Сөздік қор көлемін анықтау және өзіне айтылған сөзді түсінуін бағалау. Сұрақтар мектеп жасына дейінгі нашар еститін балаларда жиі кездесетін қиындықтарды талдау үшін таңдалып алынған. Сұрақтар мазмұны нашар еститін мектеп жасына дейінгі балалардың меңгеруіне қиындық туғызатын тақырыптарға негізделген. Түсініктерді жинақтауы, адамдардың кәсібін, туыстық қатынасы, табиғат құбылыстары мен заттардың белгілері туралы білімі тексеріледі. Сұрақтың әр түрлі лексикалық – грамматикалық құрылуы, өзіне айтылған сөзді түсіну деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
А)Әр түрлі қатынасты түсінуді талап ететін сұрақтар.
Алмұрт, алма, апельсин – бұлар не?
Сен қандай мамандықтарды білесің?
Алматы, Мәскеу, Астана – бұлар не?
Сен көліктің қандай түрін білесің?
Үй (жабайы) жануарларын ата.
Достарыңызбен бөлісу: |