Орындаған: Тилеген Ахмаржан Педагогика. Білім берудегі менеджмент Тексерген



бет5/5
Дата07.02.2022
өлшемі22,06 Kb.
#84092
1   2   3   4   5
Байланысты:
Тилеген А. ПиМ 1 семинар
DOC-20220921-WA0003., Бернулли теңдеуі, 4-лекция. Толық дифференциалды теңдеулер, Аппар при перелом вч, Аппар при перелом вч, Purple and Orange pastel Doodle Science Project Presentation
Афазия (сөйлеудің бұзылуы)

жүйке жүйесінің кейбір бөліктерінің зақымдануынан адамның сөйлеу қабілетін жартылай немесе толық жоғалтуы.

Аффект

адамның көңіл-күйінің кенеттен өзгеріп, зор қарқынмен бұрқан-тарқан болып сыртқа тебуі (долдану, ызалану, торығу, т.б.).

Афференттеу 

сыртқы (экстерорецепция), сондай-ақ, ішкі (интерорецепция) тітіркендіргіштерден қабылданған ақпараттың сезім органдарынан орталық жүйкеге келіп түсетін жүйкелік импульстарының тұрақты тасқыны

Ауытқыған мінез-құлық

әлеуметтік нормалар мен ережелерді қайталап бұзудағы, тұрақты сипаттағы мінез-құлық;

Ауызша сөйлеу 

естіп қабылданатын тілдік құралдар арқылы вербальдық (сөздік) тілдесу. Ауызша сөйлеуге тән сипат – сөйленген хабарламалардың жекелеген құрамдастары бірінен соң бірі туындайды және қабылданады.

Афференттік синтез 



функциялық жүйе теориясында шешім қабылдау мақсатымен қоршаған орта және іске қосылатын стимул жөніндегі есте сақталған материалды, мотивацияны, ақпараттарды жинақтау.

Әңгімелесу, әңгіме 

мақсатты бағытталған сұрақтар нәтижесінде, адамдармен қарым-қатынас негізінде ақпарат алудағы эмпирикалық әдіс.

Әлеуметтік психология 

адамдардың әлеуметтік топтарға қосылуынан туындаған мінез-құлық және әрекет заңдылықтарын, сондай-ақ осы топтардың өздерінің психологиялық сипаттамаларын зерттейтін психология саласы.

Әділдік

моральдық сана ұғымы. Әділет қоғам өміріндегі жекелеген адамдардың атқаратын ролі мен олардың әлеуметтік орны арасындағы, қылмыс пен жаза, адамдардың абыройы мен оның сыйақысы, құқықтар мен міндеттер арасындағы арақатынасты бағалайды.

Әдет 



жеке адамның өмірінде тұрақтанып қалыптасқан, бойына дарып үйреншікті болып кеткен қылық, адамның санасына тәуелсіз түрде қажеттілігіне айналып, қалыптасып кеткен тұрақты дағды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет