1. Мемлекеттік аудитке және қаржылық бақылауға қойылатын талаптар мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарында айқындалады.
2. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттары мыналарға бөлінеді:
1) халықаралық стандарттардың негізінде әзірленетін және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметіне қойылатын негіз қалайтын талаптарды қамтитын мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың жалпы стандарттары.
Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың жалпы стандарттарын Есеп комитеті әзірлейді және Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді;
2) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізуге (рәсіміне, тетігіне және әдістеріне) және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметіне қойылатын рәсімдік талаптарды қамтитын мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттары, олар:
Есеп комитеті мен ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган бірлесіп әзірлейтін және бекітетін мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттары;
Есеп комитеті әзірлейтін және бекітетін сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттары болып бөлінеді. Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын әзірлеу мен бекіту тәртібін Есеп комитеті айқындайды;
Есеп комитетімен келісу бойынша ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін ішкі мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттары болып бөлінеді.
Тиімділік өлшемшарттары сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларында айқындалған тәртіппен аудит объектісінің қызметін алдын ала зерделеу кезеңінде аудит объектісімен талқыланады.
3. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары, мемлекеттік аудит жүргізуге тартылған жеке және заңды тұлғалар қолдануға міндетті.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ішкі аудит стандарттары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірленеді және бекітіледі.