. Олардың жасаған ерлігі мен ақылды қадамдары, парасатты да ойлы шешімдері бүгінгі күні де өз маңызын жоғалтпаған. Оларды тани отырып, бүгінгі қыз балалар, апайларымыздың парасаттылығы мен, ар-ұятты жоғары қойған мінездерін үлгі етері шындық.
Әйелдің қоғамда, отбасында алатын орны, атқарар рөлі өте үлкен.Ана — ақылшы, тәрбиеші, үйдің береке – ырысы ғана емес, ол ел мен елді елдестіруші, араздықты бітістіруші. Ана — әрбір адам баласы үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз. Адамзат баласы алғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр алады, ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеді. Еліміздегі демографиялық жағдай баршаңызға белгілі, ал бүгінгі күні көп отбасылар 1-2 немесе 2-3 балалары бар отбасылар. Ұлан байтақ жерімізде қарағөздеріміздің саны көп болса жақсы ғой. Бүгінгі таңда көп балалы аналарды құрметтеуде. Оларға алтын алқа, күміс алқа деген медальдар беріп, қошемет көрсетеді. Ауданымызда 509 Ана алтын күміс алқа медальдарына ие болса, Чкалов ауылымызда 48 Ана атаулы медальдарға ие. Осыдан ескеретін жайт, әлі де бір үлкен мәселе, ол айлық жәрдемақысы 12863 тенгені ғана құрайды екен. Әрине ол тым аз. Тағы бір ауылымыз бойынша назар аударған жайымыз ол 2015жылғы қараша айы бойынша ақпарат Күміс, Алтын алқа Аналарымыз:
1920-1930жж туылғандардың, яғни 95-85 жастағы ананың 4-і медаль иегерлері;
1930-1940жж туылғандардың, яғни 85-75 жастағы ананың 13-і медаль иегерлері;
1940-1950жж туылғандардың, яғни 75-65 жастағы ананың 13-і медаль иегерлері;
1950-1960жж туылғандардың, яғни 65-55 жастағы ананың 8-і медаль иегерлері;
1960-1970жж туылғандардың, яғни 55-45 жастағы ананың 6-і медаль иегерлері;
1970-1980жж туылғандардың, яғни 45-35 жастағы ананың 4-і ғана медаль иегерлері.
Яғни, бұл әлі де қарастыратын тағы бір үлкен жобаның бірі болып тұр.
Отбасының құндылығын насихаттау, отбасының мерейін көтеруге бағытталған мемлекеттік «Мерейлі отбасы» бағдарламаның жемісі де мазмұны өте терең. Себебі, отбасы тәрбиесін басқа тәрбие алмастыра алмайды. Ал біздің қоғамдағы тағы бір жаман індет ол өз балаларын тастап кету, өз баласынан бас тарту. Мүмкін түрлі жағдайда байланысты болар, дегенмен егер ұлттық тәрбиені көріп, естіп өскен болса, қыз бала ешқашанда осы атаулы жамандықтарға бармайды. Қазiргi таңда еліміз бойынша 42 мыңдай түрлi жетiмдер бар екен. Аталған 42 мың жасөспiрiмнiң бәрi балалар үйiнде тәрбиеленiп жатқан жоқ. 25 мың бала ел азаматтарының қамқорлығына алынған, 15 мың бала денсаулық сақтау, халықты әлеуметтiк қорғау, бiлiм беру жүйесiнiң ұжымдарында тәрбиеленуде. Осы 15 мың баланың 2 мыңнан астамы ғана жетiмдер, қалғанының ата-аналары бар екен. Тарихта талай тауқыметтi өткерген бiздiң халқымыздың басында мұндай сұмдық бұрын-соңды болып көрмеген. Тәртiп бұзушылардың санын көбейтушiлердiң бiрсыпырасы да жетiм балалар екендiгi құпия емес. Ең қиын қасiрет - адамдардың бiр-бiрiне деген мейiрiмiн жоғалтып, тағылық сезiмге бой алдырғанында. Сотталғандардың әрбiр жетiншiсi жасы кәмелетке толмаған жетiм балалар...
Әлем бiздi құрметтесiн десек, өз ұлтымызды және ұлттық бейнемiздi, алдымен, бiздiң өзiмiз бар сезiмiмiзбен, ақыл-ойымызбен, iсiмiзбен, бүкiл қимыл-әрекетiмiзбен құрметтеуiмiз керек. Өзiнiң ұлттық бейнесiн таба алмаған ұлттардың басқа ұлттарға жем болатынын, табан астында тапталатынын естен шығармайық. Тек өзiнен кейiнгiлердi ойлай бiлетiндер ғана ұлттарды өмiр сүру және алға басу мүмкiндiктерiне жеткiзе алады. Ұлтжандылық сезiм атаулыны ұлтшылдыққа таңып, ұзақ уақыт санаға тұзақ құрудың салдарынан бiз ұлттық ынтымақтан айрылдық. Сондықтан, бiз ұлттық сана мен ұлттық ынтымақ бағытындағы тәрбие көптік етпейді. Тұл Жетім — ата-анасының екеуi де немесе жалғыз басты ата-анасының біреуінің қайтыс болуы тұл жетім деп аталады. Қазіргі таңда әлеуметтік жетім тұл жетімге қарағанда 80 пайызды құрап отыр. Қалған пайызы ғана тұл жетімдер.Бүгінде республика бойынша жетім және әлеуметтік жетімдер саны 42000-ға жетіп отыр. Бұл сан мұнымен ғана шектеліп қана қоймай жыл сайын 8 мыңға толығатын көрінеді. Сондай-ақ балалар үйлерінде және білім беру жүйесінің басқа да ұйымдарында 11612 бала болса, олардың тек 2106-сы тұл жетім. Қалған 9506 баланың ата-анасы бар. Яғни, әлеуметтік жетімдер. Әлеуметтік жетімдіктің негізгі себептері:
• отбасы рөлінің төмендеуі; ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігінің төмендеуі;
• отбасының, әсіресе, жас отбасының материалдық - тұрмыстық қиындықтарға төзе алмауы, жеңе алмауы;
• отбасылық тәрбие құндылығының тиісті деңгейде насихатталмауы;
• балалар мен ата-ананың денсаулық жағдайы; некесіз бала туудың өсуі;
• ажырасу санының артуы; т.с.с
Осы себептен өзекті болып тұрған әлеуметтік жағдайды дұрыстаудың бірден бір жолы ол балаларды ұлттық тәрбиемен сусындандыру. Әрине ол мултьфильмдер, шағын кинолар, үйретушілер дисктер, үйірмелер көптік қылмайды. Сонда ғана жағдай дұрысталады. Соын көрген, естіген, өз қолымен жасаған 10 қыздың 1-2-інің түсініп, есінде қалса да игі іс болады.
Статистика жөніндегі агенттіктің мәліметі бойынша, елімізде 4 млн. 300 мың отбасы болса, олардың орташа құрамы 3,5 адамнан келеді екен. Ал жеті, одан да көп мүшесі бар отбасылар небәрі 8 пайызды құрайды. Қазақстанда соңғы 5 жылда некеге тұрғандар саны 683 мыңға жетсе, 179 800 ажырасу тіркелген. Яғни, некеге тұрушылар 14,4, ал ажырасушы жұптар 21,6 пайызға артқан. Осы уақыт аралығында дүниеге келген баланың 20 пайызы некесіз туған. Меніңше, әр ерлі-зайыпты жұптың баланың болашақ тағдырына жауапкершілікпен қарамауы, сондай-ақ бала алдындағы ата-аналық парыз бен азаматтық сана-сезімінің төмендеп кетуі әлеуметтік жетімдіктің негізгі себебі болуда.. Әрине, адам қашанда өзі жасаған іс-әрекетін өзінше ақтайды. Бірақ, әрбір отбасында әке мен шешенің рөлі, мәртебесі қашанда түпкі темірқазық болып табылатынын ұмытпау керек. Әрбір бала өзінің мүдделеріне қайшы келетін жағдайларды қоспағанда, отбасында өмір сүруге және тәрбиеленуге, өз ата-аналарын білуге, олардың қамқорлығында болуға және олармен бірге тұруға құқылы. Осының өзі ойландыратын жайт. Неге тыныштық, дамыған заманда осындай жайттар әлі де кездесуде. Чкалов ауылы бойынша соңғы 2 жылда екі ана ата-ана құқығынан шектелген, ал биылғы жыл бойынша 3 отбасы сәтсіз отбасы нашар деген тіркеуде тұр. Ауданымыз бойынша ата-ана құқығынан айыру соңғы 2 жылда 25 факт тіркелген. Осының бәрі ойландыратын өзекті мәселе болып тұр. Саны көбеймеуге кім кепіл?? Сондықтан ертеден қамтамасыз ету керек, мектеп партасынан отбасы жауапкершілігі мен міндеті, ар-ұят пен намыс туралы көптеген іс-шаралардың маңызы зор. Тарихтағы аяулы аруларымыздың ерлігі мен парасаттылығын жауапкершілігін үлгі етіп отырсақ өте жақсы болады деп ойлаймыз.
«Сан ғасырлық тарихымызда ел бірлігі үшін басын бәйгеге тігіп, жерін қорғау үшін атқа қонған, бір ауыз сөзбен билік айтқан дана, батыр және шешен әйелдер туралы деректер баршылық. Дегенмен, жазба деректер, нақты фактілер қамтылған құжаттар бүгінгі заманға толық күйінде жеткен жоқ. Алдағы уақытта мұндай құнды деректерді әлем елдерінің мұрағаттарынан, өз еліміздегі дерек көздерінен жинастырып, ұрпақ игілігіне ұсынсақ деген ойымыз бар»,-деп 2015жылғы маусым айындағы Еуразия университетінде мемлекеттік хатшымыз айтқандай әлі де деректер толығымен ашылмаған, соны зерттеп, өскелен ұрпақ бойына сіңіру, үлгі етіп дәріптеген кезде жақсы болары сөзсіз.
Нәзік жандылардың қоғамда алатын орны ерекше маңызды. Қазақ аруларыда ерте заманда тек отбасының жағдайын ғана жасап қоймай, дәстүрлі мәдениеттің бесігін тербетіп, рулы елдің қамын жейтін ел анасы деңгейіне көтеріле білген. Бүгінгі таңда әйелдер ер адамдармен бірге тізе қосып, елімізді көркейту мақсатында ерен еңбек етуде. Бүгінгі күні әйелдің барлық салада қызмет етуі заман өзгерісіне орай заңды құбылыс.
Тайынша ауданы бойынша 45880 мың адам соның ішінде, әйелдер саны 23302 мың адамды құрайды, яғни 50,8% әйелдер. 2015 жылғы 1 қазан бойынша деректер мемлекеттік қызметте барлығы 193 адам, оның ішінде әйелдер саны -129, яғни 66% құрайды. Аудан әкімінің орынбасары және ауыл әкім қызметінде - 3 әйел адам. Ауданымыздағы 2 газет редакторлары да әйел адамдар. Облыстық депутат – 1 әйел адам, аудандық бөлім басшылары қызметінде - 3. Облыстық депутат Актаева Мархаба Ермековна және 2 әйел адам аудандық маслихат депутаттары: Валяева Л.П. Потапова М.И. Аудандық білім бөлімі бойынша барлығы 1267 мың мұғалім, оның ішінде 1006 әйел адам, яғни 79,4% құрайды. Мектеп директорлар саны 58, оның ішінде 38 әйелдер, яғни 65,5% құрайды. Денсаулық саласы бойынша 705 адам, оның ішінде 523 әйел адам,яғни 74,1% пайызын құрайды. Ауданымыздың прокурор орынбасары да әйел адам. Жол картасы бойынша биылғы жылы 10 кәсіпкер әйел, барлығы 28 миллион тенгеге несие алған. Барлық ауданымызға жол картасы бойынша бөлінген несиенің 43% пайызын әйел кәсіпкерлер алды.
Чкалов селолық округ бойынша барлығы 4764 мың адам, оның ішінде 2453 мың адам әйелдер, яғни 51% пайызын құрайды. Жеке кәсіпкерлік ретінде 87 адам тіркелген, оның ішінде 51 әйел адамдар, яғни 59% пайызын құрайды.
Осы деректер негізінде жалпы біздің өңір бойынша мемлекеттік басқаруда болсын, жеке кәсіпкерлікте болсын әйелдердің үлес салмағы ер азаматтардан кем еместігін көріп тұрмыз. Ауылымыздағы басшы, кәсіпкер әйелдермен кездескен кезде олар аяулы Ана, сүйікті әже, үйдің ұйытқысы екендігіне көзіміз жетті. Яғни бүгінгі таңда, әйел адам өз жасап жатқан қызметімен қатар, жанұя міндетін абыройлы атқарып келеді.
Қорытынды.
3.1.Тарихтағы әпкелеріміздің даналығы мен елеулі ісі, бүгінгі қыздарға үлгі.
ХVІІІ-ХІХ ғасырдағы қазақ тарихындағы қыздар — халқына қанатымен су сепкен қарылғаштай қызмет еткен қазақ халқының біртуар қыздары. Олар ел мүддесін көздеп, өз заманынын ғана емес қазіргі уақытта үлгі болатын тұлғалар. Қазақ халқының басына төнген қасіретті патша үкіметінің зымиян саясатынан екендігін түсіне білген олар бар болмысымен қарсы бола тұрса да, ел бірлігі мен тұтастығын, ағайын арасындағы алауыздық әрекеттерге тосқауыл қоюда көрегендік таныта білген. Қазақ халқының қайта өрлейтіндігіне, өз елінің жарқын болашағына анық сенген қазақ қыздарының арманы жүзеге асты деп ойлаймын. Аумалы-төкпелі заман ырқымен Ресей құрамына енген елінің ертеңі үшін, туған жерінің тағдыры мен ұрпағы үшін алаңдады. Сол үшін өткеннің өнегесін тірілтуге талпынды. «Біз етек-жеңін ежелден жинаған елміз, билікті сыйлап, шешендікті бағалап, ұлыларды даралай білген елміз. Біз тексіз емеспіз, жесірімізді жылатпайтын, жетімімізді шетке қаңғытпайтын елміз»,-деп сыр шертеді сол заманның қазақ қыздарының тұлғасы. Демек, сол замандағы қазақ арулардың ел бірлігін сақтау жолындағы еңбектерін, олардың ұрпақ алдында атқарған толағай істерінің бір тарауы деп қабылдасақ артық болмас деп ойлаймын. Қазақ батыр аруларның, ханшайымдарының өмірінен алынған деректерді зерделесек, олардың жанының кеңдігі мен жаратылысының тазалығын аңғартатын аңғарамыз. Кешегі кемеңгер бабаларымызбен қатар ақ жаулықты аналарымыздың өмірлік ұстанымынан туған даналық ойлар мен пікірлер бүгінгі ұрпақ үшін рухын қанаттандырып, ойын да, бойын да қалыптастырып отыратын үлкен күш болары сөзсіз. Ұлт пен ұлыстың өткені мен болашағын қателеспей болжаған, әр ұрпағының иығына түсер жауапкершілік жүгін айқындаған, адам мен заман, ұлт пен қоғам арасындағы қатынасты пайымдап өмір кешкен қазақ қыздардың бейнесі қай ұрпаққа да өнеге болары ақиқат. Аты тарихта қалған бұл тұлғалардың атқарған әрекеті құндылықтарға толы, көзқарасы заманауи жетістіктермен сабақтаса дамып, бүгінде маңызын жойып отырған жоқ. Өлшеусіз баба мұрасын насихаттауда біздің таңдаған тақырыбымыз тарихи тұлғалардың қатарында қазақ мақтанышы деп тануға тұрарлық дана, көреген, ақылды, батыл ана батыр бола білген қазақ арударымен ханшайымдардың елі үшін атқарған қызметін дәріптеліп, ұлы өнеге мен мақтаныш деп түсінеміз. Сондай-ақ, қоғамдағы үлкен дерттің бірі – ол балалар үйлерінің болуы. Атам заманнан бері қазақ даласында жетімдер үйлері мен қариялар үйлері болмаған. Тек 20 ғасырдың орта шенінен, яғни соғыстың кесірінен бастап ашылған бұл үйлердің күннен күнге сай көбейіп бара жатқаның өзі масқара. Сол балалар үйлеріне өз баласын тастап кеткен қыз бала неге олай жасады? Неліктен бұл мәселе туындады? - деп ойласақ, бәрі қыз баланың кезіңде дұрыс тәрбиенің алмауы деп қорытындылаймыз. Себебі, ұлттық құндылықты өз бойына сіңіріп өскен қыз бала ешқашанда, қандай қиыншылық болса да сабырлық пен төзімділік танытып, оғаш қылықтарға бармайды. Әрине, мұндай көргенсіздіктің өзіндік себептері көп екенін білеміз. Бірақ, ең бастысы тәрбиенің кемшілігі екендігінде дау бола қоймас. Тек өз ұлтын, тарихын, тілін сүйіп, ұлттық құныдылықтарды қастерлейтін адам ғана сонау әлімсақтан мирас болып келе жатқан ата-ананы, үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық, мейірбандық, инабаттылық сияқты ізгі қасиеттердің иесі бола алады. Қыздарымыз осындай ұлтжандылығымен, өздеріне тән нәзіктігімен, сүйкімділігімен және рухани тазалығымен ерекшеленуі тиіс. Ар-намысын жоғары ұстай білген қыз ғана жұрт алдында әрдайым абыройлы сыйлы..
Қазақ тарихындағы қыздар болмысын анықтай, зерделей келе, өзінің ерекше қазақи құндылығымен сипатталып, бағаланып тұрады. Жоғарыда көрсетіліп кеткен, апайларымыздың ерлігі мен еңбегі, қайсарлығы бүнгі күні біздер сияқты өсіп келе жатқан өрімдей қыздарға үлгі болуы тиіс. Әрине әр уақыттың заман ерекшелігі, қоғам талабы мен технологиялық дамуы әрқилы. Дегенмен бір айнымайтын қазына - ол қазақтың ұлттық тәрбиесі. Ендеше, бүгінгі жаһандану заманында сол тарихтағы қыздардың болмысын үлгі етуіміз керек және насихаттай алуымыз керек. Мысалы, қиын қыстау кезіңде ғана, ағасы мен ерінің қасында қоян - қолтық жүріп, жауларына қарсы соғысқа шыға білген бол батыр ханымдар қаншама, ал бүгінгі күні сол ерлікті біздер дұрыс түсініп, батыстын біздің табиғатымызға жат қылықтарды бойымызға сіңірмей, еліктемей, кеңінен наситтау керек. Насихаттау тек сабақ барысында ғана емес, қосымша қыздар әдебі деген үйірме, әр облыс, аудан, ауыл деңгейіндегі көркем өнер үйірмелерінің жұмысы жанданса, арнайы телехабарламалар /әйел қаумына емес өскелен қыз балаға арнайы/, мысалы Астанадағы Қарақат апайымыздың студиясы сияқты мектептер әр өңірде ашылса, қыздар байқауының шарты өзгертілсе, арнайы програмистер жасаған кесте тоқу, ас әзірлеу, қонақ күту т.с.с үйретуші дисктер көбейтіліп шығарылса/ жақсы болары сөзсіз. Қыз тәрбиесіне байланысты арнаулы оқулықтар шығарылуы қажет. Ұлы даланың дана қыздарының бүгінгі жас ұрпағы елдіктің ұраншысы және инабатқа толы өмірдің қозғаушы күші болса екен дейміз.
Ар-ұятты жоғары бағалаған, қоғамды өз орын білген, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білген тарихтағы қазақ арулары біз үшін басты үлгі алатын тұлға. Өз халқын сүйе білген жас адамдардың бойында ұлттық намыс та, ұлттық рух та, жарасымдылық та молынан табылады. Қыздар саналы да тәрбиелі болып өссе, терең білім алса, жоғарыда айтылған өрелі міндет биігінен көрінеріміз хақ.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1.Ахметова Ұ. «Қазақ қыздарының қоғамдағы орны» Қазақ тарихы журналы, №2,2002, 54- бет.
2.Е.К.Мейендорф «Путешествие из Оренбурга в Бухару», Қазақ тарихы журналы, №2,2002, 55- бет.
3.«Қазақстан тарихы» оқулығы Автор: Қабылдинов Алматы «Атамұра» баспасы, 2008ж 26-27 беттер
4. Қазақстан энциклопедиясы 1,2,3 томдар.
5. «Қазақстан тарихы көне заманнан бері бүгінге дейін» Алматы «Атамұра» 1996ж, ІІІ - томы.
6.Махамбет Өтемісұлы: «Ай заман-ай заман-ай…», І-том,115-235бб
7. «Қазақстан әйелдері» журналы 2014ж № 3,6
8. «Жалын»журналы, 2008жыл№ 4 23-25бб
9. А.И.Левшин «Қырғыз –қайсақ ордалары жазбаларынан» Қазақ тарихы журналы, №4,2007ж,40бет
Достарыңызбен бөлісу: |