Бағаланатын кезеңдегі талдауға арналған құжаттар : оқу пәндері бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспарлар, сынып журналдары («Білім-ал» немесе «Күнделік» АЖ-дан жүктеу) . Талдау нәтижелері :Осы критерий бойынша талдауға ұсынылған құжаттарды зерттеу көрсеткендей, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау білім алушылардың білімін бағалау критерийлерін қолдану арқылы жүзеге асырылады. Бағалау критерийлері білім алушылардың оқу жетістіктері деңгейлерін өлшеу үшін пайдаланылады. Бағалау критерийлері әрбір оқу бағдарламасы бойынша оқыту мақсаттарына сәйкес әзірленеді, сонымен бірге білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктері ескеріледі. Мектептің электронды сынып журналдарында ағымдағы бағалардың немесе ағымдағы бағалаудың балмен, 2-11 сынып білім алушыларында тоқсандық және жылдық бағалардың болуы, сондай-ақ белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан, оқу жылы) аяқталғаннан кейін өткізілетін жиынтық бағалауды жүргізу қорытындылары бойынша жиынтық бағалауды және талдауды, оқу бағдарламасына сәйкес бөлімдерді /өтпелі тақырыптарды зерделеуді растайтын материалдар жинақталған. Алайда, 2022-2023 оқу жылында 5 «Ә» сыныбының жаратылыстану, қазақ тілі пәндері бойынша бірнеше оқушыларға ҚБ қойылмаған, тоқсандық қорытынды баға шыққан. Шетел тілі пәні бойынша ІІІ тоқсанда өткізілген №1,2 БЖБ балдары қойылмаған. Инфоматика пән мұғалімі Қ.Алдабергенова қараша айында ҚБ толық емес. І тоқсан қыркүйек, қазан, қараша айланына ҚБ қойылмаған. 5 «А» сыныбы шетел пәні мұғалімі М.Дүйсенбек желтоқсан, қаңтар айларына, информатика мұғалімі Айбын Нұржан қыркүйек айына ҚБ қойылмаған. 10 «Б» сынып алгебра, геометрия пән мұғалімі Г.Керимбаева қыркүйек айы ҚБ қойылмаған. 11 «А» сынып география пән мұғалімі Сатан Гүлім қазан, қараша, желтоқсан, қаңтар ақпан, наурыз айларына ҚБ қойылмаған.
ҚОРЫТЫНДЫ:
3)
Қазақстан Республикасы Білім министрінің 3 тамыздағы бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының талаптарына сәйкес ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды оқыту кезінде инклюзивті білім беру талаптарын орындау. , 2022 жылғы No 348 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) (даму және әлеуметтік бейімделу бұзылыстарын түзету).