Орындаған;Кенжебек Қарақат Тексерген: Искаков Т



бет3/4
Дата25.10.2022
өлшемі66,92 Kb.
#154801
1   2   3   4
Байланысты:
Салық салу жуйесінің негізгі функциялары
Нұрмұханова М.С (коконис)
Салық салу элементтері
Салық салу элементтері мыналар: Субъект, объект, салық көзі, салық ставкасы, салық өлшем бірлігі салық оклады, салық жеңілдіктері, салық төлеу мерзімі мен тәртібі, салық төлеушінің және салық қызметі органдарының құқы мен міндеттері, - салықтың төлеуін бақылау, салықтық жазалау шаралары.
Салық субъекті (салық төлеуші) дегеніміз – заң бойынша салық төлеу міндеті жүктелген жеке және заңды тұлғалар.
Салық объектісі – табыс, мүлік, еңбек ету түрі, қызмет көрсету, ақшамен жасалатын операциялар, мүлікті басқаға беру, табиғи қорларды пайдалану, қосылған құн, айналым және т.б.
Салық көзі – салық салынатын табыс.
Салық ставкасы немесе бәсі өлшем бірлігінен алынатын салық мөлшері.
Ставкалар тұрақты немесе процентпен белгіленеді. Тұрақты ставкалар салық объектісінен түсетін табыстың мөлшеріне байланыссыз, өлшем бірлігіне тұрақты соммамен тағайындалады.
Проценттік ставкалар үш түрге бөлінеді: үдемелі немесе прогрессивті; регрессивті және пропорционалды. Үдемелі немесе прогрессивтік ставкалар салық салынатын табыстың өсуіне сәйкес ұдайы үдеп, өсіп отырады. Регрессивтік ставкалар, керісінше, салық салынатын табыстың төмендеуіне сәйкес, азайып отырады. Пропорционалдық ставкалар салық салу объектісінің мөлшеріне байланыссыз, тұрақты бір процентпен тағайындалады.
Салық оклады – салық төлеушінің белгілі бір салық объектісінен төлейтін салық сомасы.
Салық жеңілдіктері дегеніміз, заңға сәйкес салық төлеушіні біртіндеп немесе салық төлеуден түгел босату. Салық жеңілдіктеріне салықтан босатылатын, салық салынбайтын минимум, шегерістер, салық ставкасын төмендету, салық төлеу мерзімін ұзарту жатады.
Салық төлеу мерзімі – салық төленетін уақыт.
Салық төлеу тәртібі – белгіленген мерзімде салықты төлеген кезде алдымен бюджетке қандай салықтар төлеу керек екенін, яғни төлеу кезінде белгілі бір дәйектілікті белгілейді.
Салық қызметінің негізгі міндеттері мыналар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет