Жеке қорғаныс құралдарында қолданылатын анықтамалар • амортизатор – жоғарыдан құлаған кезде ұлғаятын кинетикалық энергияны бәсеңдетуге арналған сақтандыру жүйесінің компоненті немесе жеке бөлшек;
• биологиялық фактор – бактериялық препараттар мен олардың компоненттерінің құрамында кездесетін микроағзалар-продуценттер, тірі жасушалар мен споралар; жұқпалы ауруларды қоздыруы мүмкін патогендік микроағзалар мен вирустар; ағзаға және тері қабатына әсер еткен кезде немесе ағзаның ішіне түскен кезде денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін өсімдіктер, жәндіктер, өрмекші тұқымдастар, жануарлар;
• зиянды фактор – адамға әсер еткен кезде оның ауруына немесе денсаулығының нашарлауына әкеп соғатын фактор;
• жеке қорғану құралдарының қорғау әрекетінің уақыты – зиянды немесе қауіпті фактордың әсер етуі жағдайында пайдаланушы жеке қорғану құралдарын қолдана бастағаннан бастап зиянды немесе қауіпті фактордың пайдаланушыға әсер ету деңгейі белгілі бір шарттарда белгіленген нормативтерден асып кеткен, ал белгілі бір шарттарда механикалық әсер еткен жағдайда жеке қорғану құралдарының құрамдас бөліктері тұтастығының бұзылуына әкелген жағдай туындаған сәтке дейінгі уақыт кезеңі;
• жеке қорғану құралдарын газсыздандыру – жеке қорғану құралдарын зиянсыз ету (бейтараптандыру, сұйылту) немесе олардан қауіпті химиялық заттарды алып тастау;
• жеке қорғану құралдарын дезинфекциялау – жеке қорғану құралдары мен оларды құраушы бұйымдардан бактериялық ластануды алып тастау (азайту);
• жеке қорғану құралдарын дезинсекциялау – жеке қорғану құралдары мен оларды құраушы бұйымдардан бунақ аяқтыларды алып тастау (азайту);
• жеке қорғану құралдарын құраушы бұйымдар – дайындаушы іске асыруға (пайдалануға) дайын күйінде жеке қорғану құралдарымен бірге немесе олардан бөлек, таңбасымен және пайдалану жөніндегі нұсқаулықпен бірге жеткізетін жеке қорғану құралдарының алмалы-салмалы құрамдас бөліктері;
• жеке қорғану құралының құрамдас бөлшегі – жеке қорғану құралын жинақтауға арналған, оның тұтастығын бұзбай бөлшектене алатын және жеке қорғану құралын құрастыру үшін қайтадан пайдаланыла алатын жеке қорғану құралының функционалдық жеке бөлігі (оның ішінде материалы);
• жеке қорғану құралдарын зарарсыздандыру коэффициенті – жеке қорғану құралдарының зарарсыздандыруға дейінгі және одан кейінгі радиоактивтік ластану деңгейінің арақатынасы;
• радиациялық фактор – адам ағзасының ішіне өткен және терісінің бетіне тиген сыртқы иондаушы сәулеленудің және (немесе) радиоактивті заттардың әсері;
• регенеративті патрон – тыныс алу органдарының жеке қорғану құралдарының оқшаулаушы үлгідегі, іске қосылған кезде оттегі мен сіңіргіш көміртек диоксидін және су буын бөлетін, құрамында химиялық заттары бар құрамдас бұйымдары;
• регенеративті өнім - регенеративті патронның іске қосылу процесінде оттегі бөле отырып, көміртек диоксидін және су буын сіңіруді қамтамасыз ететін химиялық зат;
• дәнекер элемент (карабин) – тұтынушыға өзін тікелей немесе жанама түрде тірекке жалғау үшін сақтандыру жүйесін қосуға мүмкіндік беретін құрамдас бөліктерді қосуға арналған ашылатын құрылғы;
• тыныс алу органдарының сүзуші жеке қорғану құралы – пайдаланушы қоршаған ортадан дем алатын ауаны тазалауды қамтамасыз ететін тыныс алу органдарының жеке қорғану құралы;
• сақтандыру жүйесі – сақтандыру арқаны мен сақтандыру үшін жалғанатын шағын жүйеден тұратын жоғарыдан құлаудан қорғайтын жеке қорғану құралы;
• жеке қорғану құралдарын қорғау коэффициенті – жеке қорғану құралының адамға зиянды немесе қауіпті фактордың тигізетін әсерінің деңгейін төмендету есесі;
• өту коэффициенті - тыныс алу органының жеке қорғану құралының беткі бөлігінің астындағы тест-зат концентрациясының сынауышта айқындалатын сынаудың белгіленген шарттарында сынау камерасының ауасындағы тест-зат концентрациясына пайыздық арақатынасы арқылы көрсетілетін көрсеткіш;