Жасөспірімдердің ауытқушы мінез - құлқының себептері мен факторлары:
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Жасөспірімдер бойындағы ауытқушылық мінез-құлықтың кейбір мәселелері
Жасөспірім тәрбиесіне мән бере қарау ол әрбір отбасының, әрбір ата- ананың қасиетті парызы, қасиетті борышы деп атап өтсек қателеспегендігіміз деп ойлаймын. Себебі сол жасөспірімнің тәрбие алып өсіп шыққан отбасы - адамзат қоғамының шағын бейнесі, адам үшін ең жақын орта болып табылатындығына ешкім де күмән келтірмес деп ойлаймын. Тәрбие отбасынан басталады, сондықтан Жасөспірім тәрбиесін дұрыс жолға қоюды қалыптастыру ең маңызды іс екендігін әрбір ата-ана біліп қана қоймай, баласына дұрыс тәрбие беріп, қоғамға тек өзінің пайдасын келтіретін саналы, жанашыр азамат ретінде қалыптастыру үшін шынайы еңбек ету қажеттілігін ескеруі қажет. Отбасында дұрыс тәрбие алмаған, немесе берілген тәрбиеде белгілі бір келеңсіздіктерге душар болған жасөспірімнің тәрбиесінде, оның мінез-құлқын бақылап, басқарып отыруда кедергілер туындайды. Туындаған кедергілер