Афазия (сөйлеудің бұзылуы)
|
жүйке жүйесінің кейбір бөліктерінің зақымдануынан адамның сөйлеу қабілетін жартылай немесе толық жоғалтуы.
|
Аффект
|
адамның көңіл-күйінің кенеттен өзгеріп, зор қарқынмен бұрқан-тарқан болып сыртқа тебуі (долдану, ызалану, торығу, т.б.).
|
Афференттеу
|
сыртқы (экстерорецепция), сондай-ақ, ішкі (интерорецепция) тітіркендіргіштерден қабылданған ақпараттың сезім органдарынан орталық жүйкеге келіп түсетін жүйкелік импульстарының тұрақты тасқыны
|
Ауытқыған мінез-құлық
|
әлеуметтік нормалар мен ережелерді қайталап бұзудағы, тұрақты сипаттағы мінез-құлық;
|
Ауызша сөйлеу
|
естіп қабылданатын тілдік құралдар арқылы вербальдық (сөздік) тілдесу. Ауызша сөйлеуге тән сипат – сөйленген хабарламалардың жекелеген құрамдастары бірінен соң бірі туындайды және қабылданады.
|
Афференттік синтез
|
функциялық жүйе теориясында шешім қабылдау мақсатымен қоршаған орта және іске қосылатын стимул жөніндегі есте сақталған материалды, мотивацияны, ақпараттарды жинақтау.
|
Әңгімелесу, әңгіме
|
мақсатты бағытталған сұрақтар нәтижесінде, адамдармен қарым-қатынас негізінде ақпарат алудағы эмпирикалық әдіс.
|
Әлеуметтік психология
|
адамдардың әлеуметтік топтарға қосылуынан туындаған мінез-құлық және әрекет заңдылықтарын, сондай-ақ осы топтардың өздерінің психологиялық сипаттамаларын зерттейтін психология саласы.
|
Әділдік
|
моральдық сана ұғымы. Әділет қоғам өміріндегі жекелеген адамдардың атқаратын ролі мен олардың әлеуметтік орны арасындағы, қылмыс пен жаза, адамдардың абыройы мен оның сыйақысы, құқықтар мен міндеттер арасындағы арақатынасты бағалайды.
|
Әдет
|
жеке адамның өмірінде тұрақтанып қалыптасқан, бойына дарып үйреншікті болып кеткен қылық, адамның санасына тәуелсіз түрде қажеттілігіне айналып, қалыптасып кеткен тұрақты дағды.
|