Рубинштейн тұлғаның психологиялық бейнесінің 3 қырын көрсетеді: 1. Тұлғаға не керек? Ол неге ұмтылады? – Бұл бағыттылық, ұстаным, қажеттіліктер, қызығушылықтар, идеалдар. 2. Тұлға не істей алады? Бұл – қабілеттіліктер, дарындылықтар, таланттар. 3. Тұлға дегеніміз не? Бұл – мінез. Сонымен, Рубинштейн бойынша тұлға құрылымына енетіні – бағыттылық, мінез, қабілеттілік.
Мясищев, Мерлин, Ананьев
Мясищев, Мерлин, Ананьев бұл тізімге тұлғаның психофизиологиялық негізі ретінде темпераментті тіркейді.
Кеттел тұлғаны факторлы талдауды ұсына отырып, өз тұжырымдамасында тұлға құрылымын – 3 қасиеттер тобымен сипаттайды, ол темпераментті қасиеттер – қабілеттіліктер, өзгермелі қасиеттер, бағыттылық пен қызығушылықтарды біріктірген мотивациялы мінез-құлық