Кіріспе сабақ.Информатика кабинетіндегі қауіпсіздік техникасының ережелері
Информатика кабинетіндегі қауіпсіздік техникасының ережелері Жалпы қауіпсіздік талаптары:
Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға, розеткаларға, штепсельдің айырына, штекерге тиісуге тыйым салынады.
Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныпқа кіруге және сыныптан шығуға болмайды.
Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныпта жүруге болмайды.
Дербес компьютерде су киіммен және су қолмен жұмыс істеуге болмайды.
Корпусы мен сымдарының бүтіндігі бұзылған дербес компьютерде жұмыс істеуге тыйым салынады.
Үстелге, дербес компьютердің жанына сумка, портфель, кітап қоюға болмайды. Үстелде тек дәптер мен қалам ғана жатуы керек.
Пернетақтаның үстіне ештеңе қоюға болмайды.
Компьютер сыныбында жүгіруге, ойнауға, жолдастарыңның көңілін қажетсіз аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады.
Дербес компьютермен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптары:
ЭЕМ-да жұмыс істеу кезінде көздің экраннан ең қолайлы қашықтығын (60-70 см) сақтау керек. Мүмкін қашықтық – 50 см.
Келушілер кіргенде оқушылардың орнынан тұруының қажеті жоқ.
Көз талғанда немесе шаршағанда орнынан тұрмай көзді дем алдыратын бірнеше жаттығу орындау керек.
Оқушылар электр тогымен зақымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін, өрт сөндіргішпен жұмыс істеу және өрт сөндіру әдістерін білуі керек.
Оқушылар көзді дем алдыру жаттығуларын білуі керек.
Дербес компьютерде жұмыс істеуді бастау алдында қойылатын қауіпсіздік талаптары:
Дербес компьютер электр тогына қосылмаған жағдайда сымдардың, Дербес компьютердің корпусының бүтіндігін және айыру (изоляция) бұзылмағанын қарап шығып, олардың дұрыс жағдайда екендігіне көз жеткізу керек.
Жұмыс кезінде оларға тие бермеу үшін, сымдар салбырап тұрмауына көңіл бөлу керек.
Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керек.
Апат жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары:
Дербес компьютерде жұмыс істеу барысында ақауларын байқағанда, түтін немесе әдеттен тыс дыбыстар пайда болғанда жұмысты тоқтатып, аппаратураны өшіру және оқытушыға хабарлау керек.
Қажет болса, электр тогымен зақымданғандарға алғашқы көмек көрсете білу керек.
Компьютер сыныбында өртті сумен өшіруге болмайтынын білу керек. Мұнда құмды немесе көбікті өрт сөндіргішті пайдалануға болады.
Егер зақымданған адам электр тогының әсерінде болса, оны жалаңаш қолмен ұстауға болмайтынын білу керек. Зақымданушыны электр тогын өткізбейтін материалдарды пайдаланып босатуға болады.
Дербес компьютерде жұмысты аяқтау қауіпсіздігінің талаптары:
Аппаратураны оқытушының нұсқауымен өшіру керек.
Жұмыс орнын ретке келтіру керек.
Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керек.
Алғашқы медициналық көмек көрсету әдістері Электр тогымен зақымданғанда көмек көрсету:
Компьютерде көзге көрінерлік ақаулықтардың жоқ екеніне көз жеткізуге, ондай болған жағдайда бұл жөнінде мұғалімге хабарлауға және өзі жөндемеуге.
Машиналық уақытты есептеу журналында жұмыстың басталған күні мен уақытын, аты – жөні мен сынып атауын және де жұмысты бастар алдында байқаған ақаулықтарды жазуға.
Жұмысқа мұғалімнің нұсқауымен ғана кірісуге міндетті.