Ауытқушы мінез-құлық
Ауытқушы мінез-құлық деп қалыптасқан нормаларға сәйкес емес мінез - құлықты айтамыз. (И.А. Невский). Белгілі әлеуметтанушы И.С. Кон ауытқушы мінез - құлықты психикалық денсаулық, құқық, мәдениет немесе мораль қалыптарының жалпы қабылданған қалыптардан ауытқыған іс - әрекет жүйелері ретінде қарастырады. Ауытқушы мінез - құлықтың концепциясына сәйкес кез - келген ауытқушылық бейімделудің бұзулуына алып келеді.
Ауытқушы мінез -құлық екі үлкен категорияға бөлінеді:
Біріншіден, бұл анық немесе жасырын психопатологияның барлығын білдіретін психикалық денсаулық қалыптарынан ауытқыған мінез -құлық.
Екіншіден, бұл әлеуметтік, мәдени және әсіресе құқықтық қалыптарды бұзатын ассоциалды мінез -құлық.
Мұндай әрекеттер аз болса да олар құқық бұзушылық, ал салмақты болса, әрі жазаланса- қылмыс деп аталады.Бұл жерде делинквенттік (құқыққа қарсы ) және қылмыстық іс - әрекеттер туралы айтылып отыр.
С.А. Беличева ауытқушы мінез -құлықты әлеуметтік ауытқуын былайша жіктейді.
Пайдакүнемдік бағытта: құқық бұзушылық, материалдық, қаржылық, дүние - мүліктік пайда табуға ұмтылумен байланысты (ұрлау, тонау, алып - салу, алаяқтық және т.б.) жасаған теріс әрекеттері.
Агрессиялық бағытта: адамға қарсы бағытталған әрекеттер (бағыттану,бұзақылық, ұрып -соғу,өлтіру, зорлау)
Енжар тип: белсенді өмір сүруден қашуға, азаматтық борыштарын өтеуден қашуға, жеке мәселелерді шешкісі келмеуге ұмтылу (жұмыстан, оқудан бас тарту, кезбелік, маскүнемдік, нашақорлық, өзіне -өзі қол жұмсау)
Мінез -құлықты жасөспірімнің осы немесе басқа да ахуалының, оның даму тенденциясының күәгері ретіндегі феномен деп қарастыра отырып, біз мінез - құлықтың сырттай ұқсас ерекшеліктері индивид психикасында жүріп жатқан әр түрлі үрдістерден хабар беруі мүмкін екенін естен шығармауымыз керек.
Сондықтан да, жасөспірімнің қандай да бір мінез -құлқының ерекшілігінің ауытқушылық деп жіктемес бұрын, психолог оның ахуалын, тұрақтылығын, оның көріністерінің жиілігін, тұлғалық ерекшеліктерді, мінезді, оқушының жасын және т.б. ескеруі қажет. Тек содан кейін ғана қандай да бір пікір айтуға немесе ықпал ету іс - шараларын тағайындауға болады.
Кейде жасөспірім өзінің мінез - құлқы туралы пікірлердің шырмауына шалынып қалады. Соған сәйкес айдар тағылып, оның қоршаған адамдарымен өзара қарым - қатынас сипаты және ол туралы бағалап пікір айту жүйелері қалыптасады. Керісінше, мінез - құлықтың жағымпаздылығын немесе ыңғайлылығын (қызметшіл, сыншыл емес, назарының мұғалімде болуы, күткен түрде әрекет ету және т.б.) мұғалім жағымды деп бағалап, оны ынталандырады, ал оқушы болса сынып алдында еліктеудің үлгісі ретінде тартылады.
Ауытқушы мінез - құлықтары бар жасөспірімдердің мінез -құлықтық реакция бір рет немесе жүйелі түрде әсер ететін өмірдің жағымсыз жағдайларымен және шарттарымен шақырылады. Соңғы жағдайда нақ осы немесе басқа ахуалға алып келетін мінез - құлықтағы өзгерістер біртіндеп жиналып көрінеді немесе бірден шарт кетеді. Бұған мысал ретінде тойтарыс беруі, қарсы шығуы, кетіп қалуы, аггрессияны келтіре аламыз. Осыдан кейін ауытқушы мінез - құлықтың дамуына алып келетін тұрақты психологиялық комплекстер туындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |