Негізгі қимыл түрлерін орындауды ұсынады: Аяқтың ұшымен, өкшесімен жүру, 1,5 минутқа дейін жүгіру жаттығулары.
Доппен ойналатын жаттығулар. Жүгіру және секіру ойын жаттығулары
Қозғалмалы ойын. «Кішкене өзен арқылы.» Ойынға бір топ (6-8 адам) бала тартылады. Алаңда бір-бірінен 1,5-2 қашықтықта екі линия сызылады. Бұл – өзен.
Ойнаушылар сызықтың жанында – өзеннің жағасында тұрады. Олар өзеннен анық сызылған дөңгелектер арқылы аяғын суламай, тастан-тасқа секіріп өтуі керек. Дөңгелектердің арасының қашықтығы балалардың оларға бірінен-біріне секіре алатындай болуы керек. Өзеннен қатарынан екі-үш бала өтеді, ал қалғандары нұсқаушымен бірге оларды бақылап тұрады. Секіре алмай, аяғын сулап алғандары оны күнге кептіруге кетеді – орындыққа отырады. Ойын ары қарай келесі балалармен жалғасады