Жарық көздері:
Жылулық жарық көзі –қызған денелердің атомдарының қозып, жарық шығаруы;
Катодолюмиенесценция – шапшаң электрондармен соққылағанда қатты зат (катод) атомдарының қозып, жарық шығаруы;
Электролюминесценция - шапшаң электрондармен соққылағанда газ атомдарының қозып, жарық шығаруы; (Солтүстік шұғыла)
Хемилюминесценция – кейбір зат атомдары химиялық реакция нәтижесінде қозып, жарық шығаруы; (Қараңғыда шіріген ағаштың, кейбір жіндіктердің жарық шығаруы)
Фотолюминесценция – түскен жарық әсерінен зат атомдарының қозып, жарық шығаруы:
Ядро құрамы: протондар мен нейтрондар, оларды нуклондар д.а..
Протон - ядро ішіндегі ең кіші оң зарядталған элементар бөлшек.
Нейтрон - ядро ішіндегі ең кіші заряды жоқ элементар бөлшек.
Кез келген химиялық элемент формуласы:
A- массалық сан, ядродағы нуклондар саны
Z – реттік нөмірі, ядродағы протондар саны
N- ядродағы нейтрондар саны
Бейтарап атом ядросында қанша протон болса, электрондық қабықшаларда сонша электрон болады.
Мысалы: A=238 Z= 92 N= 238-92=146 Ne=92
Изотоп – реттік нөмірлері (ядродағы протондар саны) бірдей, массалық саны (ядродағы нуклондар, нейтрондар саны) әртүрлі химиялық элементтер қатары.
Радиоактивтілік – кейбір ядролардың өздігінен түрленуі. Беккерель ашты.
Радиоактивті сәулені сыртқы өріс арқылы өткізгенде ол 3-ке жіктелді:
Олар альфа бөлшек, бетта бөлшек, гамма сәуле.
Альфа бөлшек – екі электронынан айырылған гелийдің оң ионы (ядросы)
Массасы протонның массасынан 4 есе үлкен.
Заряды оң, протонның зарядынан 2 есе үлкен.
Формуласы:
Достарыңызбен бөлісу: |