Саңырауқұлақтар Fungi əлеміне (Mycetes Mycota) жатады.Олар көпжасушалы немесе бір жасушалы, жасуша қабығы бар хлорофильсіз микроорганизмдер. ▪ Эукариоттар яғни «Eucarya» доменіне жатады. Табиғатта, Əсіресе топырақта кең таралған. ▪ Саңырауқұлақтардың ядролық қабығы, ядро, цитоплазма, органеллалар, цитоплазмалық мембрана жəне бірнеше типті полисахаридтер (маннан, глюкан, целлюлоза, хитин), ақуыз, липидтен жəне т.б. құралған көпқабатты, ригидті жасуша қабығы бар.
Микробиологияда зерттеу объектісі ретінде қолданылатын мицелилі микроскоптық саңырауқұлақтар негізінен үш қласқа жатады: Lygomycetes, Acsomycetes және Deuteromycetes. Олардың клеткалары ұзынша пішінді, бұтақталған жіпшелер- мицелиден тұрады. Вегетативтік мицелилерінің диаметрі 5- тен 30 мкм-ге дейін барады. Гифтері жәй көзге көріне береді, мицелилері көп клеткалы. Кейбір микроскоптық саңырауқұлақтар өте күшті тарамдалған гифтерден, яғни склероцилардан тұрады. Бұл қолайсыз жағдайға тым төзімді, тыныштық жағдайдағы орган. Мицелилі саңырауқұлақтар қозғалмайды. Оларға Penicillium және Aspergillus түрлері жатады. Мицелилі саңырауқұлақтар вегетативті, жыныссыз және жынысты жолдармен көбейеді. Мысалы, Lygomycetes жыныссыз жолмен спорангиларда түзілетін эндоспоралар арқылы көбею процесін жүзеге асырады. Спорангилар жеміс денелерінің бос ұшында орналасады. Бұған Mucor саңырауқұлақтары мысал ьола алады. Осы саңырауқұлақ жынысты жолмен көбейгенде бір мицелидің гифтері арасында көп ядролы клеткалар, яғни гаметангийлер түзіледі. Олар өзара қосылып зигота апйда болады. Тыныштық кезеңі біткен соң зиготадан спорангий өсіп шығады. Актиномицеттер жыныстық жолмен көбейгенде олардың қапшықтарында аксоспоралар түзіледі.