Орындалатын жұмыс мазмұны



бет1/7
Дата06.02.2022
өлшемі24,5 Kb.
#81881
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
28.09.20ж БМ.Тапсырма


«Балалар массажы» іс-тәжірибесі
28.09.2020 ж
Орындалатын жұмыс мазмұны: Жас ерекшелік топтағы балалардың психо-физиологиялық даму ерекшеліктерін диагностикалау. Массажист қызметкерінің жұмысын бақылау, талдау.
1.БАЛАЛАРДЫҢ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ
Үйлесімді физикалық, эмоционалдық және интеллектуалдық даму — денсаулықтың басты көрсеткіштері. Дені сау бала ширақ, күш-қуаты мол, білімге құштар келеді. Ол қоршаған орта жағдайларына жеңіл бейімделеді. Оның үстіне бала жасының негізгі ерекшелігі оның өсу және даму қарқыны екенін ескеру қажет. Бала неғұрлым кішкентай болса, бұл үдерістер соғұрлым тез, жедел өтеді.
Педиатрияда «физикалық даму» термині деп балалық шақтың түрлі кезеңдерінде баланың бойының, салмағының, жекелеген дене мүшелерінің өсуі мен биологиялық өсіп-жетілуі түсініледі.

1.1.БАЛАНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІНІҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ КӨРСЕТКІШТЕРІ


Балалардың бойының өсуі мен дамуын дұрыс бағалау үшін баланың жасына сәйкес бұл параметрлер физиологиясының ерекшеліктерін, сондай-ақ оларға ықпал ететін факторларды білу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет