Түсінік хат Ұсынылып отырған «Орыс тілді мектептерде 5, 7, 11 сыныптарға арналған ҚМЖ жинағы» қазақ тілі пәні бойынша жаңартылған оқу бағдарламаның мазмұнына сүйене отырып жасалды. Білімнің беріктігін қамтамасыз ету үшін, орыс сыныптағы оқушылардың қазақша сөйлеу тілін дамыта түсу үшін, оқушының сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін және сауатты жазу дағдысын көздейді. Сонымен қатар бұл жинақ қазақ тілі мұғалімдеріне әдістемелік құрал ретінде ұсынылады.
Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілінің оқу бағдарламасы бойынша оқу мақсаттары оқушылардан жазылым, айтылым, тыңдалым, оқылым дағдыларын пайдалануды талап етеді. Осы сабақтар жинағында оқылым, тыңдалып, айтылым, жазылым дағдылары толық қамтылды. Сонымен қатар белсенді оқу оқушылардың мұғалімді енжар тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту және оқу әдістерінің бірі болып табылады. Сабақ жоспарларында оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып топпен, жұппен жұмыс жасай отырып оқушылардың көшбасшылық қасиеттерін қалыптартыруға негізделген. Сабақ жоспарларында тренингтер, ойындар, түрлі органайзерлер, рефлексия, кері байланыстар қолданылды. Бұл сабақ жоспарын құрудың басты ерекшелігі жоспарды құру барысында сабақтың мақсаты оқушыларға қол жетімді болуы ескеріліп, нәтижелі болуды көздейді.
ҚМЖ жинағы әр сабақ жоспары орыс тілді оқушылардың мемлекеттік тілді құрметтеуге, тілге деген қызығушылықтарын арттыру, сөздік қорын молайту, өз ойларын қазақ тілінде жеткізе білуге негізделген.
Бұл ұсынылып отырған жоспар қазақ тілі мамандарына әдістемелік көмек құралы ретінде ұсынылып отыр. Сондықтан жоспар жоба ретінде беріліп отыр.Әр мектептің,әр сыныптың қазақ тілі мұғалімі өзінің сынып оқушыларына,олардың білім, дайындық деңгейіне қарап,толықтыруы қажет,өзінің қолында бар көрнекілік құралдарымен, жабдықтарын қосуы керек.
Сын тұрғысынан оқу және жазу технологиясы оқушылардың өз бетімен жұмыс істеулеріне,ізденулеріне,шығармашылық, зерттеушілік дағдыларын дамытуға,топпен, жұппен, ұжымдық жұмыс істеуді көздейді.Сабақта мұғалім оқушыларға бағыт беріп,әр топтың жұмысын қорытындылап отырады. Яғни,білім мазмұнын жаңарту уақыт талабына сәйкес - сабақ ұйымдастыру менеджері рөлін атқаруы тиісті.
Сабақ барысында 3 (үш) топқа бөлініп отырған себебі – ауыл мектептерінде оқушылардың саны аз болады,әр сыныпта ең көп деген де 18-22 оқушыдан болуы мүмкін сондықтан, бір топта 7-8 оқушы болуы көзделіп отыр.