Денсаулық сақтауды жоспарлау – халыққа емдеу-сақтандыру жәрдемінің қажеттілігімен және мүмкіндік қанағаттандыруының ара-қатынасын табу болып саналады. Денсаулық сақтауды жоспарлаудың негізгі принцптері: - Халық денсаулығын қорғау мәселелері мен үкіметтің жоспар тапсырма саясатының сәйкестігі - Жоспардың негізгі мақсаттарын ғылым ретінде дәлелдеу. Ұзақ тарихи даму нәтижесінде денсаулықты қорғау саласында қазіргі кездегі қоғамның халықаралық нормалары жасалып шығарылады. Бүгінгі күні әрбір жетілген қоғам аналогты құжаттарды қабылдап, бейбіт бірлестікке жетуге бағдарлануы тиіс. Адамдардың нәсіліне, тері түсіне, жынысына, тіліне, дініне, саяси пікіріне, ұлттық және әлеуметтік тегіне, мүліктік және басқа да жағдайына қарамастан құқығын анықтайтын негізгі Бас Ассамблеямен қабылданған халықаралық құжат - адам құқығының барлығына ортақ декларациясы болып табылады. Құжаттың 22 бабында әрбір адам денсаулығын, өзінің және отбасының әл ауқатын сақтауға қажетті өмірлік деңгейге құқығы бар делінген. Өмірлік деңгей ұғымына тамақ, киім, баспана, медициналық күтім және қажетті әлеуметтік қызмет енеді. Сонымен қатар адамдардың жұмыссыздық, науқастану,мүгедектік, жесірлік, қартаю және тағы басқа өмір сүруге қажет құрал болмағанда, қамтамассыз етілуге құқылы екендігі орнатылған. Аналық және сәбилік ерекше ілтипат пен көмек алуға құқылы, ал барлық балалар бірдей әлеуметтік қорғануды қолдануы керек.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК