Мемлекет Қазақстан Республикасының азаматтарына: 1) денсаулық сақтау құқығына; 2) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің көрсетілуіне; 3) медициналық көмекке бірдей қол жеткізуіне; 4) медициналық көмектің сапасына; 5) дәрілік заттардың қолжетімділігіне, сапасына, тиімділігі мен қауіпсіздігіне; 6) аурулардың профилактикасы, саламатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды қалыптастыру жөніндегі іс-шаралардың жүргізілуіне; 7) жеке өмірге қол сұғылмауына, дәрігерлік құпияны құрайтын мәліметтердің сақталуына; 8) ұрпақты болуды таңдау еркіндігіне, ұрпақты болу денсаулығын сақтауға және ұрпақты болу құқықтарының сақталуына; 9) санитариялық-эпидемиологиялық, экологиялық саламаттылыққа және радиациялық қауіпсіздікке кепілдік береді.