Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданы
«№2 Чкалов орта мектебі» КММ
Орындағандар:
8 сынып оқушылары Бақыт Жанель,
Дондых Құндыз
Ғылыми жобаның тақырыбы:
«Қазақ тарихындағы қыздар болмысы» (жаңа заман тарихы кезеңі)
Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар
саяхат маршруттары.
Секциясы: Тарих
Ғылыми жоба жетекшісі:
Шырылдакова Шолпан Негметовна
тарих пән мұғалімі
Тайынша қаласы 2015жыл
ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
Абстракт _________________________________________________3-4 бет
І. Кіріспе бөлімі __________________________________________5-6 бет
ІІ. Негізгі бөлімі _________________________________________7-23бет
2.1. Қазақ тарихындағы қыздар болмысы______________________7-10бет
2.2. ХVІІІ-ХІХ ғасырдағы қазақ қыздарының тарихтағы алатын орны11-16б
2.3. Қоғамдағы қыздар болмысының ерекшелігі мен маңызы ____17-23бет
ІІІ. Қорытынды __________________________________________24 – 25 бет
3.1. Тарихтағы әпкелеріміздің даналығы мен елеулі ісі, бүгінгі қыздарға үлгі.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі _____________________________ 26 бет
Абстракт
Зерттеудің жұмысының мақсаты:
ХVІІІ - ХІХ ғасырдың қазақ аруларының қоғамдағы орны мен бүгінгі қыздар үшін үлгі болатындай жасаған ерлігі мен бойындағы қасиеттері турасында деректер жинау, зерттеу, насихаттау арқылы, бүгінгі таңдағы қыз бала тәрбиесі үшін, әлеуметтік мәселелерді шешудегі бірден – бір тиімді жолы екендігін көрсету.
Зерттеудің жұмысының міндеттері:
- Тарихи деректерге шолу жасау, талдау сараптау
- ХVІІІ-ХІХ ғасырдағы қыздар бойындағы қайсарлық пер өжеттілікті айқындау.
- Ұлттық тәрбиенің қыздар болмысында ерекше орын алатынын дәлелдеу.
- Әр қазақ қызының бойына «қазақ қызы» атауына сыйатын қасиеттерді сіңіру.
Зерттеу жұмысының ғылыми гипотезасы:
ХVІІІ - ХІХ ғасырдағы қазақ қызының бейнесі жан-жақты ашылып ерекше тұлға ретінде қарастырылады, онда болашақта тарихи тұлғаларды таныстыру бағыттарын айқындалады; жоба кейіпкерінің мінез құлқы үлгі болады. Қыз бала бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру арқылы әлеуметтік жағдай жақсарады.
Зерттеудің жұмысының әдістемесі:
ХVІІІ – ХІХ ғасырдың қазақ қызының бейнесін ашуда баспасөз бетінде жарияланған мақалалар, архив қоры мен қолжазба қорындағы материалдарды, тарихи генеологиялық және тарихи - типологиялық талдау
жасау үшін орыс, отандық, шетел зерттеушілер мен тарихшылардың еңбектеріндегі деректер пайдаланылды.
Зерттеудің жұмысының өзектілігі:
Зерттеу барысында қазақ тарихындағы қыздар бейнесі батырлық, қайсарлық, әдеп пен ибалы бейнесінің тарихи тұрғыдан зерттеледі, қазақ қызының тарихтағы орын түсініп, өскелең қыздарға үлгі ретінде ұсыну арқылы қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешуге ықпалын тигізеді.
Жұмыстың нәтижесі және қорытындысы:
Тарихтағы қазақ қызы бейнесі – Қазақ елінің тарихында білімді, көзі ашық, көкірегі ояу абзал тұлғалармен қатар аналардың болғандығын, олардың да елі үшін атқарған қызметін, алған орынын көрсеттік; Тарихта есімдері аталған тұлғалардың қатарында қазақ қыздары да ұлт мәртебесімен мақтанышы деп тануға болғандығын нақты деректермен дәлелдедік.
Қазақ тарихында қыздар тәрбиесі мен орнының негізгі атқаратын жауапкершілігі мол бар екендігін түсіндік.
Ұлы даланың тарихта тануға лайық тұлғасы болатын ХVІІІ - ХІХ ғасырдың қазақ арулары жайлы шағын кітапша шығарып және өзіндік жоба негізін тұлғасын танымдық – тәрбиелік шаралар арқылы оқушыларға насихаттадық.
І. Кіріспе
Қазақ халқы ертеден - ақ адамгершілікті ардақтап, ұлттық әдепті жоғары бағалай білген. Отбасында ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейтінін, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейтінін сезінген. Өткен ғасырда өмір сүріп, ұлт тарихында елеулі із қалдырған, халқына ақ тілек жолында бар ғұмырын арнаған абзал аналардың болғандығын сарғайған құжаттар дәлелдеп отыр. Халқымыздың ғасырларға созылған азаттық үшін күресіне өр мінезді аналардың, өжет қыздардың да қатысқандығын, «тәуелсіздік» деп аталатын қасиетті ұғымға үлес қосқандығын деректер арқылы бүгінгі ұрпақ санасына жаңғыртып, жаңартып сіңіру және болашаққа жеткізу борышымыз. Өз тарихымызға деген құрмет пен сүйіспеншілік қағидасын бойға сіңіруге үйрету және үлгі алуға үндеу тарихи тұлғалардың өмірбаяндары мен қызметтері арқылы туған халқы мен Отанына адал да риясыз қызмет ету үлгісіне айналып жүрекке ұялайды. Олардың ойы мен армандарын қазіргі жас тәуелсіз мемлекет - Қазақстан Республикасында жүзеге асуда. Барлық тарихтағы сияқты қазақ тарихында да аталған есімдердің бірін алға шығарып, екіншісін кесіп тастауға болмайды. Олардың арасында тарих өз ризашылығымен бағасын беріп, еліміздің дамуына бар саналы ғұмырын арнаған, саясатқа ерлермен бірдей араласқан, аналық тұлғасы мен іскерлік көрегенділігін көрсеткен Гауһар Бопай, Назым, Айғаным, ханымдарды мақтанышпен атап өтуге болады. Жобамымыздың кейіпкерлері XVІІІ-ХІХ ғасырдың қазақ арулардың тұлғасы арқылы тарихқа құрмет көрсету, елдің азаттығын сақтау, әулеттің бірлігі мен татулығын көз қарашығындай қорғау,туыстық қатынастар желісін үзбей ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру сияқты қасиеттерді үйренудің бүгінгі уақытта маңызы. Ғылыми жоба жұмысында қазақ қоғамының тарихында елеулі орын алатын, ел өмірінің сынға түскен күрделі кезеңінде үлкен көрегенділік танытқан, ағалары мен жарларына қолдау көрсетіп, олардың ісін жалғастырушы саясаткер ретінде танылған тұлғалар туралы мәліметтер беру; еліміздің тәуелсіздікке жетуіне, ұлттық құндылықтарды бойына толығымен сіңіре білген «қазақ қызы» деген атауға лайық, өзінің барлық саналы ғұмырын арнаған қазақ арулардың есімін кейінгі ұрпаққа үлгі ету. Олардың өмірі мен өнегелі істері қазақ тарихында өз орны бар және бүгінгі жаһандану заманда үлгі болатын тұлғалар екендігі анық.
Ғылыми жоба міндеті: халқымыздың есімдері ескірмейтін ұлы перзенттерінің қатарындағы аналардың қоғамдық-саяси қызметтерін насихаттау, өркениетті әлем қатарына ену жолында төл тарихымыздың өткен тәжірибесін жинақтау арқылы келер ұрпаққа үлгі ету, ғылыми құжаттар көшірмелері, ғалымдар пікірлерінен сілтемелер жасау, ізденіс нәтижесімен өзіндік зерттеу жұмысын жүргізіп, ұсыныс дайындау. Қазақстандық қоғамның жаңа тарихының рәсімделулерінде қазақ қыздарының өнегелі істері мен өткен өмір жолы, ұстанған ұстанымдары мен мінез ерекшелігін үлгі ету арқылы қыз бала бойында жауапкершілік сезімін арттыру, ұлттық құндылықты жоғары ұстаға тәрбиелеу. Жастар қоғамымыздың жүрек дүрсілі, өзегі. Есігінен енді аттап отырған жаңа ғасырда ұлтымыздың өсуі де, өшуі де осы жастарға тікелей байланысты. Қазақ жастарының іс-әрекетіндегі біздің ұлттық болмысымызға дақ түсіретін жақтары, яғни маскүнемдік, нашақорлық, балалар үйіндегі жетім балалар, қарттар үйіндегі үлкен ата-әжелерімізді көрген кезде әркімнің жүрегі ауыратыны белгілі. Неге мұндай кеселдер пайда болды? Сондай ықылым заманнан бері жетімін жылатпаған, қариясын қаңғыртпаған ел неге бүгінгі таңда осы дертке шалдықты?Өткеннен сабақ алып, бүгінгі күнде заман талабына сай сол игілігіміз бен құндылығымызды жоғалтпауымыз керек. Әссіресе қыз бала тәрбиесі – ұрпақ тәрбиесі деп бекер айтылмаған, тарихтағы ару қыздарымыз жайлы көп білсек, соған ұқсағымыз келсек, олардың ерлігімен өмірі, ұстанған ұстанымдарын үнемі естіп, көріп, оқып отырсақ біз жас қыздар келешекте ғасыр дертіне айналған жамандықтардан бойымызды аулақ ұстайтын боламыз.
ІІ.Негізгі бөлімі
2.1. Қазақ тарихындағы қыздар болмысы
Тарихқа көз жүгіртсек, көшпенді қазақ халқы тарихында қыздардың қоғамдағы орнын қастерлеген. Қызын қырық үйден тия отырып, алақанына салып әспеттеп еркелеткен. Қызды қашанда жат жұрттық деп, жас күнінен отбасының сенімді серігі, қара қазанның иесі, үйдің ұйытқысы ретінде ұзатқанға дейін тек тәрбие берген. Сол дәстүрдің арқасында Елдің анасы атанған талай әйелдердің есімі бізге жетті. Бұдан екі жарым мың жыл бұрын өмір сүрген ұлы даладан шыққан сақтың батыр қыздары Томирис пен Зарина ерлігі, Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі Гауһардың, ұлт-азаттық көтерілісі кезіндегі Бопайдың, күн кеше Әлия мен Мәншүктің ерлігіне ұласты. Кеңес Үкіметі күйрердегі желтоқсанда ерліктің туын жықпаған қыздарымыз қаншама. Ал аққан жұлдыздай із қалдырған Шоқанның әжесі Айғаным ханымның елді ақылмен басқарғанын, дәрет алмай баласын емізбеген, данагөй әжеміз ұлы Абайдың тәрбиешісі болған Зере әжемізді қалай ұмытамыз? Бұның бәрі ата салт-дәстүріміздің, тәрбие жолының дұрыстығын көрсетеді.
Бүгінгі қазақ қоғамында әйел мәртебесінің биіктігі әйелдерге, аналарға жасалған қамқорлығынан, сый-құрметінен байқалады. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Шығыс халықтарының арасында, жалпы мұсылман әлемінде әйел затын бөлекше бағалайтын, қарындасты ерекше қадірлейтін халықтың бірі де, бірегейі де - біздің қазақ... Қазақ қыздары мен аналары өз жүрегінің от-жалынымен, мейірім шапағатымен қазақ халқының ұлттық сезім-түйсігін, мәдени-рухани біртұтастығын елеусіз ғана шыңдап отырған»-деген сөздері осыған дәлел.
Еліміздің егемендік алып, мемлекет ретінде өзін әлемге танытып, өркениетке бағыт алған кезде елдің экономикалық дамуына басты назар аударылды да ұрпақ тәрбиесі, имандылық, мәдениеттілікті, тіл мәселелерін екінші орынға қоюда. Сондықтан да, бүгінгі күні жас ұрпақ үнемі өзінің халқынның тарихын, ұлттық құндылылқтарын бойына сіңіріп өскен кезде, әссіресе қыз балалар тарихта есімі қалған ару қыздарымыздың ерлігімен, инабат қасиеттерін үлгі етіп өссе, келешекте бүгінгі күні өршіп бара жатқан ешбір жаман әдеттерге мойынсынбайды. Себебі тек ұлттық тәрбие мен құндылық адамдарды жоғары дәрежеде өмір сүруге ұмтылдырады.
«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп атамыз қазақ айтқандай, бүгінгі жастар елдің болашағы екеніне бәріміз кәміл сенімдіміз. Олай болатын болса, Біз бүгінгі жастардың бойынан қандай қасиеттерді көргіміз келеді? Неге 21 ғасырда қыз балалар бойынан нәзіктілік, ұяндық, сабырлық, төзімділік, үлкенді сыйлау қасиеттері жоғалып барады?Нағыз қазақ қызына тән қаситеттерімізді қалайша уағыздай аламыз? Мына жаңа технологиялар уақытында 18-19 ғ қазақ аруларын бізге үлгі бола алады?- деген мазмұндағы сұрақтарға жоба жасаған кезде жауап іздедік.
Қазақ тарихындағы қыздар болмысы қоғамда, отбасында алатын орны, атқарар рөлі ұшан - теңіз. Әсіресе қазақ қоғамында аналардың алар орны ерекше болған. Сонау ерте замандардағы наным - сенімдердің түп - тамыры да Ана. Ата бабаларымыз аспанда Тәңірі, жерде Ұмай ана деп табынатын. Ұмай ана- қамқоршы, жарылқаушы, демеуші, жанұя, отбасының пірі. Ауызша тарих пен жазба деректер қазақ тарихындағы аналар мен қыздардың өзіндік орны, атқарар рөлі жоғары болғандығына дәлел бола алады. Аналарымыздың қоғамдағы орнын қалыптасқан ру-тайпалық қатынастар, дәстүрлі шаруашылық, тамыры тереңнен бастау алатын діл, салт-дәстүр, әдет-ғұрып анықтаған. Қыздарын болашақ ана ретінде санаған халық «Ұл туса-ұрпағым өседі, қыз туса-ұлтым өседі»,-деп қыз баланың дүниеге келуін ерекше қуанышпен күткен. ««Қыз аз күнгі қонақ» деп тазаны кигізіп, дәмдіні жегізіп, төрінен орын берген. Алысты жақын, жатты жекжат етер, ел мен елді таныстырып, табыстырар дәнекер көріп құрметтеген. Киімнің асылын қыз бала киетін, алтын, күмістен жасалатын өте қымбат сәнді әшекейлер де, өте әдемі және қымбат ер-тұрмандар мен жүрісі жайлы жорғалар, әдемі сәйгүліктер, парлар жеккен пәуескелер бойжеткенге арналатын.»» -деген қазақ халқының белгілі ғалым-этнографы Х.Арғынбаевтың тұжырымы айтқанымызды растайды. Яғни бар асылын, қымбаттысын мен әдемі жасауларын тек қыз балаларына арнай білген. Оның астары терең. Бүгінгі қыз бала, ереңгі ана, ұрпақ тәрбиесімен айналысатын тұлға. Қазақ қызын “қыздың жолы жіңішке” дей отырып, жан - жақты тәрбиелеген, еш уақытта оны кемсітіп, төмендетпеген. Қайта қыз баланың бойына әдептілік, инабаттылықпен бірге дала әдебіне сәйкес өткірлік, қайсарлық, шынайы намыс тәрізді қасиеттерді қоса дамытып отырған. Сондай- ақ тәлім - тәрбие, күш - жігер зая кетпеген.18-19 ғасырдағы қазақ тарихында жоңғарларға атойлап шапқан Қабанбай батырдың қызы - Назымды, бірнеше шешуші жорықтарда көзге түскен Абылай ханның қызы - Гауһарды, талай ақтық шайқастарда ерен ерлік көрсеткен Айтолқынды, найман жұртшылығының батыр қызы - Жанқайды жадында сақтап, ұрпаққа дәріптейді. Бұлардан өзге ақылдылығымен, әулиелігімен аты шыққан Бегім ана, Бұланбай батырдың жары Айбике, Кенесарының қарындасы, 500 сарбазды басқарып, Ресей отаршылдарына қарсы соғыста ғажап ерлік көрсеткен Бопай, Шоқанның әжесі, бірнеше шығыс тілдерін білген, өз халқының мұң - мұқтажы туралы Ресей Сыртқы істер министрлігінің Азиялық департаменті мен үкіметінің Сібір комитетімен хат алысып тұрған Айғаным ханша тәрізді ел арасында беделі жоғары әйел аналар аз болмаған.
Әлемдегі кез келген халықтың өз алдына ұлт болып ұйысуына, егемен ел, дербес мемлекет болып қалыптасуына әйел-аналардың сіңірген еңбегі зор. Тарихта есімдері алтын әріптермен өрнектелген - Гүлбаршын мен Құртқа, Ақжүніс пен Назым, Айша бибі, Абақ ана, Домалақ ана мен Қыз ене, Қасым ханның анасы Жаған бике, қолбасшы Бопай ханым, ел билеген Айғаным мен Ұлпан секілді аналарымыз ұлт тәрбиелеп, халық қалыптастырып, мемлекетімізді баянды етуге мол үлес қосты.
Түркілер әйел-ананы отбасының құты мен ырысы, ұйтқысы мен жылуы деп таныған. Сондықтан да болар түркі дүниесін терең зерттеген тарихшы - ғалым Лев Гумилев «Көне түріктер» деген іргелі зерттеуінде «Түркілер әйелдерді сал-серілердей қатты құрметтейтін. Баласы үйге кіргесін әуелі шешесіне иіліп, тәжім еткен, содан кейін барып әкесіне сәлем берген. Орхон жазуында да апа-қарындастары қалып қойып, оларға ажал қаупі төнгенде, Күлтегіннің оларды жанқиярлықпен қорғап қалғаны зор шабытпен жырланады. Түркілерде анасының шыққан тегіне айрықша мән берген.»- деп жазған. Қазақта «Жігіттің жақсы болуы нағашысынан» деген сөз бар. Оның түп мәніне үңілсек, ата-бабаларымыз аналарының, жұбайларының қадір-қасиетіне, оның шыққан тегіне ерекше мән берген. Мұның өзі қыз баланың ұрпақ өрбітудегі орнының жауапты екендігін айшықтайды.
Қазақ халқының осындай ерекше тәлімді тәрбиесін, қыздар мен аналардың
ұлылығын өз кезегінде ел арасында болған орыс ғалым- зерттеушілері жоғары бағалап, пікірлерін жазып кеткен. Мәселен, ХІХ ғасырда зерттеуші А.К. Гейнс: “Жены у киргиз приобретаются, как у всех магометан, покупкою, называемою “калым”,поэтому родителям тем выгоднее, чем у них более красивых дочерей и нередко случается, что бедные киргизы при помощи своих дочерей не только поправляли свое состояние, но даже и очень богатели. С этой целью в некоторых киргизских семействах для сохранения красоты девушек вошло в обычай до замужества избавлять их от всех тяжелых работ и хлопот, ... хвалить красавиц считается у киргиз поступком благопристойным, красавицы же, заслужившие общую похвалу, нередко прославляются в степях” деп көзімен көргенін хатқа түсірген. Расында да әдемі қыздар аңыз - әңгімелердің, ертегілердің мазмұнын құрап, тартымды оқиғалардағы көркем арулар талайларды тамсандырған. “Айдесе аузы, күн десе көзі бар” сұлулар туралы ертегілер үнемі жақсылықпен аяқталып, оның кейіпкерлері мұраттарына жетіп отырған. Мысалы, ертегілер “ерте, ерте, ертеде, ешкі құйрығы бөртеде бір бай болыпты, оның бір асқан сұлу қызы болыпты. Қыздың сұлулығын көрген адам есінен танып қалады екен. Қыз сұлулығымен қатар ақылды болыпты»... деген ертегілер ауыз әдебиетімізде көптеп сақталған. Осындай аңыз ертегілерді естіп өскен ұрпақтың әдемілікке ұмтылары хақ. Қазақ әйелдері ұрпақ тәрбиесінен өзге қоғамның барлық істеріне тікелей болмаса да қатысып, өздерінің көзқарастарын танытқан. Хандар мен сұлтандардың, батырлар мен билердің ақылшы, кеңесшілері ретінде кең далаға танылған. Мұндай жайт өзге халық өкілдерінен шыққан зерттеушілердің назарынан тыс қалмаған. Мысалы, зерттеуші ғалым А.К. Гейнс: “Киргизкая женщина играет большую роль не только как полная хозяйка семьи, но и как член общества. На сходках киргизов женщины подают голос наравне с мужчинами, в особеннности по вопросам, касающимся общественных нужд. Иногда даже мнение женщин имеет некоторое преимущество над мнением мужчины” , - деп пайымдаған.
Қазақ әйелдерінің қайталанбас қасиеттері жыр дастандарда ғана емес ғылыми зерттеулерге де арқау болған. Сондықтан да болар қазақ қыздары, әйелдері туралы бірқатар этнографиялық, тарихи, т.б. іргелі еңбектер жарияланды.
“Қызға қырық үйден тыю” деген дана философиялық қағидаға орай ата - бабаларымыз қыз баланың тәрбиесіне ерекше мән берген. “Қыз өссе елдің көркі” дегенге сай болу үшін оны адамгершілікке, парасаттылыққа, еңбек сүйгіштікке, әдемілікке баулыған. “Қыз жат жұрттық” деп айтылып, өмірден сабақ ала білген, бабаларымыз бөтен елде қыздарының тәрбиелігімен, көргендігімен дараланғанын қалады. Сол үшін де ата салттың мәнін өзгертпей, оны қатаң сақтап, келесі ұрпаққа жеткізіп отырды. Нәтижесінде қазақ қыздары адами киелі қасиеттерді бойына жинап, өзге халықтардан ерекшеленді. Әсіресе қыздардың еңбексүйгіш қасиеттері оларды отбасыны, сондай - ақ бүкіл дәстүрлі шаруашылықтың ұйытқысына айналдырды. “Киргизки (казашки - автор) далеко превосходят киргизов (казахов) в трудолюбии.Они отправляются все домашние хозяство, на них лежит половина попечениии о скоте, они сверх того занимаются рукоделиями и приготовлением одежды себе и детям, они же должны заботиться обо всем нужном для мужей своих, даже иногда сделать им лошадей и сажать их верхом. ... К трудолюбию киргиз казачки присоединяются свойственные полу их добродушие, чадолюбие и сострадательность. Бывшие у киргизов в плену отзываются о них гораздо лучше, нежели о мужчинах...” - деген орыс зерттеушісі А.И. Левшиннің тұжырымы - қазақ ауылының тұрмыс- тіршілігімен етене таныс болған сырт көздің бұлтартпас дәлелі.
Қазақ ауылында әйел отбасының берекесі ретінде саналып, оның алар орны баға жетпес құндылықпен парапар болған. Көшпелі шаруашылықта киіз үйді тіккенде шаңырақты ер азаматтар көтеріп тұрған, ал үйдің керегесін керіп, уығын шаншитын, туырлық үздігін жабатын әйелдер болған. Қазақ қоғамында ерлер әйел - аналардың осындай артықшылықтарын көріп, даланың жазылмаған заңдары арқылы қорғап отырған. Отбасында, әулетте әрбір әйел ананың өзіндік орны болған.
Көріп отырғанымыздай, бұл - әйел - ананың бір қыры ғана. Қазақ тарихындағы қыздар тіршіліктің көзі, себебі “Әйел бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді” деген ұлағатты сөз текке айтылмаса керек.
2.2. ХVІІІ-ХІХ ғасырдағы қазақ қыздарының тарихтағы алатын орны
Қазақ тарихындағы қай кезеңді алмасақ та қоғамда ойып орнын алған қыздарымыз қаншама. Бүгінгі жобамызға арқау болып отырған сонау ХVІІІ-ХІХ ғасырдағы қазақ тарихындағы қыздардың болмысы. ХVІІІ-ХІХ ғасырдағы Қазақстан тарихы небір қиындықты, көптеген тарихи оқиғаларды басынан кешірді. Аумалы-төкпелі оқиғаларды басынан кешірді. Ол ХVІІІ ғасырдағы жоңғар шапқыншылығы, патшалы Ресейдің отарлау саясаты. Патша үкіметінің отарлау саясатына назары болған қазақтардың ұлт-азаттық күрестері, озбырлық саясатпен қатар қоныс аудару саясаты мен жергілікті халықтың қиын да ауыр жағдайға түсуі. Сол қиыншылық кезіндегі ерлермен қатар қолына қару алып, ел бостандығы үшін күресе білген: Бопай ханым мен Гауһар батыр, Назым мен Айбике,Жақсы ханшайымдарының ерлігі мен парасаттылығы айқын. Қазақ тарихының жаңа заман кезіңде танымал екі Бопай ханым бар. Бірі- Әбілқайыр ханның әйелі болса, екіншісі ата дәстүрімен қазақтың соңғы ханы сайланған Кенесарының қарындасы, Малайсарының жары Бопай батыр. Жобамыздағы тарихтағы уақыт шамасына сәйкес келген, тарихта орны қалған, біздер үшін үлгі болар мінезімен қалған екі Бопай апайларымыз жайлы айтпақшымыз.
Тарихта батырлығы аңыз болып жеткен Абылай ханның ержүрек қызы – Айтолқын, Қаракерей Қабанбайдың жары – Гауһар батыр, қос асылдың құдіретінен жаралған Назым қыз, Сүйіндік Олжабай батырдың анасы – Есенбике, ұлы күйші Құрманғазының жан-жүрегін толқытқан қыз Данай сынды қыран жүректі батыр қыздардың санында 1838-1847 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысының ұйымдастырушысы, қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымұлының батыр әрі қайраткер қарындасы, дала сұңқары Бопайды ерекше атауға болады.Хан кеңесінің мүшесі болған Бопай ханым 600 сарбаздан құралған (сұрыпталған) топты ұршыққа үйіріп, шеберлікпен басқарды. Кенесары әскерін жабдықтаумен шұғылданды, халықтан зекет жинады. Кенесары Қасымұлы құрған хандықтың сыртқы және ішкі саясатына барынша белсенді араласып, жан аямай қызмет етті. Тарихшы Е.Бекмаханов «Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында» деген еңбегінде мынадай деректер келтіреді: «Өзінің әскери ерліктерімен Кенесарының қарындасы Бопайдың да даңқы шықты. Ол көтерілістің алғашқы күндерінен-ақ оның белсенді қатысушысына айналды. Ол өзінің күйеуі Сәмеке мен оның туыстары сұлтан Сартеке және Досан Әбілқайыровтарды да көтеріліске қатысуға шақырған екен». Осымен қатар, Бопай Кенесарының барлық ірі шайқастарына қатысты және өзі де жау тылына партизандық жорықтар жасады. Бопай Кенесарының барлық кеңестеріне қатысып отырған, ал Кенесары Бопайдың ақыл-кеңестеріне құлақ асқан. Бопай ханым – ұлы мақсаткер, дарабоз қайраткер. Сондықтан да Бопай ханымның тегеурінді, екпінді қаһармандық қимылдарына, батырлық тұлғасына арыстан туған Хан Кененің көңілі шат, рухы да асқақ. Ел азаттығы үшін атқа қонған, атақонысты қорғаған Бопай ханымның теңдессіз ерлігі мен жанкештілігі – ұлт рухының керемет көрінісі. Хан Кененің және оның серіктес нояндарының түпкі мақсаты – қазақ елінің тәуелсіздігін, дәстүрін, қуатын қалпына келтіру. Бопайсыз Кенесарының кеңесі өтпейтін. Бопайдың ақыл-кеңестеріне Кенесары құлақ асты дейтін тұстарды тарихтан жиі кездестіреміз.Ол жорықтарда өзін әйелмін деп сезінбей, ісіне әділ де берік, қатал талап алатын батыл басшы екенін танытты. Ағасына ұқсаған сұсты да нұрлы тұлғасын көріп, заты әйел ғой деп сөз тастайтын ұры көзді жігіттерге бұйрықты бере жалт қарағанда, олар кірерге жер таба алмай, сасқалақтап қалады екен. Бопай қатысқан шайқастардың ішіндегі ең ірісі - 1838 жылға Батыс-Сібір генерал-губернаторлығының терістік батыс аударында бағытталған Аманқарағай дуанына шабуылы. 1847 жылғы қырғыз манаптарына қарсы шабуылда Кенесарымен бірге болған. Бопай ханша туралы азды-көпті деректер орыс зерттеушілерінің және жазушы Ілияс Есенберлиннің еңбектерінде кездеседі. Ел арасына тараған талай-талай аңыздар, хикаялар, әңгімелер бар. Батыр қыздың дүние салған жері Ырғыз бойы. Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданында Бопай атында ауыл бар. Зираты осы ауылдың тұсындағы төбешік басында орналасқан. Көңіл қуантары қазіргі өсіп келе жатқан қазақ қыздарының бойында да Бопай ханымға тән болған қаһармандық, өжеттік, байсалдық пен батырлық қасиеттері жетерлік. Бүгінгі біздің «батыр аруларымыз» қазақтың қайсар қызы Бопай ханымның жолын жалғап, батырлығын үлгі тұтып келеді.
Сол аумалы-токпелі заманда тарихта орны қалған қазақ батыр қыздарының бірі –Бопай ханша. Бопай, Бәтима (шамамен 1690 жылы дүниеге келген, 1780 жылы Елек өзені бойында қайтыс болған) — Әбілқайыр ханның зайыбы, ел басқару ісіне араласқан қайраткер, мәмілегер. Төре тұқымынан шыққан. Бопай күйеуі Әбілқайырдың түпкі мақсаты Жайық қазақтарының, башқұрттар мен Еділ қалмақтарының шапқыншылықтарын тоқтату, жоңғарларды түпкілікті талқандау екендігін және бұл мәселелерді уақытша болса да, Ресей империясына бодан болу арқылы шешуге тырысқандығын терең ұғынған. Сондықтан да Әбілқайырдың саяси қадамдарына қолдау көрсеткен. Бұл ханымның 1731 жылы 22 қарашада орыс патшайымына Анна Иоанновнаға, 1748 жылы 5 қазанда Елизавета Петровнаға, әр уақытта Орынбор әкімшілігі жазған хаттарынан айқын көрінеді. Бопай күйеуі Әбілқайырдың түпкі мақсаты Жайық қазақтарының орыс бодандығы башқұрттар мен Еділ қалмақтарының шапқыншылықтарын тоқтату, жоңғарларды түпкілікті талқандау екендігін және бұл күрделі мәселелерді уақытша болса да, Ресей империясына бодан болу арқылы шешуге тырысқандығын терең ұғынған. Сондықтан да Әбілқайырдың осы бағыттағы саяси қадамдарына қолдау көрсеткен. Ол ханымның 1731 ж. 22 қарашада орыс патшайымы Анна Иоанновнаға, 1748 ж. 5 қазанда Елизавета Петровнаға, әр уақытта Орынбор әкімшілігінің басшыларына жазған хаттарынан айқын көрінеді. Күйеуінің қазасынан кейін де Бопай ханшайым ұстанған бағытынан таймайды. Әбілқайыр саясатының өз жалғасын табуы баласы Нұралының әке орнын басуына байланысты екендігін терең ұғынған Бопай ханым батыл әрі ойлап-пішілген қадамдар жасайды. Орта жүз бен Кіші жүздің беделді билері мен батырларының Нұралыны хан көтеруге келісімін алғаннан кейін ғана, Бопай патшайым Елизавета Петровнаға, келесі күні бригадалық генерал А. И. Тевкелев пен Орынбор губернаторы И. Неплюевке қисынды өтініштер хаттар жолдайды. Бопай ханым Әбілқайыр әулетінің дәрежесі мен беделін көтеруге ұмтыла отырып, орынсыз қантөгістің болмауын, ел іргесінің сөгілмеуін қалады. Бопайдың зеректігі мен тапқырлығы жөнінде ағылшын суретшісі жазады. Күйеуінің қазасынан кейін де Бопай өзінің ұстанған бағытынан таймайды. Әбілқайырдың саясатын жүзеге асыру үшін баласы Нұралыны әке орнына 1749 26 қарашада хан тағына Елизавета Петровнаның жарлығымен отырып, Бопай хан тағында батыл әрі нақты қадамдар жасайды. Канцлер А. П. Бестужев-Рюминнің Бопайға арнайы хат жазып, патшайым атынан сыйлық жолдауы- ханым саясатының жеңісі еді. Бопайдың зеректігі мен тапқырлығы жөнінде ағылшын суретшісі Джон Кэстлдің, Әбілқайыр ордасында болған орыс шенеуліктерінің жазбаларында біршама деректер келтіріледі.Бопай ханым Әбілқайырдың жан-жақты мәселелерін шеше отырып, ханымның айтқан ақылдарын тыңдап отыруы. Тарихта еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктен Бопай ханым ел есінде қалған. Ресей елінің император ханымы Анна Иоанновнаның басшылық етуімен, елшілікке Тевкелевтың жіберіп, екі ел арасындағы достық қарым қатынасты дамытыу мақсатында Бопай ханым Ресей елшілігін қабылдаймыз деп өз мөрімен қол қояды. Бопай ханым басқа ел басқарушыларға да өзін болашақта үлгі тұтады деп бұл елшілікті үлкен мәртебе тұтты, қазір ол тарихта қалды. Бопай ханшайым 1780 жылы 31 майда қайтыс болып, күйеуінен кейін 32 жыл ғұмыр кешеді. Жосалы жерінің Елекке қараған маңындағы жерге Бопай ханшайымның сүйегі қойылады. Біздің есімізде тарихта Бопайдай анамыз болғанын ешқандай адамзат есінен шығармайды деп ойлаймыз. Ол кісінің істері әрбір адамға өнеге үлгі бола бермек.
18-19 ғасырдың тағы бір тарихта өз орны бар тарихи тұлғаның бірі ол Е.И.Пугачев көтеріліс кезіңдегі «Көзге көрінбейтін қозғалыстың» басты ұйымдастырушысы - Сапура (Көктемір) батыр. Сапураның - 22 жасар жас келіншектің бірінші күйеуін қашқын қалмақтар өлтіріп кетіп, әмеңгерлікпен қайнысы Жанболатқа қосылады. Ол Досалы сұлтанның ауылымен қоңсы екі мың кісімен Қобда бойында көшіп-қонып жүреді. Ресей патшалығында шаруалар күресін басуға шыққан орыс әскерлеріне қарсы күрестің аңызға айналған қолбасшысы. Әйел басымен қол бастауға қымсынғандай, далада жүретін бір құпия тұлға - "Көктемір" туралы аңыз таратады. Барлық іс-қимылды соның атынан жүргізіп, көзге көрінбейтін күрескер келіншек шайқасқа шығады. Алайда, орыс әскерлері оның әйел екендігі туралы ғана емес, тіпті кім екенін білмейді, "Көктемір" деген атын ғана білетін болған. "Көрінбейтін Көктемір батыр" туралы алып-қашпа әңгімелер тараған. Кейін көтерісшілерден әбден ығыр болып, оған қарсы мәліметтер жинау үшін Орынбор губернаторы Рейнсдорп деген шенеуік Сейітов слабодкасының татарлары жасауыл Ғұбайдулла Адгамов пен Рақымқұл Ибраевты қазақтардың ішіне жансыз етіп жұмсайды. Сонда Сапура "Көктемірдің" атынан бұйрық беріп: «Сендер губернатордың атынан қырғыз (қазақ) халқы туралы тың тыңдауға келдіңдер. Сіздер ана жақты қиратқансыздар, енді осы жерді бүлдіргілеріңіз келеді, – дегенге бәрін ұйытады.Орыс дереккөздерінде Пугачев көтерілісі кезінде қазақ даласындағы «ұстатпайтын ұстын», «көзге көрінбейтін жан» деп аталған Сапура Мәтенқызы да жұмбақ жағдайда өмірден өтеді. Алайда азаттықтың ақ таңы үшін арпалысып, жанын құрбандыққа шалғандардың арқасында армандай бостандық жолы бізге жақындай түсті. Көктемір Сапура қыз туралы ғалым Н.Бекмаханова "Көрінбейтін адам туралы аңыз" атты зерттеу еңбегін жазған. Көктемір (Сапура) батыр туралы Әбіш Кекілбаев, Аян Нысаналин т.б. жазушылардың мақалалары жарық көрген.
«Тар қолтықтан оқ тисе, тартып алар қарындас» деп қызға сеніммен арқа сүйеу де тек қазақта. Қыздар тәрбиесі қоғамда рухани құндылықтарды, ұлы мұраттарды иманды және инабатты бәсекемен қалыптастырады. Бұл адамның ішкі түйсігіне өрелі қасиеттерді алға шығарады. Сол адамдық қасиеттерді бойына сіңіре білген жандардан тараған ұрпақ ақыл мен алғырлықтың бүкіл бітім-болмысын одан да артығырақ жақтырады. Өз заманның кемеңгері бола білген жаңа заман кезіңдегі қазақ қыздарының бірі –Жақсы ханым. Саналы өмірін ұлтына арнаған, Ресейдің қитұрқы саясаты кезінде тарих сахнасында ерлермен бірдей саяси істерге араласқан аналардың бірі - Арынғазы Әбілғазыұлының жары - Пірәліқызы Жақсы ханым. Ол Кіші жүз ханы Нұралының екінші ұлы, түркімен ханы Пірәлінің қызы. Ата дәстүр бойынша Әбілғазы хан Кіші жүздегі Әбілхайыр хан мен Батыр хан аралығындағы құдандалық-туыстық қатынасты жалғастырып, ұлы Арынғазыға Жақсыны алып берген. Жақсы ханым — өз ортасында беделі жоғары болған, Арынғазы шаңырағына қорған бола білген адам. Қазақ қоғамындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды, дәстүрлі хандық басқарудағы соңғы өзгерістерді Жақсы ханым жан жүрегімен сезіне білген. Әсіресе, Кіші жүздің оңтүстігіндегі Сыр бойындағы қазақ руларына соңғы жылдары Хиуа хандығының зорлық-зомбылығы, Арынғазы ханға қойған талап-тілектері ерекше әсер етеді. Жақсы ханым Арынғазының адал жары, мемлекеттік, қоғамдық істерде сенімді серігі, ақылды кеңесшісі болды. Осы жолда Жақсы ханым Арынғазының қазақ қоғамында жеке билігінің орнауы мен беделінің артуына бар күш-жігерін жұмсады. Жақсы Арынғазымен бақытты да жарасымды өмір кешті, оның қайғы-мұңын да, қуанышты сәттерін де бірге бөлісті, екеуінің өмірлік мұраттары да астасып жатты. Жеке бастың мүддесінен гөрі тарихи даму талабына сай бұл істің артында да Жақсының күш-жігері тұрғандығы анық. Міне, осы істердің барлығына бірдей Жақсы тікелей араласпаса да, оңды шешімдер қабылдауға Арынғазы үйінің салмағы, Жақсының ақыл-парасаты ықпал жасады. Сонымен, Жақсы ханым-күйеуі Арынғазы мен оның төңірегіне ықпал жасай білген адам ғана емес, бүкіл қазақ арасында танымал, аты аңызға айналған тарихи тұлға, ару десе ару, қайраткер, мәмілегер. Келіссөз, не жай әңгіме барысына Жақсының ұтырлы араласа білетіндігі, ерекше зеректігі мен зейінділігі адамдардың еріксіз назарын аударған. Жақсы ханым –қалың жұрты «Елім-айлап» еңіреген, аштықтың айдаһар ажалынан сансырап, азып-тозғанда да, жер ауған азаматынан айырылып аңырағанда да,тәуелсіздіктің тығырына тығылғанда да бойынан күш-қуат тауып, қара шаңырағы мен қара қазанынан айырылмаған. Жақсы ханым-қоғам алмасқан алмағайып заманда білектері бүгілгенде де әулетінің тұтастығын, ұлын да, қызын да жетімсіретпей анаға тән асқақ рух танытқан. Үлкен әулеттің қамқоршысы ретінде Жақсы ханым шыдамдылықпен айналасындағылардың ыңғайын, істің ығын тауып ортаға сіңіп, өз ықпалын жүргізе білген әйел. Жақсы ханым үшін Арынғазы хан әулетінің балаларының «жетімек» атанбай, өмірден еншісін алуы - ең үлкен бақыт болған. Ол-өз өмірі қандай талқыға түссе де, тағдырын ұрпағының ертеңіне байлаған әйел. Егер ер мен халықта шыдамдылық пен төзімділік, табандылық болса,бұл қасиеттер Жақсы тәрізді аналардан дарыған қасиет. Осындай әйелді қалай құрметтеп,қалай дәріптеп, қалай даңққа бөлесе де болар еді. Ол кісінің тұжырымын ашық, айқын айта алатын алғырлығына кім-кім де тәнті болған. Туған елінің бір уығы болса да шаншысуға тырысып, Арынғазыдай жарының демеуші болу ұстанымын ұстаған Жақсы ханымға қалай сүйсінбеске болады?! Бұл – елдің намысы үшін қасқайып алға шығатын нағыз қазақ әйелінің, қазақ ханымының әдебі. Арынғазы ханмен өмір құрған жылдар ішінде Жақсы ханым саяси көзқарасы жағынан өсті, жетілді. Көзінде нұр, жүзінде ізеті бар ол шын мәніндегі « ханым» болуға лайық еді. Жақсы ханым тәрізді тұлғасы мемлекет аралық саясатқа араласатын, тау тұлғалы қазақ ханымы тарих сахнасына ғасырда бір рет келуі мүмкін.Ондай тұлға анадан туып, ана атанып, аналық көрегенділік, парасат танытады.
Қазақтар әдетте елге келін болып түскен қыз өз елінің барлық жақсы қасиеттерін, рухани-моральдық құндылықтарын өзімен бірге ала келіп, табалдырығын аттаған босағасының игілігіне, қала берді бүкіл сол бір қалың елге сіңірген. Бұл жақсы үрдіс, ғибратты ғадет бүкіл ұлттың бірлігіне, рухани болмысына игі ықпалын тигізген. Сондықтан да халқымыз қыздарына төрден орын беріп, қонақ деп еркелеткен, парасаттылыққа баулып еркін өсірген.
Ерке қыз, иманды әйел, қасиетті ана солардан шыққан.
Жоғарыда айтқандай халқымыздың біртуар азаматы Шоқан деп тапсақ, оның рухын жетілдіруге бар ынтасын берген әжесі Айғанымның орны ерекше. Айғаным өз заманының ғана емес бүгінгі күні де үлгі алар тұлғалардың бірі. «Орта жүз жеріндегі саяси құбылыстар ХІХ 20-жылдары Уәлиханның жесірі Айғаным әженің (1783-1853) араласуымен біраз белең алып дамыды. 9 баланың анасы, 38 жасында жесір қалған Айғаным ананың ұлағатты ісін академик Ә. Марғұлан және басқа зерттеушілер көрнекті бейнеде көрсете білді».Шоқанның әжесі, яки Айғаным үш жүзге бірдей аты тараған, көркіне ақылы сай, білімді, парасатты әйел болған. Ә. Марғұлан Айғаным Шоқан үшін «... Халық даналығының сарқылмас бұлағы болған» - деуі сондықтан. Яки, болашақ ғалымның сан-салалы ілім мен ғылымның қайталанбас қайраткері болып қалыптасуына жасынан бойына сіңірген жан-жақты тәлім-тәрбие мен туып-өскен ортасының да игі әсері тиген»
«Айғаным өмірі мен саяси қызметі өткен дәуіріміздің тарихында ерекше аталады. Айғаным Орта жүз жерінде орыс халқымен, соның ішінде алдыңғы қатарлы орыс интеллигенциясымен қазақ халқы арасында достық қатынастың алғашқы негізін мықтап қалаушы тарихи тұлға. Бұлт игілікті істі оның балалары жалғастырады...Оның үстіне, Айғаным мен Шыңғыс шаңырағында ешқашан дастархан жиылмаған, ойын-той көп болып халық таңдаулылары жиі бас қосты. Ақын-жыраулар, билер, сөзуар шешендер, көсемсөз майталмандары, күміс көмей, жез таңдай әншілер, ғалымдар, алдыңғы қатарлы орыс интеллигенциясының көрнекті өкілдері жас Шоқанға ерекше әсер етті».
Айғаным туралы толық мағлұматты Ш. Уәлихановтың таңдамалы жинағынан ала аламыз. Онда былай делінген: «Ш.Уәлихановтың әжесі Айғаным (1783-1853) парасатты, терең ойлы әрі көреген, өзінің заманына қарай білімді болған әйел. Ол Шығыстың бірнеше тілдерін білген, орыс мәдениетіне мейлінше ден қойып, Сыртқы істер министрлігінің азиялық департаментімен және Петербургтегі Сібір комитетімен хат жазысып, байланысып отырған. Жергілікті халықтың арасында Айғаным өте беделді кісі болған. Айғаным тоғыз бала тапқан, соның жетеуі тірі қалған. Үлкені – Шыңғыс, Шыңғыстан туған Шоқан. Танысқанда Уәлихан 54-те, ал Айғаным 15-тегі қыз. Уәлихан 83 жасында қайтыс болған. Күйеуі өлгенде Айғаным жас келіншек. Сол кезде Омбыға Бірінші Александр патша келеді. Омбының генерал- губернаторы Сотников Айғанымға хат жазып, қазақтың салтын көрсетуді сұрайды. Патша Сырымбетке арнайы келіп, жап-жас әдемі әйелді көреді. Уәлихан өлді, Ғұбайдолла хан болуға тиіс. Уәлиханның бірінші баласы – Ғұбайдолла. Сол жолы Ғұбайдолланы тұтқындап, Айғанымды хан сайлайды. Айғанымға жылына 400 рубль жалақы тағайындайды. Сол кезде қойдың бағасы 5-6 тиын, жылқы 70-80 тиын.Осылайша, Айғаным бір жарым жыл хан болып отырады.» «Шоқанның анасы – Зейнептің әйгілі Мұса Шорманның қызы екені О.А. Сегізбаевтің «Мировозрение Чокана Валиханова» атты еңбегінде айтылған. «Мать Чокана – Зейнеп была дочерью видного казахского бия Баян-Аульского округа Чермана. Ее родной брат Мұса Черманов, дядя Чокана, который находится с ним в тесных связах, был образованным казахом».
ХVІІІ - ХІХ ғасырда батыр бабаларымызбен бірге батыр әпкелеріміз өзінің жерін қорғаған. Сол заманның өзінде-ақ қоғамдағы арулардың орны айқындалғанын байқаймыз.
2.3. Қоғамдағы қыздар болмысының ерекшелігі мен маңызы
«Қыз» ең қасиетті сөз. Қасиетті болатыны бүкіл адамзат қыздан тарайды: қыз келін болады, келін анаға айналады, ал ана әже деген зор дәрежеге жетеді.Осы үшеуі арқылы ұрпақ өсіріп, ұлт қатарын көбейтеді. Ұлттың бойындағы бар жақсы қасиеттерді - тілін, дінін, әдет -ғұрпын, салт-санасын, дәстүрін немересіне, немересінен шөбересіне жеткізуші, дамытушы, әрине, әйел-ана. Халқымыздың ырысты ынтымағын, береке-бірлігін, туыстың татулығын іске асыратын да, ұйымдастыратын да әйел-ана. Сондықтан да халқымыз қыздарына төрден орын беріп, қонақ деп еркелеткен, парасаттылыққа баулып еркін өсірген. Ерке қыз, иманды әйел, қасиетті ана солардан шыққан. Қазақтың батыл қыздары, ақын қыздары, ақылды қыздары ұлтты тәрбиеледі. Пәрәнжі-сәтір кимеген, сөйте тұра еркіндік пен есерліктің ара жігін ажырата білген парасатты, тапқыр, төзімді, өнерлі, шашын төбесіне түйіп жауға шапқан батыр қыздар қазақта болған.
Қыз баланы құрметтеу, олардың алдында дөрекі сөйлемей, ізетті болу, ер-тұрманы әшекейленген сұлу жорғаларды қыздарына, қарындастарына мінгізу, киімнің әсем-сәндісін, әшекейлі бұйымдардың жақсысын қыздарына арнау-ежелгі дәстүр. Жиын-тойларда қыз баланы әр уақытта сыйлы орынға отырғызған. Жаңа келін болып түскен жеңгелері де қайын сіңлілерін атымен атамай «Еркежан», «Шырайлым» деп еркелеткен. Орта Азия мен Қазақстанда жалғыз келе жатқан қызды көрсе, оған қорғаныш болып, баратын жеріне дейін шығарып салатын болған. «Қыз өссе-елдің көркі, гүл өссе-жердің көркі» дегендей, қызғалдақтай болып өсіп, көктеп келе жатқан гүлдің мезгілсіз солып қалмауына қамқорлық жасаған. «Қызға қырық үйден тыю» деген мақал да осының айғағы. Міне, осындай тәрбиелік мәні зор дәстүрлерді атадан балаға мирас етіп қалдырып отырған.Қыз баланың тәрбиесі ата-анаға да үлкен сын еді. Жүн түту, жіп иіру, шекпен тоқу, кесте тігу, құрақ құрау, оюлап киіз басу, кілем тоқу, арқан есу, көрпе көктеу тағы басқа өнерді қыздарына бөгде босағаға бармай тұрып-ақ үйреткен. Осылай еңбекке баулу арқылы отбасы алдындағы жауапкершілік сезімін дамытып, психологиялық жағынан даярлай бастаған. Қыздарымыздың асыл қасиеті, жан-дүниесі нәзік, адал махаббат иесі болғандығын, дәулетке, байлыққа, жиһазға қызықпағандығын жыр-дастандардан білеміз. Қазақ қыздары махаббат атты асыл сезімді айрықша қастерлеп, аялаған. Сүйген адамымен қол ұстасып бірге жүрсе, тіпті қатықсыз қара көже ішсе де бақыттымын деп, өмірге риза болған.
«Қызым үйде – қылығы түзде» демекші, қыз баланың жүріс-тұрысы мен киім-киісі тәрбиенің негізі болып саналады. Әрине әсемдіккке, әдемілікке құмар жандар сәнденгенді, әрленуді ұнатады. Және де үйлесімді сәнденудің еш оғаштығы жоқ. Тек ол өзіңе сай жарасып, мөлшерімен пайдаланып, жан сұлулығын аша түсер болса. Қазақ қыздары бұрыннан бері өздерінің алтын - күміс әшекейлерге, бағалы терілерге құмарлығымен танымал. Оны біз көптеген археологиялық зерттеулер барысында табылған жүзік, білезіктерден көре аламыз. Егер ғылыми жобамыздағы қазақ қыздарына келмек, олардың киім киісінің өзі бір тұнып тұрған тәрбие. Үйлесімді киіне білу да, заман талғаныман қалмай, ол да өнер. Мысалы, бүгінгі күннің жас қыздарының киінуі үрей туғызады, ол тар шалбар, белін, кеуде тұсын ашық – шашық киінуі қазақ халқына тән емес. Ал қөлөнер бұйымдарын жасау, оған құлшыныс таныту әзірге шамалы деп айтамыз. Мүмкін ХХІғасырды сәнді емес шығар, бар керегін дүкеннен сатып алуға болатын шығар, дегенмен ол біздің тәрбие тұнып тұрған тарихымыз, құндылығызы. Біз жоба барысында мектебімізде жүргізген саулнамадан қорытынды ойлар туындады.
Саулнамаға қатысқан мектептің 6-9 сыныптың қыз балалары. Барлығы 42 қыз бала.
|
Сұрақтар
|
6сынып
|
7 сынып
|
8 сынып
|
9 сынып
|
1
|
Кесте тоқу білесің бе?
|
3
|
4
|
4
|
3
|
2
|
Матадан көрпешелер жасай аласың ба?
|
2
|
3
|
3
|
2
|
3
|
Бау, қоржын тоқу әдісін толығымен білесін бе?
|
|
1
|
2
|
|
4
|
Бисерден түрлі кестелер жасайсың ба?
|
1
|
2
|
3
|
1
|
|
|
|
|
|
|
Сауалнама қорытындысы бойынша жалпы мектептің 6-9 сыныптағы қыздар ішінен кесте тоқу, көрпешелер жасау, түрлі бау қоржын тоқу, бисерді қолданып кесте тоқу сияқты қолөнермен таныс болса да, жасай алмайды немесе жасағылары келмейді. Ал кесте тоқыған қыз бала ұстамды, төзімді, терең ойлау қабілеті дамыған болып өседі. Матадан түрлі түсті көрпешелер жасау арқылы қыз бала бойына сұлулықты көре білу, сәйкестендіру, өмірде бәрін өлшеп жасау, тек сұлулықты жақсы көру, жақсылықты жасау қабілеттері дамиды. Бисерден кесте тоқуды білсе де, көп қыздар оны жасап, тоқып отыруға шыдамы жетпейді. Бисер тоқу арқылы қырағылық, ұқсақ түйекті келтіру, шыдымдылық қасиеттері дамиды.
Бұдан шығатын қорытынды бүгінгі кұні қыз балалар осындай қолөнер бұйымдарын жасай алса, әрине ол төзімді, ұстамды, жамандыққа бармайтын, сұлулықты көріп қана қоймай, соны жасай алатын тұлға болып өседі. Яғни еш уақытта, бүгінгі таңда дерт болып жабысқан өз баласын тастап кету сияқты жамандыққа қадам баспайды, және орынсыз әрекеттерді жасамайды.
Жалпы мектептегі 6-9 сыныптар арасындағы қыздар саны: 42 оның ішінде
Кесте тоқу білесің бе? 33 пайызын құрады
Матадан көрпешелер жасай аласың ба? 24 пайызын құрады
Бау тоқу әдісін толығымен білесін бе? 7 пайызын құрады
Бисерден түрлі кестелер жасайсың ба? 17 пайызын құрады
Бұл дегеніміз әлі де мектеп бағдарламаларына кеңінен қолөнер бұйымдарын жасауға үйрететін үйірмелердің ашылуы мен ата-аналар жиналысында осыны айтып, қыздарға арнайы сабақтар мен немесе қоғамдық іс –шарарал өткізілсе артық болмас еді. Тағы бір айта кететін жайт аналарға да осы тәрбиенің берері мол екендігін ұғындырсақ, олар өз кезегінде үйде қыздарынын бойына сіңіреді. Себебі, қазақта әр ата-ана өз қызын өнегелі етіп өсіруге бар күшін салып отырады. Білген білімін аямайды. Әр қыз өз отбасының тәрбиесімен ұядан ұшып, өмір деген үлкен әлемге қанат қағып жатады.
Сонымен қатар, біз № 1 және 2 Чкалов ОМ қыз балалармен сұхбаттасқан кезде
Кімге ұқсаған келеді? деген сұрақтар қойғанда, қыздардың көпшілігі теледидардан түспейтін түрлі шоулар арқылы ақша тауып жүрген қыздарды үлгі тұтатының байқадық.
Тарихта есімдері қалған қандай қыздарды білесіңдер? –деген сұраққа қыздардың көпшілігі тек Томирис, Гауһар, Бопай сынды әпкерелімізді танығандығы ренжітті. Осыдан шығатын қорытынды біз неге үнемі тарихта орны қалған батыр қыздарымызды дәріптемеске
Достарыңызбен бөлісу: |