Орындаған: Юлдашев Жандос. Бексаутов Өмірзақ. Туулбек Нұрсұлтан. Алдаберген Бекжан. Иляс Бекарыс


-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар



бет3/10
Дата19.02.2022
өлшемі5,42 Mb.
#132446
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
«Аудиторлық қызмет» туралы, «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңдарын меңгеру
Психология пәні бойынша емтихан сұрақтары, Психология пәні бойынша емтихан сұрақтары, Психология пәні бойынша емтихан сұрақтары, Психология пәні бойынша емтихан сұрақтары, Ем нұсқа26

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар


1) бұзушылықтар – Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына, сондай-ақ оларды іске асыру үшін қабылданған мемлекеттік аудит объектілерінің актілеріне қайшы келетін іс-әрекеттер (әрекеттер немесе әрекетсіздік);
2) бұзушылықтар сыныптауышы – құқықтың бұзылған нормалары және оларға сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылық түрлерi көрсетiле отырып, мемлекеттік аудит барысында анықталатын бұзушылық түрлерiнiң тiзбесiн, сондай-ақ осы бұзушылықтарды жою тәсiлдерiн қамтитын құжат;
3) квазимемлекеттік сектор субъектілері – мемлекеттік кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, оның ішінде құрылтайшысы, қатысушысы немесе акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ еншілес, тәуелді және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалар;
4) кемшіліктер – бұзушылықтарға жол беру мүмкіндігіне жағдайлар (бұзушылықтардың туындау тәуекелін) жасайтын іс-әрекеттер (әрекеттер немесе әрекетсіздік);
5) қаржылық бақылау – мемлекеттік аудит барысында анықталған бұзушылықтарды жоюға бағытталған қызмет;
6) мемлекеттік аудит – тәуекелдерді басқару жүйесіне негізделген, бюджеттік қаражатты, мемлекет, мемлекеттік аудит объектілерінің активтерін, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен, оның ішінде бюджетті атқаруға байланысты басқа қызметпен тартылатын қарыздарды басқару және пайдалану тиімділігін талдау, бағалау және тексеру;
7) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілері (бұдан әрі – мемлекеттік аудит объектілері) – мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор субъектілері, сондай-ақ бюджет қаражатын алушылар;
8) мемлекеттік аудитор – мемлекеттік аудитті және (немесе) қаржылық бақылауды жүзеге асыратын, мемлекеттік аудитор сертификаты бар мемлекеттік қызметші, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қызметшісі;
8-1) мемлекеттік аудитордың ассистенті - мемлекеттік аудитке қатысуға құқығы бар, бухгалтерлік есепке алу, қаржылық есептілік және аудиторлық қызмет саласында кәсіптік білімі бар мемлекеттік қызметші, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қызметшісі және мемлекеттік органның құзыреті шегінде өзге саладағы (қызмет аясындағы) маман;
9) мемлекеттік аудиторлардың кәсіби әдеп қағидалары (бұдан әрі – Кәсіби әдеп қағидалары) – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган бірлесіп әзірлейтін және бекітетін мемлекеттік аудиторлардың мінез-құлқының әдеп қағидаларының бірыңғай жиынтығы;
10) электрондық мемлекеттік аудит – ақпараттық технологияларды қолдану арқылы қашықтықтан жүзеге асырылатын мемлекеттік аудит.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет