Қорытынды аттестаттау тапсырмалары


Ә мәтіні:  сұхбаттан үзінді   Исраил САПАРБАЙ, ақын-сазгер, драмматург



Pdf көрінісі
бет10/99
Дата21.12.2022
өлшемі2,96 Mb.
#163686
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   99
Байланысты:
ТАПСЫРМАЛАР

Ә мәтіні: 
сұхбаттан үзінді 
 Исраил САПАРБАЙ, ақын-сазгер, драмматург:
Біздің ата-бабаларымыздың қолы жетпеген егемендікке біздің қолымыз 
жетті. Осы үшін шүкірлік айтуға тиіспіз. 
Тәуелсіздік бұл – әрбіріміз үшін қасиетті ұғым. Біз бақытты ұрпақпыз. 
Өйткені, біздің ата-бабаларымыз, келешек ұрпақ үшін деп, яғни мына сіз бен біз 
үшін елімізді, жерімізді қорғау жолында қасық қаны қалғанша аянбай күресті. 
Кезінде сонау зар заман ақындары мен жыраулары еркіндікті, теңдікті аңсап 
жырға қосты. Осы тұрғыдан алғанда Тәуелсіздіктің қадір-қасиеті арта түсері 
сөзсіз. Тәуелсіздік - бізге Алланың берген ең үлкен сыйы.


11 
ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
Уәлихан 
ҚАЛИЖАНОВ, 
филология ғылымдарының 
докторы, 
Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері:
Ғасырлар тоғысып, заман алмасып жатты. Өзгермеген бір-ақ нәрсе еді! Ол - 
Егемен ел болам деген қазақтың арманы. 
Әлем назары Тәуелсіз атанған Қазақстан мемлекетіне ауды. «Қазақтың бүкіл 
тарихы – бірігу тарихы» – деп Елбасымыз қадап айтқандай, Егемендік
Тәуелсіздік, Ана тілі ұлтты біріктіруші күшке, ұлттық идеологияның рухани 
тірегіне айналды. 
Қазір кез-келген елге барғанда аяғыңды нық басып, сол елдің шекарасынан 
жалтақтамай ары өтесің, бері өтесің. Өйткені сен қазақ елінің өкілісің, Қазақстан 
азаматысың! Төбеңде желбіреген көк туың бар, жүрегіңнің тұсында бойыңды 
қуаттандыратын Әнұраның бар. Сен Тәуелсіз елдің тумасысың, егемен елдің 
азаматысың. 
Рүстем ДОСЫМҚҰЛОВ, «Қазақ үні» газетінің тұрақты оқырманы әрі 
авторы: 
Тәуелсіздік – әрбір азаматтан туған мемлекетімізді аялауды және қорғауды, 
біздің халқымыздан мызғымас бірлікті, шабытты еңбекті және болашаққа сенімді 
талап етеді. Тәуелсіздік болашаққа сеніміміз біздің дамуымызды қамтамасыз 
етеді. 
Қазақстанды дамыған, инновациялы, берекелі елге айналдыру – 
жалпыхалықтық мақсат-мұрат! Өз басым осы мүддеге жетуге бізге ештеңе кедергі 
бола алмайтынына нық сенемін. 
Бүгінгі таңда біздің еліміздің тағдыры біздің ұлттық сана сезімімізге, 
отаншылдығымызға, болашаққа деген сенімімізге байланысты. Біз Отан үшін 
аянбай еңбек етуіміз керек деп білемін. Сенімсіздікке бой алдырмай, керісінше 
«жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, мүмкіндіктерімізді біріктіріп батыл түрде 
алға жылжуымыз керек. Сонда ғана жеңіске жетеміз! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет