«Қорқыт Ата кітабы»- бүкіл түркі тілдес халықтарға ортақ аса көрнекті жазба ескерткіші. Бұл еңбекте тәлімдік мәні күшті афоризмдер, қанатты сөздер мен тағылымдық-танымдық идеялар, өсиет сөздер көптеп кездеседі



Дата19.12.2021
өлшемі18,52 Kb.
#103349
Байланысты:
Қорқыт ата дана
www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, соч 4 8, Реферат Балгожин А. Хетт, АКТ-ны және жаңа технологияларды пайдалану, ҚМЖ 5 сынып, ҚМЖ 5 сынып, сцен, ҚМЖ 5 сынып, Менің панорамалық сабағым

Қорқыт ата дана-ақылшы ретінде, біріншіден, даналық толғаныстары мен тұжырымдары, өсиетнамалардан, ғибратнамалар арқылы көрінсе, екіншіден, жырларының идеясы мен ішкі формасынан, үшіншіден, әрбір жыр соңындағы қорытынды сөздерінің ақыл-кеңестері мен батасынан сезімдік сипатты тәлімдік-тәрбиелік ой толғаныстарынан байқатады. Қорқыттың этикалық әлемі-бұл қазақ халқы қоршаған табиғатқа, ұлы Отанға және оның батырлық өткеніне деген сүйіспеншілігін жиған ұрпақтардың жалғастырушы желісі, әдептілік дәстүрлердің тірі жалғасы, болашаққа сеніммен қараудың таусылмас қайнар көзі және даналықтың қазынасы. Ойшылсәуегейге жас та, кәрі де және одан өмірлік ауыртпалықтардан айығуға, жанына тыныштық және жүрек- теріне жылылық таба білді. Қорқыттың кеңестері далалықтардың қоғамдық өмірінде үлкен рөл атқарды, олар күні бүгінге дейін халық даналығы шоғырланған мақал мен мәтелдер ретінде қабылданады. Оның қанатты сөзге айналған нақыл сөзі мынадай: «Қар қалың жауса да, көктемге дейін қалмайды, жайқалып өскен көк майса күзге дейін қалмайды. Ескі мақта мата болмас, ескі жауың дос болмас. Сулар тарам-тарам болып, қаншама тасып аққанымен, теңіздерді толтыра алмайды. Менмен, тәкәппар адамды тәңірі сүймейді. Басқалардан өзін жоғары ұстаған адамға тәңірі бақ бермейді. Қара есектің басына жүген таққанмен тұлпар болмас. Қар қаншама қалың жауғанмен- жазға бармас, гүлденіп өскен бәйшешек күзге бармас. Тозған мақта бөз болмас, ежелгі жау ел болмас болмас. Қайыспас қара балтасыз жау алынбас. Мыңғырған мал жиғанмен, адам жомарт атанбас. Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағлым алмаған ұл жаман. Ондай бала ел басын құрап, үйінен дәм беруге жарамайды».

«Қорқыт Ата кітабы»- бүкіл түркі тілдес халықтарға ортақ аса көрнекті жазба ескерткіші. Бұл еңбекте тәлімдік мәні күшті афоризмдер, қанатты сөздер мен тағылымдық-танымдық идеялар, өсиет сөздер көптеп кездеседі. Кең даланы еркін мекендеп, салтанатты, салауатты өмір кешкен көшпенділер “Адамзат өмірінің мәні неде?” деген философиялық мәселеге ұрпақтар сабақтастығы адамзат тіршілігінің мақсаттарының бірі екендігі туралы түсінікке әкеліп салған. Қорқыт Ата мұрасындағы адам мәселесі, оның өмір сүру қағидалары, мақсат-мұраттары және қоғам мен ұлттық болмыс хақындағы әлеуметтік- тұрмыстық толғаныстарына алып келеді. Онда халқының болашағы, жалпы адамгершілік құндылықтар мен қасиеттерді сақтау, тәлім-тәрбие, ата салтын, дәстүрін құрметтеу мен қастерлеу мәселелері өз болды. Қорқыт Атаны жалпы түркі халықтарының мәдени-дәстүрінің негізін салушылардың бірі деп қарастыруға болады. Қорқыт ата дана-ақылшы ретінде, біріншіден, даналық толғаныстары мен тұжырымдары, өсиетнамалардан, ғибратнамалар арқылы көрінсе, екіншіден, жырларының идеясы мен ішкі формасынан, үшіншіден, әрбір жыр соңындағы қорытынды сөздерінің ақыл-кеңестері мен батасынан сезімдік сипатты тәлімдік-тәрбиелік ой толғаныстарынан байқатады. Қорқыттың этикалық әлемі-бұл қазақ халқы қоршаған табиғатқа, ұлы Отанға және оның батырлық өткеніне деген сүйіспеншілігін жиған ұрпақтардың жалғастырушы желісі, әдептілік дәстүрлердің тірі жалғасы, болашаққа сеніммен қараудың таусылмас қайнар көзі және даналықтың қазынасы. Ойшыл- сәуегейге жас та, кәрі де және одан өмірлік ауыртпалықтардан айығуға, жанына тыныштық және жүрек теріне жылылық таба білді. Оның дидактикалық тұрғыдан берілетін нақыл сөздерінің, оның ішінде ата- салтын қастерлеу, жалпы адамзаттық, адамгершілік құндылықтар туралы айтқан қағидалары бүгін де өз мәнін жойған жоқ. Мәселен, ата дәстүрі мен салты, жанұя тәрбиесі, тәрбиедегі үлгі-өнеге туралы өсиетнамалары мен қатар жырларында да жақсы айтылады. «Қыз анадан көрмейінше өнеге алмас», «Ұл атадан көрмейінше сапар шекпес», «Ата малынан не пайда, баста дәулет болмаса».



Қорқыт атадан қалған тағы бір нақыл сөздерінен мысал келтірсек: «Тәңірге сиынбаған адамның тілегі қабыл болмайды. Тәңірі пендесінің маңдайына не жазса, сол болады». «Менмен, тәкаппар адамды тәңірі сүймейді. Басқалардың өзін жоғары ұстаған адамға тәңірі бақ бермейді», «Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман. Ондай бала ел басы құрап, үйінен дәм беруге де жарымайды», «Ананың көңілі балада болар», «Ақылсыз баладан ата дәулетінен қайран жоқ», «Батыр туған жігіттің садағының оғы да қылыштай кесіп түседі», «Атаның атын былғаған ақылсыз баланың әке омыртқасынан жаралып, ана құрсағында шырланып, тумағаны жақсы», «Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді», «Өтірік сөз өрге баспайды, өтірікші болғаннан, жарық көріп, өмір сүрмеген көп артық». Сонымен қорытындылай келе, Қорқыт мұраларының ақыл-нақылға құралған шешендік нақыл сөздерінің аз кездеспейтінін байқауға болады. Нақыл сөздерінде ырғақ, ұйқасқа құралған мазмұны терең ұшқыр да ұтымды ой анық аңғарылып, бүгінгі күнде де өз тәрбиелік мәнін жоғалтпаған. Ғасырлар сынынан өтіп, бізге жеткен Қорқыт ата қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі және ол тудырған «Қорқыт ата кітабы» бүгінгі жастар үшін оғыз, қыпшақ дәуірінің ұлы мұрасы қазақ эпикалық дәстүрінің алғашқы баспалдағы ретінде жасай бермек. Қорқыттың пайымдауынша, адамдар адамилық қасиеттерін сақтап қалу керек. Адам үшін ең қауіптісі-адамилықты жоғалту.

Қорқыт көтерген мәңгілік мәселесі-өмірсүйгіштікке шақыру және өмірді сүйген адам ғана өз ұрпағын адамгершілік негізінде тәрбиелейді, сол арқылы жалпы халықтың болашағы алдында өзінің жауапкершілігін түсінеді және перзенттік борышын барынша парасаттылықпен, ыждағатты түрде орындауға тырысады. Адамның тектілігі де, намысының негізгі кейпі де осында жатыр. Тектілікке, атаққа іліну немесе байлық пен мансап құру жатпайды, керісінше, дүниенің сырын, оның терең мәнін жүрегіңмен түсініп, ақылыңмен екшеп, айналаңа жылуыңды шаша жарқын өмір сүруді жатқызуға болады. Адам жақсы істің жалғасын біліп, дүниені көркейтуге өз үлесін қосуы, дарынын шабытпен шалқытып, адамдарды біріктіре білсе тектілік танытқаны. Бұл болмыста өмір сүре білу дегеніміз әлеуметтік шындықтағы қиындықтарды белсенді түрде жеңе білу, мүмкіндігінше тіршілікпен үйлесімділікті орнатуға атсалысуы. Бұл іс- әрекеттегі ұқыптылық -адамның үлкен өмірдің алдындағы жауапкершілігі. Қорқыт ел бірлігін нығайтқан кемеңгер қайраткер ғана емес, түркілік дүниетанымның мәйегін жасап кеткен ғұлама ойшыл, әлемдік ақыл-ой мәдениетінде өз орны бар философ-гуманист айтты деген мақалдар мен нақыл сөздердің өзінің мәнін жоймағандығы соншалық, оның кейбірі әлі күнге дейін қазіргі қазақ өмірінде қолданылып келеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет