Конфликттерді зерттей келе ғалымдар қоғам өмірінде конфликттер жағымды рөл атқарады деген шешімге келді. Қазіргі уақыттағы конфликт теориясының бастамасы бірқатар социолог ғалымдардың зерттеулері жасады. Солардың ішіндегі танымалы – Г.Зиммель, конфликттің функционалдық теориясының авторы ХХ ғасырдың 60 жылдар ортасында неміс оқымыстысы Р.Дарендорф, соңынан “қоғамның конфликттік моделі” атанған әлеуметтік конфликт теориясын айтып өтті.

Бүгінгі таңда конфликтологияның дамуының бірнеше бағыттары қалыптасты: философиялық-әлеуметтік (макродеңгейде конфликттердің даму тенденцияларын қамтитын), әлеуметтік-ұйымдық (ұйымдардағы, ұжымдардағы конфликттердің себептері мен дамуын зерттейтін) және жекетұлғалық – психологиялық (жеке тұлғаның мінезін және психофизикалық ерекшеліктерін зерттейтін).
Конфликт (латынша — confliktus) қарама-қарсы мүдделердің қақтығысуы, көзқарастар мен қатынастардағы қарама-қайшылық дегенді білдіреді. Қақтығысқа өмірдің түрлі мәселелері себеп болуы мүмкін: материалдық ресурстар, маңызды өмірлік нұсқаулар, билік етуші өкілеттіліктер, әлеуметтік құрылымдағы мәртебелік-рөлдік айырмашылықтар, жеке тұлғалық (эмоционалды-психологиялық) айырмашылықтар және т.б.