Th. Gulosa (Raillietet Henry,1910),
еркегiнiң тұрқы 0,5-0,9 см, ұрғашысыныкi 0,5-1,6 см.
Денесiнiң сырт қабығы жылтыр.
Ауыз қуысы дамыған, тостаған тəрiздi.
Спикулалары тең емес.
Көз шарасының (ұясының) iшкi жағында тереңiрек орналасқан жас безiнiң түтiкшелерiмен көз жəне кеңсiрiк қуысын жалғастыратын жасағар өзегiнде күнелтедi
Th.skrjabini(Erschow,1928)
еркегiнiң тұрқы 0,5-0,9 см, ұрғашысыныкi 1,1-1,9мл.
Сырт қабығы жылтыр.
Ауыз қуысы тар.
Спикулалары тең.
Көз шарасының (ұясының) iшкi жағында тереңiрек орналасқан жас безiнiң түтiкшелерiмен көз жəне кеңсiрiк қуысын жалғастыратын жасағар өзегiнде күнелтедi
Musca autumnalis Lordiphosa andalusiaca Fannia canicularis
Өсiп-өнуi: Телязиоз қоздырғыштары биогельминттер;
Аралық иесi: сиыр шыбындары
Ақтық иесі: ірі қара мал
Шыбындар көздiң жасын жалап-сору арқылы балаңқұрттармен залалданады.
Жұқпалы сатысына жеткен балаңқұрттар шыбынның басына ауысып тұмсықтарына енедi.
Шыбын ірі қара мал көзiне қонған сəтте, құрт балаңқұрттары жəндiк тұмсығынан шығып, көздiң кiлегей қабығы қуысына немесе жас безiнiң түтiкшелерi- не енедi.
Мұнда олар 1-1,5 ай өткен соң жынысы жетiлген ересек құртқа айналып бiрнеше ай, ал кейде бiр жылға дейiн өмiр сүредi.