тексеру кезінде науқастың асқазан проекциясының алдыңғы ішкі қуысы ауыруы мүмкін.
Клиникалық көріністері. Бұл диагноз эндоскопиялық зерттеу арқылы дәлелденеді. Сырқат белгi бермей ұзақ уақыт жүруi мумкін. Диспепсиялық синдром мен эпигастрий аймағының ауыру сезiмi морфологиялық өзгерicтерге сәйкес келуi сирек кездеседi. Кей жағдайларда ауру клиникалық белгілерінсіз-ақ пайда болады. Ол эндоскопия кезінде анықталады. Қышқыл түзгiш функциясы қалыпты немесе көтеріңкі созылмалы гастрит симптомдар, оның ішінде аш қарынға бiлiнетiн, түнде кешiрек байқалатын ауыру сезімі, қышқылмен кекіру, іштің қату белгiлерi анықталады.
Қышқыл түзгiш функциясы төмен, яғни секреторлық функциясы жеткiлiксiз созылмалы гастрит көбiне жасы ұлғайған адамдарда болады, эпигастрий тұсында сыздаған ауыру сезiмi, тәбеттің темендеуi, ауамен кекipy, iштiң желденуi, iштiң өту белгiлерi байқалады. Ұзақ уақытқа созылған ахилия бiрте-бiрте дене салмағының темендеуiне әкеледі, гиповитаминоз симптомдары (тырнақтың сынуы, еріннің жарылуы, т.б.) пайда болып В12 тапшылық анемия дамиды.
Созылмалы гастриті бар адамдарды объективтi қарау кезiнде көп өзгерic болмайды, кейбiр жағдайларда пальпация кезiнде асқазан ауруы бар екендiгi анықталады.