Орындалатын жұмыс мазмұны


жастан асқан балалардың дене салмағын өлшеу



бет7/7
Дата06.02.2022
өлшемі24,5 Kb.
#81881
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
28.09.20ж БМ.Тапсырма
177067
2 жастан асқан балалардың дене салмағын өлшеу
Ересектерге арналған таразы пайдаланылуы мүмкін.


2 жастан асқан балаларды өлшеу алгоритмі мен техникасы
1. Бала шешінуге тиіс. Неғұрлым үлкендерінің ішкі киіммен тұруына болады.
2. Балалар өлшеп жатқан кезде қозғалмауға тиіс.
3. Өлшеп жатқан кезде бала таразы алаңының ортасында тұруға тиіс.


Есте сақтаңыз! Балаларды киіммен өлшеуге болмайды — бұл баланың салмағын дұрыс көрсетпейді.
0-ден 2 жасқа дейінгі балалардың денесінің ұзындығын өлшеу
Нәрестелердің және 2 жасқа толмаған балалардың ұзындығы (бойы емес) жатқан қалпында өлшенеді. Бойдың ұзындығы жылжымалы аяғы бар бой өлшеуіштің көмегімен өлшенеді.
0-ден 2 жасқа дейінгі балалардың денесінің ұзындығын өлшеу алгоритмі мен техникасы
1. Аяқ киімді, ұйықты, бас киімді шешу қажет.
2. Нәресте немесе сәби қатты, тегіс жерге арқасымен жатқызылады (жұмсақ жерге жатқызу нақты нәтиже бермейді).
3. Басын қатты, белгіленген, тік жерге тірейді.
4. Басы, арқасы, жамбасы, аяқтары мен өкшелері өлшеу үстелінің бетіне тиіп жатуы тиіс. Баланың табанын жеңіл ғана тітіркендіру арқылы аяғын тіктейді (Бабинский с.).
5. Табандарын тік қалыпқа келтіреді (90.) және шәкілдің аяқ бөлігіне тірейді (қатты, тік, жылжытуға болатын жұқа тақтайша). Бұдан кейін баланың басы мен өкшесінің арасы өлшенеді.
6. Дәл өлшеу үшін бала қозғалмай, тыныш қалыпта болуы керек. Бұл үшін баланың назарын әлдебір затқа аудару немесе онымен ойнау қажет.
7. Өлшеген кезде бала таразы алаңының ортасында отыруға тиіс.


Есте сақтаңыз! Балаларды киіммен өлшеуге болмайды — бұл баланың салмағын дұрыс көрсетпейді. Тамақ ішкеннен кейін өлшемеген жөн. Нәтижелерін мұқият санау керек. Дәл өлшенгеніне көз жеткізу үшін қайтадан өлшеу қажет.


Тапсырма: Мектеп жасына дейінгі балалардың психо-физиологиялық даму ерекшеліктері туралы материалмен танысу, талдау,іздену.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет