Топпен жұмыс істегенде, топ басшысы – спикер (немесе капитан, командир) сайлануы қажет.
Өйткені спикер топ жұмысын тексеріп,бақылап,әр оқушының топ жұмысына қосқан үлесін қадағалап, баға беріп отырады. Сабақ барысындағы бағалау сәтінде мұғалім спикердің пікірін біліп алып, өз бағасын түсүніктеме беріп қоюы керек.
Сын тұрғысынан оқу және жазу технологиясы оқушыларға алдын ала тапсырма беру әдістемелік жұмыстың бір түрі.
Бұл жұмыс түрі оқушылардың ізденушілік,зерттеушілік, өз бетімен жұмыс істеу қабілеттерін дамытады, сондықтан осы жұмыс түрі қазақ тілі сабағында жиі қолданғанса пәнге деген қызығушылығын арттыра түседі.
Мақсаты:
ҚМЖ жинағының басты мақсаты оқу мен оқытуды жеңілдету үшін қазақ тілі мұғалімдеріне әдістемелік көмек ұсыну болып табылады.
Мектептің негізгі сатысында мұғалімдерге ҚМЖ жасап оларды әр сабағында қолдануға бағытталған әдістемелік құрал ретінде ұсыну.
Жаңартылған бағдарлама бойынша қазақ тілі мұғалімдерімен тәжірибе алмасу .
Міндеті:
Жаңартылған бағдарлама бойынша әр мұғалім ҚМЖ жасай білуге, және оларды әр сабағында тиімді қолданып, сабақ мақсатын дұрыс қойып, белгілі бір нәтижеге қол жеткізе білуге тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |