Орындаған: Таганова Умида Тобы: ия 19/3 Қабылдаған



бет3/3
Дата07.02.2022
өлшемі25,8 Kb.
#90730
1   2   3
Байланысты:
6 т.ж. Умида Таганова ИЯ 19-3

Іс-әрекет барысында адамның жан-жақты дамуы жүреді, қоршаған әлемге деген қатынасы қалыптасады. Іс-әрекет алдын-ала жобаланған нәтижеге әкелу үшін оны ұйымдастыру қажет. Тәрбие практикасының ең күрделілігі осында.
Іс-әрекет – адам мен қоршаған ортаның өзара әрекеті, соның барысында ол әлемді және өзін саналы және мақсатты түрде өзгертеді. Іс-әрекеттің негізгі ерекшелігі- оның түрлендіруші және мақсатты бағытталған сипаты.
Іс-әрекет төмендегі белгілер бойынша жіктеледі:
- психикалық процестер бойынша: сенсорлық, жігерлі, ойлау және т.б.;
- құрылымы бойынша: іс-әрекет - әрекет –операция – қозғалыс;
- түрлері бойынша: танымдық, құндылық-бағыттылық, түрлендіру, қарым-қатынас, эстетикалық және дене.
Сонымен қатар іс-әрекеттің негізгі түрлері деп ойын, оқу және еңбекті айту қажет. Бағыттылығына байланысты танымдық, қоғамдық, спорттық, техникалық және т.б. түрлерін атауға болады.
Іс-әрекеттің процессуалдық компоненттері: қажеттілік, мотив, мақсат, әдістер, құралдар, нәтиже және бақылау, өзін-өзі бақылау.

2. «Жас бала – жаңа өркен жайған жасыл ағаш тәрізді» - дейді халқымыз. Жерге отырғызған жас көшет те қашан тамыры тереңдеп, жапырағы жайқалып, саялы ағаш болып үлкейгенше мәпелеп күтіп, үзбей тәрбиелеуді керек етеді.


Тәрбие кездейсоқ оқиға емес, ол қоғамның пайда болуына тән қасиет.
Тәрбие жеке тұлғаның санасына, мінез – құлқының дұрыс қалыптасуына әсер ететін құрал. Тәрбие - көпжақты процесс. Жасөспірімдерді азамат етіп тәрбиелеу, қоғамдық пайдалы еңбекке әзірлеу процесі қоғамның барлық азаматтарының міндеті, отбасы, мектеп пен жұртшылықпен бірлесіп атқаратын ортақ мақсаты. Дегенмен де ата – аналар мен жұртшылық әрекетін қадағалап, бағыт – бағдар беріп, олардың бала тәрбиесіндегі жұмыстарын бірыңғай бағытта ұйымдастырып отыратын ол – ұстаздар тобы. Оның орталығы – мектеп.
Тәрбие процесін табысты, нәтижелі ұйымдастыру тәрбиешілерге, алдымен тәрбие заңдылықтарын жете түсінуді қажет етеді.
3. Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.
4. Белгілі философ-ғалым В.П. Тугаринов жеке адамның сапалық көрсеткіштері ретінде төмендегілерді атайды:
- саналылық;
- жауапкершілік;
- еркіндік;
- жеке басының қадірі;
- даралық;
- қоғамдық белсенділік пен бекіген саяси-идеялық бағыттылық.
Жеке адамдықтың критерийлерін (өлшемін) белгілеумен В.П. Тугаринов бұл түсінікті адамның жастық әрі психикалық кемелденуімен байланыстырды.
5. Әрбір дүниеге келген адам қоғамның бір мүшесіне айналады және әлеуметтенуге тартылады, яғни тұлғаның қалыптасуы қоғамның талаптарын біртіндеп қабылдауынан, қоғамдық сана мен мінез құлықтың қалыптасуынан тұрады және ол қоғаммен өзара қатынасты реттейді. Әлеуметтену үрдісі жанұяда, мектепте, жұмыста жүзеге асады. Сонымен қатар БАҚ-та әлеуметтенудің күшті құралы болып табылады. Әлеуметтену үрдісіне адамның әлеуметтік тәжірибесін ұрпаққа жалғастыру енеді. Тұлғаның әлеуметтенуі еңбекпен, қоғамдық –саяси және адамның танымдық әрекетіне тығыз байланысты болып келеді. Бұл сатылардың әрқайсысында қарама-қайшылық туындауы мүмкін. Мысалы, “әке мен бала” мәселесі.
Алғашқы әлеуметтену институты мен агентіне адамның жақын ортасы жатады, тұлғасының қалыптасуына күшті және маңызды әсер етеді, олар жанұя, достар, мұғалімдер.
Әлеуметтенудің екінші агенттеріне оқу орнының әкімшілігі, өндіріс орындары, полиция, әскер, мешіттер, мемлекет, БАҚ қызметкерлері жатады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет