ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ АЛҒАШҚЫ ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫ
•
Сөздікте» қамтылған әрбір тарауды бастамас бұрын әуелі Жаратушыдан медет тілеп, «Аса Қамқор, ерекше
Мейірімді Алланың атымен бастаймын», деп мінажатпен кірісетін болған. Ал кезекті тарауға нүкте қойылар тұста,
Алла-Тағаланың көмегімен тағы бір ісінің соңына келіп жеткеніне шүкіршілік айтып отырған екен.
Осы кітабы туралы Қашқаридың өзі: «Түркі тілін үйренудің қажеттілігін өмір талабы мен ақыл таразысы әбден
дәлелдейді. Түрік, түрікмен, оғыз, жігіл, яғма, қырғыздардың сөздері мен сөйлеу мәнерлерін зерттеп, қажеттісін
пайдаландым. Әрқайсысының тілі мен салты санамда әбден қалыптасты. Соларды мұқият зерттеп, арнайы
әліппелік тәртіпке келтірдім. Мәңгілік ескерткіш әрі таусылмас әдеби-көркем мұра боп қалсын деген ниетпен
түркі елдерінің сөздігін жасап, кітапқа «Түркі сөздерінің жинағы» деп ат қойдым. «Жинақты» сегіз бөлімге
топтастырдым. Әрбір тайпаның тілінен сөз жасауға болатын түбір сөздерін ғана алдым. Түркі халықтарының бәйіт-
жырлары мен мақал-мәтелдерінен мысалдар келтірдім. Бұл кітапты пайдаланғандар кейінгілерге, олар өздерінен
кейінгілерге жеткізсін деген ниетпен тағы біраз табылмайтын тіркестерді пайдаландым», - деп жазған екен.
•
Махмұт Қашқаридың «Түркі сөздігінен» басқа «Китап-и-
джавахир ан-нахв фи луғат ат-түрік», яғни «Түркі тілдері
синтаксисінің құнды қасиеттері туралы» атты еңбегі
болған, бірақ кітап біздің заманымызға жетпестен
жоғалып кеткен екен.
•
Қожа Ахмет Яссауидің «Диуани хикметі» – тек сопылық
әдебиеттің көрнекті ескерткіші ғана емес, түркі халықтарының
ежелгі рухани ескерткіштерінің бірі болып табылады. Яғни Қожа
Ахмет Яссауидің «Диуани Хикмет» еңбегін біз Махмұд
Қашғаридің «Түркі тілдерінің сөздігі», Сайф Сараидің «Түрікше
Гүлстаны», Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігі», Ахмет
Жүйнекидің «Ақиқат сыйы», Сүлеймен Бақырғанидің «Бақырған
кітабы» т.б. түркі ренессансы дәуіріндегі аса танымал туындылар
қатарына жатқызамыз.
ҚОЖА АХМЕТ ЯССАУИДІҢ “ ДИУАНИ
ХИКМЕТІ “ ЖӘНЕ ОНЫҢ АУДАРМАЛЫҚ
ЕРЕКШЕЛІГІ
«Қожа Ахмет Яссауидің «Диуани Хикмет» және басқа да
еңбектері қазақ даласына қашаннан бері қаншалықты
деңгейде танымалдыққа ие болып келді? Күні бүгінге дейін
«Диуани Хикметті» кімдер тәржімалады?» деген сұрақтар
төңірегінде біраз мәліметтерге тоқталуды жөн көрдік.
Адамзат қоғамы өзінің сан мың жылдық даму кезеңдері
барысында жаңа рухани биіктерді бағындырып отырды.
Сонымен қатар тарихи, геосаяси, климаттық және т.б.
факторларға байланысты қол жеткізген рухани биіктігінде
тоқыраулар мен күйзелістердің де жиі орын алып отырғаны
белгілі
«Қожа Ахмет Яссауидің «Диуани Хикмет» және басқа да
еңбектері қазақ даласына қашаннан бері қаншалықты
деңгейде танымалдыққа ие болып келді? Күні бүгінге дейін
«Диуани Хикметті» кімдер тәржімалады?» деген сұрақтар
төңірегінде біраз мәліметтерге тоқталуды жөн көрдік.
Адамзат қоғамы өзінің сан мың жылдық даму кезеңдері
барысында жаңа рухани биіктерді бағындырып отырды.
Сонымен қатар тарихи, геосаяси, климаттық және т.б.
факторларға байланысты қол жеткізген рухани биіктігінде
тоқыраулар мен күйзелістердің де жиі орын алып отырғаны
белгілі.
Ұлы Дала төсіндегі түркі халықтары өмірінде ҮІІІ ғасырдан
бастап Ислам дініні маңызды факторға айналды. Тарихтан
белгілі, 961 жылы Қарахан мемлекетінде ислам мемлекеттік
дін деп жарияланғаннан бастап, бұл үрдіс тіпті қарқын
алғаны белгілі. Ежелден бір құдайлықты қолай көрген
тәңіршіл түркілердің ендігі өмір сүру салты исламмен тығыз
байланыста болғанымен, жалпы ислам, соның ішінде Орта
Азиядағы түркілік ислам ХІІ-ХІІІ ғасырларда рухани
тоқырауды бастан кешірді. Бұл ислам дінінің өз ішіндегі
консервативті бағыттардың күш алуы мен Ислам әлеміне
Батыс пен Шығыстан қатар жасалған шапқыншылықтарына
байланысты еді. Осы кезең туралы Қожа Ахмет Яссауи
хикметтерінде біршама айтылады..
Достарыңызбен бөлісу: |