Нұсқаулық. Текшелі кестені 1-3 сек. қарау.Сосын сол нүктелерді өзінің бос кестесіне дәл сондай етіп қойып шығуға тырысу. Тақырыбы: «Кім көп?». Мақсаты: Зейінді дамыту, сөз тіркесінен сөз құрауды үйрету, есте сақтау қабілетін жетілдіру және дыбысты қабылдауды арттыру. Ойындық тапсырма. Дорбаға қызыл қақпақ сал (түйме немесе фломастердің беті) қызыл қақпақ, ал екіншісіне – жасыл, үшіншісіне көк және т.б. Ойындық жаттығу. Бүгін сөздердің сәйкестігін есте сақтайтын боламыз, сурет арқылы. СУЫҚ ЖЕЛ ----------------- ТӘТТІ ТАМАҚ --------------- ҚУАНЫШТЫ МЕЙРАМ ---------- АУЫР ЖҰМЫС -------- ---- ӘДЕМІ ҚУЫРШАҚ --------------- ЖАҢА ЖЫЛ ----------------- 1. «Төрт өлеңді» ойыны. Мақсаты: зейінді дамыту, қозғалыс анализаторы мен есту аппаратының координациямен байланысты. Ойынның жүргізілуі: Ойнайтын балалар дөңгеленіп тұрады. Жүргізуші олармен шарттасады: егер ол «жер» деген сөз айтса барлығы қолдарын жерге түсіруі керек, егер «су» десе – қолдарын тура созады, «ауа» десе – қолдарын жоғарыға көтереді, «от» десе – шынтақ буынынынан қолдарын қозғалтады. Кім қателеседі, сол жеңілген болып саналады. 2. Ойындық жаттығу: суретке қарап әңгіме құрастырып көрейік. Әңгімені сөз-сөзбен қайталап керегі жоқ, әңгімедегіні білу және ең бастысы, осы әңгіменің басты кейіпкерін білуі керек. №1 сабақ. Тақырып: «Көлем сиқыршысы». Мақсаты: зейіні мен көзқарасын дамыту, заттың жаман және жақсы қасиеттерін анықтай алуға үйрету, жағымды эмоциялық көңіл-күйді тудыру, өзінің алған тәжірибесінен әңгіме құрастыру, өзін-өзі бақылауын дамыту. Ойындық тапсырма. Өзінің әдемілігін ластан қарап қалды. Оның бейнесі өзіне ұнамайды Маймыл лас судан ештемемен айырылмайды Дұрыстап қара және айырмашылығын тап Оның бейнесі жетіге дейін ажыратылады. 1-сабақ Мақсаты: оқушының оқу процесінде зейін тұрақтылығын, зейіннің бөлінуін, шоғырлануын қалыптастыру. 1. Жаттығу: «Мейірім» 2. Коррекциялық жаттығу: «Кім жылдам?» А) Мәтіндегі барлық сөздерден «а» және «о» әріптерін сызып шығу. Б) Мәтіндегі «а» әріпін толқынды сызықпен, «о» әріпін түзу сызықпен сызып шығу. 3. Коррекциялық жаттығу : «Байқағыштық» Оқушылардан үйден мектепке дейінгі жолда күнделікті көріп жүрген барлық нәрселерді толығымен ауызша айтып шығуды тапсыру. 4. Коррекциялық жаттығу: «Корректура» Мәтіндегі сөздердің арасынан бір әріптерді тастап кетіп жазып шығамыз. Оқушылар сол қателерді тексеріп, орнына қалып қойған әріптерді түсті қарындаштармен жазып шығады. 5. Коррекциялық жаттығу : «Саусақтар» Оқушылар орындықта отырып тізесінің үстіне саусақтарын айқастыра отырады,бас саусақтарын бос қою керек және сол саусақты бір-біріне тигізбей айналдырамыз.Жаттығу 10 минут жасалынады. 6. Рефлексия. «Қоштасу» 2-сабақ Мақсаты: оқушының оқу процесінде зейін тұрақтылығын, зейіннің бөлінуін, шоғырлануын қалыптастыру. 1. Жаттығу: «Символика» Мақсаты: сыныпта жағымды көңіл-күй қалыптастыру. Оқушылар өздеріне «жалған ат, девиз, белгі»ойлап табуы тиіс. 2. Коррекциялық жаттығу: «Судоки» Мақсаты: оқушыларда зейінінің шоғырлануын қалыптастыру. Арнаулы кестедегі бірден алтыға дейінгі жетпес сандарды қойып шығу. 3. Коррекциялық жаттығу: «Мәтінді тер» Мақсаты: оқушыларда зейі нтұрақтылығын қалыптастыру. Мәтіндегі әріптермен араластыра жазылған мәтін сөздерінің астын сызып шығу. 4. Коррекциялық жаттығу: «Селектор» Мақсаты: оқушыларда зейінінің бөлінуін қалыптастыру. Бір оқушы жүргізуші болып, қолындағы белгісімен кезекпен мәтін оқып жатқан оқушыға белгі бере отырып, дауысты өзгертуге ықпал етіп отырады. 5. Коррекциялық жаттығу: «Ең зейінді» Мақсаты: Оқушыларда зейіннің шөғырлануын қалыптастыру. Оқушылар жарты шеңбер құра тұрады да, алдында тұрған оқушы соңынан бастап тұрған оқушыдан бастап оқушылардың атын атап шығады. 6. Рефлексия. « Жылы сөз».