• Андрей Курбский (1528 - 1583) - оппозициялық әлеуметтік - саяси философияның идеологы болды, патшалық биліктің диспотизмін тектеуді жақтады, бостандықты, құқықты көкседі. Иван Грозныймен сырттай полемика жүргізді; • Нил Сорский, Вассиан Патрикеев — Шіркеуді реформалауға, шіркеудің салтанаттылығын жоюға, шіркеуді халыққа жақындауға шақырды, "нестяжательдер" қозғалысының идеологтары болды • Аввакум және Никон — шіркеуді идеологиялық тұрғыдан жаңартуға: Никон — діни дәстүрді реформалауға, Шіркеуді мемлекеттік билікпен тең деңгейдегі биліккс айналдыруға; Аввакум — ескі дәстүрлерді сақтауға шақырды. • Юрий Крижанич (XVII ғ.) — схоластикаға, оның орыс теологиясына таралуына қарсы болды; гносеология сұрақтарымен айналысты, рационалды және тәжірибелік (эмпириалық) танымды ұсынды; тіршіліктің бастауы, алғашқы себебі Кұдай деп білді.