпы білім беретін оқу орындарына оқушылардың мүддесі мен қабілеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған жалпы орта білім мазмұнының көлемін өздері анықтайтындай мүмкіндік туғызады. Оқу жоспарының мектеп компанентінің сағаттары білім салаларына енетін пәндерді (соның ішінде тереңдетіп оқытуға арналған) оқуға, жаңа оқу курстары мен модульдері(таңдауы бойынша сабақтар, факультативтік сабақтар, бағдарлы пәндер, қолданбалы курстар)енгізуге пайдаланылады. Мектеп компанентінің пәндері оқушылардың оқуына міндетті болып табылады. Оқушы компанентінің оқушылардың оқу жүктемесіне енуі міндетті емес.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет