Баланың дамуын бағалау үшін мыналар секілді бірнеше дағдылар түрін бөліп көрсетуге болады: ◊ қозғалтқыш (немесе моторика) – кесені ұстап, оны қолына ала білуі, аузына апара алуы, орнына қоя білуі.
◊ әлеуметтік – тәрбиешімен жұмыс, тәрбиешінің көмегі мен мақтауын күту.
◊ Когнитивті – қай кесенің үлкен, қайсысы кішкентай екенін, бірінің ішіне бірі салынған қандай кеселерді баған етіп тұрғызуға болатынын сынақтан өткізіп және қателіктер арқылы үйрету, тапсырманы орындау оңайға түспейінше оны қайталата беру.
◊ Эмоционалдық – тапсырманы орындау үшін кеселерді бірінің ішіне бірін салмайынша ренжімей немесе ұрыспай түрлі жаңа әрекеттерді жасата беру; қамқор ересек адаммен өзінің жетістіктерін бөлісуі. Баланың дамуының сенімді әрі көрнекті индикаторы оның моторлық дағдыларға (таянышсыз отыруы, төрт тағандап еңбектеуі, басқа адамның көмегімен тұруы, басқаның көмегімен жүруі, өз бетінше тұруы, өз бетінше жүруі) қол жеткізуі, сөйлеу және есту қабілеттерінің дамуы болып табылады.
Баланың дамуында ауытқушылықтар байқалған кезде ол міндетті түрде денсаулық сақтау немесе білім беру жүйелерінің бейінді мамандарына әрі қарай тереңдетіп тексеруге жіберілуі тиіс.
Баланың дамуында ауытқушылықтар байқалған жағдайда оның денсаулығын бағалау, мінезқұлқын анықтау және оларды түзету үшін шешім қабылдау мақсатында баланың дамуына мониторинг жүргізу және бағалау қажет.