Өрісте бір арық қой жалғыз қалыпты. Қалың шілік арасынан шыққан қасқыр



Pdf көрінісі
бет8/8
Дата16.03.2022
өлшемі0,62 Mb.
#135869
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Ертегілер 1-2 сынып

От пен Су 
Бір күні От пен Су кездесіп қалды. От Судан: 
— Қайдан келе жатырсың? — деп сұрады. Су Оттың сөзіне ашуланып: 
— Сенің ағайындарың жеті жұртты құртқан жұт әкелетін жалмауыздар, әп-әдемі 
бір үйді ыстық алауына орап, күл-талқан етті! — деді. От: 
— Суеке, неге қатты ашуландың, оған менің қатысым қанша? — деп еді, Су одан 
бетер айқайлап: 
— Бір күшейіп алсаң, айналаңа дес бермей, көзің тоймай бәрін бір-ақ жалмағың 
кеп, араның ашылады да тұрады. Сенің көзіңде тойым жоқ! — деді. 
Сонда От: 
— Ай, Суеке, Суеке-ай, талай жерді, талай елді, тіпті Адамзатты төсіңнің астына 
сап басып қалғаныңды ұмытасың-ау. Көктем болса болды арнаңнан құтырына 
асып, өткел бермей талай елді қан қақсатқан сен емей мен бе? — деді 
қалыспай. 
Әбден ашуға булыққан Су: 
— Болды, жетер. Енді сенің үніңді біржолата өшірмесем бе, Су атым құрсын, — 
деп бар пәрменімен Оттың үстіне шапшыды. Су бір айла жасар-ау деп дайын 
тұрған От сытылып қаша жөнелді. Су өкшелеп қуа берді. Жан екпен қашқан От 
алып Орманға тығылды. Сол сәт Орман ағаштары қызыл алауға оранды. Енді 
Судың жұмысы одан әрі көбейді. Ол Орман ағаштарын өшіріп болам дегенше 
бойынан қауқар кетіп, әбден әлсіреді. Ең соңғы демін салып отты шала-пұла 
сөндірді де есінен тана жығылды. Біраз уақыттан соң көзін ашса, От шала 
бықсып-бықсып жатты да бірте-бірте күш ала бастады. Су қатты шошынайын 
деді. Ол Оттан: 
— Отеке, бір ашуыңды маған бер. Мен әбден таусылып, әлсіреп жатырмын. 
Орманды өртей гөрме, — деп жалынды. Сонда От: 


— Жақсылықты жалғыз өзің жасап жүргендей кеп маған кеудеңді көтересің. Бұл 
дүниеде екеуміздің де өз орнымыздың барын мойындағың келмейді. Мені 
жаман ниетті етіп, өзің ақ адал болғың келеді. Мен мынау орманды алауыма 
орайын деген ниетім болған жоқ. Сен ашуға алдырған соң өлмеудің амалын 
жасадым. Өз өмірімді қорғадым. Егер сен килікпегенде бұл орман жайқалып 
тұрар еді. Енді мен ашуланатын не қалды. Одан да сен еңсеңді көтер, бойыңа 
күш жина. Орманды суар, күш алсын, — деді. 
— Дұрыс айтасың, — деген Су Оттың бетіне қарауға шыдай алмай Орманды 
жағалап ағып бара жатты. Суға қарап тұрған Оттың құлағы Су айтқан мына сөзді 
естіген еді. 
“От, досым, мен ағаттық жасадым. Егер сен болмасаң Адамзат қалай 
жылынатын еді. Әрбір үйге нұр шашып, жылу ұялатасың. Мен пақыр күнәмді 
өтеп, мына жайқалған орманды қайта қалпына келтірейін. Мені кешіріңдер” 
деген Су сөзі бара-бара көмескеленіп мүлдем естілмей кетті. 
— Су, бар жерде ну бар. Әлі-ақ бәрі қалпына келеді. Қорықпа досым. Екеуміздің 
де өз жақсылығымыз бар. Екеуміз де Адамзатқа керекпіз. Сондықтан 
ауызбірлікте болайық. Енді қателік жасап алудан сақтанайық. Сен сол арнаңды 
асырмай, болмаса кемімей тыныш аққан күйіңде қал. Ал мен дүрілдеп-
дүркіремей күшімді шақтап жұмсауға уәде беремін, — деп сыбырлады. От сөзін 
Жел қағып алып Суға жеткізді. 
Содан бері Су күш-қуаты бойына сыймаған күні әлемді кеудесіне баспай тарам-
тарамдарға бөлініп кетуге тырысып келеді. Ал От күші дүниені жылы ұстауға 
дайын. 
 
Адина Жүсіп 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет