Орындағандар: Аблақат Санжар


Әлеуметтік мобильдіктің екі типі болады, олар



бет5/6
Дата28.11.2022
өлшемі416,54 Kb.
#160192
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Әлеуметтану

Әлеуметтік мобильдіктің екі типі болады, олар:

  • вертикалды, яғни тік сызықтың бойымен болатын және;
  • горизонталды, немесе көлденең сызық
  • бойындағы мобильдіктер.

  • Веритикальды мобильдік – индивидтің бір стратадан екінші бір стратаға ауысуының нәтижесінде оның әлеуметтік жағдайының өзгеруі.
  • Горизантальды мобильдікте – индивид бір әлеуметтік позициядан екіншісіне ауысады. Бұл ауысу тек көлденең сызық бойында болады да оның әлеуметтік жағдайына ешбір өзгеріс әкелмейді.
  • Ал, мобильдіктің көлемі немесе қарқыны белгілі бір уақыт аралығындағы өздерінің әлеуметтік статустарын өзгерткен индивидтердің санымен өлшенеді. 

  • Конфликт теориясы: технология, билік және әлеуметтік өзгеріс
    Конфликтология теорияшылары өзгерісті жаңа технологияларды қоса алғанда бәсекелес топтардың күресінің нәтижесі деп санайды. Сонымен бірге конфликтология теорияшылары қолында мол билігі бар адамдар технологиялық және әлеуметтік өзгерістерді өз мүддесіне бағыттайды деп түжырымдайды. Қақтығыс және құлдырау сипаты бар процесте әлеуметтік қүрылым өзгереді. Өйткені ықпалды топтар өзгеріс үшін немесе қалыптасқан жағдайды сақтау үшін әрекет етеді. Торстейн Вебленнің (Thorstein Veblen, 1919) айтуынша, қалыптасқан жағдайдан пайда тауып отырғандар оны сақтау үшін бар күшін салады. Заңды мүддені көздеушілер қалыптасқан жағдайды сақтауға немесе өзгертуге тырысады. Әлеуметтік өзгерістен залал көрген топтар мен адамдар қалыптасқан жағдайды сақтағысы келеді. Ал өзгерістен пайда табатындар, керісінше, жаңашылдықты қолдайды
    Электр компапиялары электромобильдерді сатуға мүдделі. Бірақ бұл жанармай компанияларының мүддесіне сай келмейді. Колледж студенттері ғаламтордан оқулықты тегін жүктегісі келеді, ал баспаханаларға бұл тиімді емес. Технологияның артықшылықтары сияқты шығындары да тең бөлінбейді. Конфликтология теорияшылары әдетте шығынға әлсіздер ұшырайды дейді. Корпорацияларға көппайда түсіретін ауаны ластаушы фабрикалар кедей-кепшік тұратын аудандарда орналасады
    . Олар ешқашан Беверли Хилз немесе Скарсдейл сияқты аудандарда болмайДы. Эволюциялық теориялар сияқты әлеуметтік өзгерістерге қатысты конфликтологиялық көзқарас та тек болжамға ғана сүйенбейді, эмпирикалық зерттеулермен дәлелдейді. Конфликтологиялық көзқарас жөніндегі жалпы түсінік бойынша, қоғамда байлығы, мәртебесі мен билігінің үлесі әркелкі қалыптасқан адамдар жағдайды сақтап қалуға тырысады. Қазіргі қүбылмалы қоғамда бұл түсінік өзгеріп кетуі де мүмкін: қуатты топтар, жеке адамдар мен ұйымдар да қолдауға бейім болып, технологиялық инновацияларға қарсы шығуы ықтимал.


    Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3   4   5   6




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет