Орыс мектебіндегі қазақ тілі пәні бойынша оқушылар олимпиадасын өткізу жөніндегі әдістемелік нұсқау



Дата22.05.2018
өлшемі76,35 Kb.
#40591
Орыс мектебіндегі қазақ тілі пәні бойынша оқушылар олимпиадасын өткізу жөніндегі әдістемелік нұсқау

Орыс мектептеріндегі қазақ тілі пәні бойынша оқушылардың білімі, алдымен, олардың қазақ тілін қарым-қатынас құралы ретінде жан-жақты меңгеруін сараптаумен бағаланады. Оқушылар қазақ тіліндегі мәтінді тыңдаған не оқыған кезде мазмұнын түсініп, белгілі бір тақырып бойынша өз ойын еркін жеткізе біліп, грамматикалық тұлғаларды дұрыс қолданып, сауатты жаза білуі шарт.

Биыл орыс мектептеріндегі қазақ тілі пәнінен олимпиада сөйлесім әрекетінің 5 түрін қамтиды: тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым, тілдесім. Сондай-ақ оқушыларға лексикалық-грамматикалық тест ұсынылады.

Дәстүр бойынша, олимпиада екі турдан тұрады. Бірінші күні барлық жазбаша тапсырмалар орындалады, бұған тыңдалым, оқылым, жазылым және лексикалық-грамматикалық тест кіреді.

Екінші тур ауызша тапсырмалар - айтылым және тілдесімнен - тұрады.

Тыңдалым тапсырмалары Ш.Бектуровтың Аудиокурсы бойынша берілген. Тапсырма 2 бөліктен тұрады (барлығы 20 сұрақ). Тыңдалым басталмас бұрын жюри мүшелері олимпиадаға қатысушыларға тапсырмаларды орындау тәртібі жөнінде нұсқау береді. Оқушылардың тыңдауына екі түрлі мәтін ұсынылады. Мәтіндер екі рет тыңдалады. Әр мәтінді алғаш рет тыңдар алдында олимпиадаға қатысушылар алдын ала сұрақтармен танысады. Әр мәтінге 10 сұрақ берілген. Бірінші мәтін 2 рет тыңдалып болғаннан кейін, арнайы парақтағы дұрыс жауаптарды белгілеу үшін 3 минут уақыт беріледі. Содан соң екінші мәтінмен дәл осындай жұмыс жүргізіледі. Барлық тапсырмаларды орындауға 25 минут бөлінеді.

Бірінші тапсырмада тыңдармандардың назарына диалог не полилог ұсынылады. Тыңдап болғанннан кейін оқушылар берілген нұсқалардың ішінен а) - «дұрыс», ә) - «дұрыс емес», б) - «мәтінде айтылмаған» деген жауаптардың біреуін таңдауы тиіс.

Екінші тапсырмада монолог тыңдалып, мәтін бойынша оқушылардың түсінігі тест сұрақтары арқылы тексеріледі.

Бағалау: Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.

Тыңдалым сайысында алуға болатын ең көп ұпай – 20.

Оқылым тапсырмалары 3 бөліктен тұрады (15 сұрақ және бір мәтін бойынша үзінділердің орналасу ретін анықтау; 11 сыныпта соңғы мәтіндегі бос қалдырған орындарға тиісті сөздерді қою керек: әр дұрыс қойылған сөзге 1 ұпай беріледі). Барлық тапсырмаларды орындауға 45 минут беріледі. Осы уақыттың ішінде барлық жауаптар арнайы параққа түсірілуі тиіс.

Бағалау: Әр сұрақтың дұрыс жауабына 1 ұпай беріледі. Сондай-ақ мәтін үзінділерінің ретін анықтауға 5 ұпай беріледі.

Оқылым сайысында алуға болатын ең көп ұпай – 20.

Лексикалық-грамматикалық тест 20 сұрақтан тұрады. 15 сұрақ оқушының қазақ тілі лексикасы мен грамматикасын дұрыс қолдана білуін танытса, қалған 5 cұрақ елтану тақырыптарын қозғайды. Барлық тест тапсырмаларын орындауға 20 минут беріледі. Осы уақыт ішінде барлық жауаптар арнайы параққа енгізілуі тиіс.

Бағалау: Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.

Бұл сайыста алуға болатын ең көп ұпай – 20.

Жазылым сайысында олимпиадаға қатысушылар әр сыныпта ұсынылған тақырып бойынша эссе жазуы тиіс. Бұл шығармашылық жұмыста оқушының ойын еркін жеткізе білуі, тілдік құралдарды қолдана алуы, қолданатын лексикалық минимумының мөлшері мен күрделілік деңгейі бағаланады.



Эссе жазуға 50 минут уақыт беріледі. Жұмыс көлемі –1-1,5 бет. Жюри мүшелері жазылым тапсырмасын төменде берілген бағалау кестесіне сай бағалауы тиіс.

Жазылымды бағалау кестесі

Мазмұны (10 ұпай)

Ресімделуі (10 ұпай)

Құрылымы

(2 ұпай)


Сөздік қоры

(3 ұпай)


Грамматикасы

(3 ұпай)


Орфографиясы мен

пунктуациясы

(2 ұпай)


9-10

Тақырып толық ашылған, ой-тұжырымдары дәлелді және өте жақсы баяндалған; қарапайым және күрделі идеялар тиімді сабақтасады. Автор тақырыпты ашуда бірегейлік, өзіндік ерекшелік танытады.




2 ұпай

Эссенің құрылымы мен жазылуы жоғары деңгейде, негізгі және қорытынды бөлімдері дұрыс ойластырылған; келтірілген аргументтері қисынды өзара байланысқан және жұмыстың негізгі мазмұнын ашады. Жұмыстың құрылымы жағынан кемшілігі жоқ.



3 ұпай

Оқушының сөздік қоры мол, стильдік қолданыстары өте дұрыс, сөз саптауы жоғары деңгейде



3 ұпай

Жұмыс грамматика тұрғысынан мінсіз. Барлық грамматикалық құрылымдар дұрыс, орынды қолданылған.




2 ұпай

Жұмыста ешқандай емлелік және пунктуациялық қате жоқ.



7-9

Тақырып толық ашылған, бірақ автордың баяндауында бірегейлік байқалмайды.




1 ұпай

Жұмыстың берілген тақырыпқа сай нақты құрылымы бар. Мәтін абзацтарға бөлінген. Бөліктер өзара байланысқан. Мәтіннің құрылымында, қисынында елеусіз қателіктер бар.




2 ұпай

Негізінен сөздік қоры жеткілікті, бірақ сөз саптауында, сөздерді өзара байланыстыруында мәтіннің мазмұнына аса нұқсан келтірмейтін 1-2 олқылық ұшырасады немесе біркелкі, қалыпты лексика қолданылады.




2 ұпай

Жұмыста мәтіннің мазмұнын түсінуге нұқсан келтірмейтін 1-2 грамматикалық олқылық ұшырасады

1 ұпай

Жұмыста мәтіннің мазмұнын түсінуге нұқсан келтірмейтін бірқатар емлелік және тыныс белгілеріне байланыс

ты қателер бар.


5-6

Негізінен тақырыпты ашуға тырысқанмен, жұмыс мазмұнының тұтастығы бұзылған. Қажетті аргументтер мен фактілер келтірілмеген.



1 ұпай

Негізінен сөздік қоры тақырыпқа сай қолданылғанмен, сөз тіркестерінде, сөз саптауында 3-5 олқылық кездеседі.




1 ұпай

мәтіннің мазмұнына нұқсан келтірмейтін бірқатар (3-5) грамматикалық олқылық ұшырасады



3–4

Тақырыпты ашуға талпыныс болғанмен, көптеген қателіктер мен сәйкессіздіктер бар. Тек қарапайым идеялар ғана ашылады. Жұмыстың мазмұнында тақырыптан ауытқушылық байқалады.




0 ұпай

Мәтіннің нақты қисынды құрылымы жоқ. Абзацтарға бөлінбеген немесе дұрыс емес бөлінген.

Мәтіннің ішкі байланыстарында елеулі олқылықтар бар. Ешқандай ой сабақтастығы байқалмайды. Жұмыстың орындалуында жүйе жоқ.


0 ұпай

Сөздік қоры шектеулі, қайталаулар көп, сөздік қоры мен стильдік қолданысы жеткіліксіз. Көп құрылымдары аяқталмаған және қате,

оқушы ойын түсіну қиын.


0 ұпай

Жұмыста мәтін мазмұнын түсінуді қиындататын біраз грамматикалық қателер бар.



0 ұпай

Көптеген орфографиялық және пунктуациялық қателіктер жіберген, мәтінді түсінуге қиындық туғызады.



0–2

Мәтіннің мазмұны тақырыпқа сай келмейді. Көлемі де жартылай орындалған. Талаптарға сай келмейді, тақырыпқа байланысты сілтемелер аз; сұраққа жауап бермеді.



Сонымен, бірінші турда тыңдалым бойынша қойылатын ең жоғары балл – 20, оқылым – 20, лексикалық-грамматикалық тест– 20, эссе – 20 . Барлық тапсырмаларды орындауға шамамен 2,5 сағат беріледі, яғни 1-тур таңғы сағат 9-да басталса, cағат 11.30-да аяқталуы тиіс.

Екінші турдың тапсырмалары оқушылардың айтылым және тілдесім әрекеттерін меңгеруін тексеруді көздейді. Ол негізінен ауызша пікір алмасу, сөйлесу түрінде жүргізіледі. Бұл тапсырманы орындау барысында оқушының сөздік қоры, қазақша сөз саптай білуі танылады.

Бұл турда оқушылардың басым көпшілігі күту бөлмесінде жиналып отыруы тиіс. Олардың арасынан алдымен 6 адам қазылар алқасы отырған бөлмеге шақырылады. Кзздейсоқ таңдау негізінде олар 3 жұпқа бөлінеді де, тапсырма парағын алады. Парақтағы тақырыпқа дайындалу үшін 5 минут уақыт беріледі. Содан кейін жұптағы оқушылардың бірі таңдаған тақырыбы бойынша өз пікірін айтады. Осы жұптың екінші мүшесі сөйлеушіге тақырыпқа қатысты 3 сұрақ қойып, жауап алуы тиіс. Содан соң олар рольдерімен алмасады, яғни екінші оқушы тақырып бойынша сөйлеп, бірінші оқушы оған сұрақтарын қояды. Әр оқушыға тақырып бойынша монолог айтуға 2 минут беріледі.

Жалпы алғанда, 2-тур бойынша оқушы жинайтын ең жоғары баға – 20 ұпай. Оның ішінде 10 ұпай – айтылымға, 10 ұпай – тілдесімге бөлінеді.



Тур

Бақылау түрі

Ұпай саны

І

Тыңдалым

20

Оқылым

20

Лексика-грамматикалық тест

20

Жазылым (эссе)

20

ІІ





Айтылым мен тілдесім

20







Барлығы:

100


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет