Орындаушы: Алтынбекова Аружан Сынып: 9 Облыс



бет3/6
Дата23.11.2022
өлшемі57,18 Kb.
#159531
1   2   3   4   5   6
ІІ Негізгі бөлім
Топырақтың маңызы.
2.1 Пайдалы қазбаларды іздеудегі топырақтың маңызы.
Топырақта болып жатқан процестерді зерттеу гоехимиялық іздеу әдістерін жетілдіру үшін маңызды. Бұл әдістер халық шаруашылығының минерал шикізатқа мұқтаждығына байланысты ерекше мәнге ие.
Минерал шикізат жер қойнауының терең не тайыз тереңдігінде жатқандықтан, ғылымдар геохимиялық әдістерді дайындап, топырақты зерттеп, пайдалы қазба кен орнының бар жоғын анықтайтын арнайы аппараттар ойлап шығаруда.Мысалы, топырақ ауасын зерттеп мұнай-газ жиналуын, радиоактивті элементтер қорын анықтауға болады. Осындай іздеу әдістерін дайындау үшін, топырақта жүретін процестерді жақсы білу қажет. Сондықтан бұл салада топырақ танушылар да үлкен қызмет етеді.
30-жылдарда геохимиктер металл рудасы кен орындарының айналасында руда элементтері шашырап кездесетінін ашқан. Қай жердің топырағында осы металл құрамы көптеп кездессе, сол жерде кен орны бар екені анықталған. Бұл әдіс металлометрия деп аталады. Бұл әдіс әлем елдерінде пайдаланылады.
Көптеген геологтар экспедициялары металлометриялық сынақтар алып, лабораторияда арнайы анализден өткізіледі. Алынған нәтижелерді математикалық есептеп, картаға түсіреді және химиялық элементтің кен орнын табуға қолданады.
Металломертиялық жұмыстарды дұрыс жүргізіп, нәтижесін қатесіз талдап, түсіну үшін сынақ алынған топырақтың ерекшелігін білу керек. Жер қыртысы түзілген химиялық эементтер топырақ профилі бойынша заңды түрде таралып орналасады.
Кейбір топырақ горизонтында олар жайылып ағып кетеді не ағып кетеді. Түрлі топырата бұл түрлішеболады. Егер олардың таралу ауданын сынақты топырақ профилі құрылысын ескермей қалса, алынған сынақ үлгісінде тек измус горизонтының сынағы кем болады, ал онда кен орнына байланыссыз – ақ металл құрамы жоғары болады.
Сонымен қатар кен орнына жақын жерден алынған топырақта руда элементтері сумен шайылып кетіп, сынақта металл мөлшері аз болуы да мүмкін, нәтижесінде алынған деректер геологтарды шатастыруы мүмкін.
Бұдан да анық деректерді топырақтың түрлі фракциялары мен сығындыларын тадау кезінде алуға болады. Сіңірілген катион анализін геохимиялық іздеу үшін пайдалану әрекеті болған.
Жер қыртысы түзілу процестері топырақтың беткі жыныстарының физика-химиялық қасиеттерін өзгертеді. Сондықтан аэродром, автомагристраль, теміржолдар салу үшін инженерлік ізденістер жүргізген кезде кейбір жер қыртысын түзуші процестердің топырақтың құрылыстық сипаттамасына әсер етуін бағалау өте үлкен маңызыға ие болып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет