Әлеуметтік өзгерістердің бірнеше себебі бар. Бұл себептер мыналар: ғылыми жаңалықтар, техналогиялық жаңалықтар, ой-пікірлер, наным-сенімдер, халықтың артуы, мәдени өзара байланыс, соғыс, табиғи апатта
Әлеуметтік өзгерістердің бірнеше себебі бар. Бұл себептер мыналар: ғылыми жаңалықтар, техналогиялық жаңалықтар, ой-пікірлер, наным-сенімдер, халықтың артуы, мәдени өзара байланыс, соғыс, табиғи апаттар, тарихи оқиғалар т.б.
Әлеуметтік өзгерістердің бірнеше себебі бар. Бұл себептер мыналар: ғылыми жаңалықтар, техналогиялық жаңалықтар, ой-пікірлер, наным-сенімдер, халықтың артуы, мәдени өзара байланыс, соғыс, табиғи апаттар, тарихи оқиғалар т.б.
Әлеуметтік өзгеріс процесінде қоғам бірнеше әлеуметтік мәселелерді басынан кешіреді. Жаңалықтар әр уақытта онай жолмен қалыптаспайды және оған бейімделмейді. Өзгерістерге қарсы әлеуметтік қарсы тұру пайда болып тұрады. Өзгерістерге қолдаушылар мен оған қарсы шығушылар арасында қақтығыстар болуыда ықтимал. Әр өзгерістің өзінше шығыны болады. Болымды нәтижелермен қатар болымсыз нәтижелерде орын алып тұрады. Мысалы, автомобильдің пайда болуы қоғамда жылдам өзгеріске жол ашқаны белгілі: тасымалдау, сауда, өнеркәсіп т.б. сияқты бірнеше салада болымды нәтижелерге қол жеткізді. Бірақ, сонымен қатар, жол апаттары, экологияның нашарлауы т.б. сияқты болымсыз нәтижелер осы әлеуметтік өзгерістің жемісі.
Әлеуметтік өзгеріс "әлеуметттік даму" ұғымымен шатастыруға болмайды. Өйткені, қоғам өміріндегі өзгерістер мен әлеуметтік қозғалыстардың барлығы бірдей оның сапалықдаму Деңгейін бейнелей алмайды; кейде олар әлеуметтік даму процесің тежеп, оның құрылымдарын тоқырата түсуі мүмкін. Сондықтан да әлеуметтану ғылымында Әлеуметтік өзгеріс және "Әлеуметтік қозғалыс" ұғымдары "әлеуметтік даму" ұғымымен салыстырғанда кең мағынада қарастырылады. Ал әлеуметтік даму дегеніміз - жаңа қоғамдық карым-қатынастардың, институттардың, нормалар мен құндылықтардың пайда болуына жетелейтін күрделі құрылымдық процесс. Әлеуметтік дамуды бағалаудың әртүрлі: экономикалық, құқықтық, мәдени, рухани, т.б. өлшемдері калыптаскан. Оның мән-мазмұнын жете, толыққанды түсіну үшін нақты әлеуметтік ортаны зерттейтін ғылым салаларының, әсіресе, әлеуметтік философияның жетістіктері пайдаланылады. Жалпы қоғамды, оның құрылымдық элементтерін дамытатын немесе тоқырататын Әлеуметтік өзгерістердің негізгі себептері мен факторлары туралы әлеуметтанушылар әлі ортақ бір пікірге келген жоқ