Қортындылайкелетін болсақ, Бүгінгі таңда Қазақстанда 44 574 мүгедек бала бар, бұл еліміздегі кішкентай тұрғындардың 1,2% құрайды. Олардың ішінде 10 000 шамасындағы балаға балалардың сал ауруы (ДЦП - детский церебральный паралич) диагнозы қойылған. Бірақ барынша шыдамдылық танытып, әдістемелік жүйемен емдеген жағдайда бұл аурудың салдарын түзетіп, баланы жүруге, сөйлеуге үйретуге және қоғамда өмір сүруге бейімдеуге болады. Қазақстандағы мүгедек балалардың проблемасы олардың ата-аналары мен медициналық мекемелердегі қызметкерлердің ғана проблемасы болып қалмау керек. Мүгедек балаларды, жекелеп алғанда, сал ауруымен ауыратын балаларды сауықтыру мәселесінде әлі де болса тез арада шешуді талап ететін проблемалар жетерлік. Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің белсенді өмірлік ұстанымдары мен мүгедек балалардың проблемаларын қоғамға жариялауға қатысулары қайырымдылық қорлары мен медициналық мекемелерге коммерциялық ұйымдардың көмегін көптеп тартуға және Қазақстандағы мүгедек балаларды сауықтыру жағдайын жақсартуға көмектеседі
«Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық- педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» ҚР заңы.- Алматы, 2003ж.
Тебенова Қ.С. Дамуында ауытқуы бар балалар.- Қарағанды, 2005.
Тебенова Қ. С., Рымханова А. Р. Арнайы психология: Оқулық. – Алматы: 2011ж. – 264 б.
Айтбаева А.Б. Коррекциялық педагогика негіздері: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2011ж. – 160 б.
Особенности психофизического развития учащихся специальных школ для детей с нарушениями опорно-двигательного аппарата / Г.С.Гуменная, М.В.Ипполитова, Е.М. Мастюкова, Н.В.Симонова, Л.Б.Калелова; под редакцией Т.А.Власовой. - М.: Педагогика, 2001г.- 128 с.