Орындаған:Қуаныш Тұрғаным 2020 Эксперимент әдісі


Байланыстыра сөйлеу білу деңгейін анықтау



бет4/4
Дата29.12.2021
өлшемі101 Kb.
#106451
1   2   3   4
Байланысты:
Диагностика13.05.20

Байланыстыра сөйлеу білу деңгейін анықтау. Бала тапсырманы орындай отырып, сюжетті суреттегі жағдайдың бірізділігін табуға міндетті. Байланыстыра сөйлеу тілінің даму деңгейін бағалап қана қоймай, ойлай білуге үйрету. Балаға әр қайсысы біткен істі білдіретін 4 сурет ұсынылады.

Тапсырмаға нұсқау: «Суретке қара. Суреттерді ретімен біріншісін, екіншісін, үшіншісін, төртіншісін қой. Мұнда ненің суреті салынғанын айтып бер».
Сөйлеу тіл дағдыларын тексеру.

А)Істелген іс туралы есеп бере отырып, тапсырманы орындау. Әрбір балаға алты-алтыдан тапсырма беріледі.

1. Тұр. Орындықты және басқа жиһазды көрсет.

2. Менен қарындаш сұра.

3. Апельсинді емес, алма суретін сал.

4. Кітапты ал және шкафқа қой.

5. Есікті жап.

6. Ботадан апасының атын сұра.

Ә). Сұрақтарға жауап бер. Әрбір балаға алты-алтыдан сұрақ беріледі.

1. Сенің атың кім?

2. Сенің апаңның аты кім?

3. Сенің жасың нешеде?

4. Сен қайда тұрасың?

5. Қазір қандай жыл мезгілі?

6. Бүгін ауа райы қандай?

Балалардың жауаптары бағаланады және хаттамаға жазылады.


Сөйлеу тілін тексеру, үш түрлі тексеріс түрі бар әдістеме бойынша жүргізіледі. Сөйлеу тілінің дағдысын тексеруге екі тапсырма енеді: нұсқауды орындау және сұрақтарға жауап беру.

Берілген екі тапсырма сөздік қорын тексеруге арналады: дыбысталу ерекшеліктерін белгілей отырып, белсенді сөз қорын бағалау мен пассивті сөздік қорын тексеру. Балалардың грамматикалық тіл құрылысын меңгеру деңгейін және байланыстыра сөйлеу дағдыларына үш тапсырма берілген: суреттер бойынша сөйлем құрау, өзінің іс-әрекеті туралы хабарлау және сюжетті сурет бойынша байланыстыра әңгіме құрастыру. Тапсырманың барлық түрі балалармен жеке – дара жүргізіледі. Келесі талаптарға сүйене отырып, таңдалған сөздік материал бағдарлама талаптарына сәйкес болуға міндетті.


Сөздердің тізіміне қосылатын сөздер:

— нақты заттардың атын білу үшін зат есімді, осы заттардың белгілерін білдіретін сын есімді, іс-әрекетті білдіретін етістік;



— күнделікті өмір, қоршаған орта туралы балалардың түсінігін білдіретін және әр түрлі сабақтар кезінде, түзімдік жағдайларда жиі қолданылатын сөздер;

— иллюстративтік материалды пайдалана отырып, олардың түсініктерін тексеру сөздері.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет