Орындаған:Әбужүсіп Нурила Тобы: Тп 17-2к2


Жасөспірімдердің ауытқушы мінез - құлқының себептері мен факторлары



бет4/4
Дата06.06.2020
өлшемі25,52 Kb.
#72532
1   2   3   4
Байланысты:
Мінездегі бұзылыстар мен балалық, жасөспірімдік жастағы дамуы
Құттыбек Ж, Химия
Жасөспірімдердің ауытқушы мінез - құлқының себептері мен факторлары:

а) тәрбиеленбегендігінің себебінен қажетті білімдердің, біліктердің, дағдылардың жоқтығынан немесе теріс тәрбиеден бұзылғандығынан, мінез - құлқындағы жағымсыз таптаурындардың қалыптасқандығынан жасөспірімнің, жеткіншектің өзін дұрыс ұстамайтындығынан туындайтын әлеуметтік -педагогикалық олқылықтар;

ә) жайсыз отбасылық қарым - қатынастардан, жасөспірімді тәрбиелеуде ұлттық салт - санада қалыптасқан этнофункционалдық ерекшеліктерді мүлдем ескермеуден, отбасыдағы жағымсыз психологиялық ахуалдан, оқудағы жүйелі сәтсіздіктерден, сынып ұжымындағы құрбыларымен өзара қарым - қатынастың орнамағандығынан, ата - аналарының, мұғалімдердің , сыныптас жолдастарының және т.б. дұрыс емес әділетсіз, дөрекі, қатал қатынастарынан туындайтын тереі психологиялық жайсыздықтардан;

б) психикалық және физикалық денсаулығы мен дамуы дағдайындағы ауытқушылықтарымен, жас ерекшелік дағдарыстарымен, мінез акцентуациясымен және басқа да физиологиялық және психоневрологиялық ерекшеліктер себептерімен;

в) қараусыз қалуымен, қоршаған ортаның кері ықпал етуімен және осының негізінде дамитын әлеуметтік - психологиялық ауытқушыбен, әлеуметтік және жеке құндылықтарының жағымсыз түрге ауысуымен.

Қорытынды

Мінез - құлқында ауытқушылғы бар жасөспірімдердің мінезін, қарым - қатынасын, өзін - өзі бағалау ауытқушылығының алдын алу, оларды психологиялық иммунизациялауды қажет етеді, яғни, әлеуметтік - құзырлы адам болып қалыптасуы үшін мінез - құлықтың, қарым - қатынастың, өзін - өзін бағалауының психогенетикалық дағдыларына, дұрыс таңдау жасай алу біліктерін үйрету. Бұл мақсаттарды орындау үшін қоғамдық дағдарыстың жағымсыз әсерлерін жоятын және түзейтін әлеуметтік - педагогикалық жағдайларды құруға бағытталған мектеп саясатын шығару қажет.


Әдебиеттер тізімі:


  1. А. Айтбаева. Әлеуметтік педагогика негіздері, Алматы, 2011.

  2. М. Құдиярова. Жасөспірімдердің мінез-құлық ауытқышылық себептері // Қазақстан журналы, Алматы, 2006.

  3. Әтемова Қ.Т. Әлеуметтік педагогика. -Алматы.: Рауан, 2012. -308б.

  4. Қабекенов Ғ.У., Есебаева Б.Ә. Әлеуметтік педагогика тарихы.- Алматы: Мектеп, 2011.-289 б.

  5. Беркімбаева Ш.К., Мардахаев Л.В. Әлеуметтік педагогика. Алматы: Мектеп, 2012 -228б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет