Орыс философиясы



бет28/29
Дата19.03.2022
өлшемі160,77 Kb.
#136116
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29

3. адам бостандығына ішкі қатер төнуде; 4. ол қатерді жалпы ерік пен қысым механизмінің объективтендірілген түрі -мемлекет пен қоғам әкелуде. Қоғам және мемлекет адамның индивидуалдылығын жойып, өзіне бағындыруға ұмтылуда. Әрбір адам міндеті - оның қоғам мен мемлекеттің ассимиляциялануына жол бермей, өздігін сақтап қалу; 5. дін адам өмірінде өзекті роль атқарады; 6. Құдай мен адам арасында тең қатынас болуы тиіс: Құдай – қожайын, адам - оның қүлы рөлінде болмауы керек; 7. адам Құдайға ұмтылуы тиіс, бірақ Құдайды өзімен алмастырмауы қажет. Саяси-әлеуметтік көзқарастарында Бердяев Ресей және орыс халқының тарихи тағдыры мәселесіне көп көңіл бөледі. Бердяев пікірінше, КСРО-да кұрылып жатқан социализм (коммунизм) орыстың ұлттық сипатымен үндес (мысалы: қауымдастық, өзара көмек пен қолдау, теңдік, әділдік, коллективизм). Ресей Шығыстың да, Батыстың жағына да аумауы тиіс, Ресей Шығыс пен Батыс арасындағы аралық рөлде қалып, өзінің тарихи миссиясына орындауы қажет. Ал Ресейдің тарихи миссиясы - Жердегі "Құдай Патшалығын" (яғни, мейірбандылық пен махаббатқа негізделген қоғамды) құру. Бердяев философиясы эсхатологиялық сипатта (алда "ақырзаман'' тұрғанына сенді).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет