6.Төтенше жағдай кезінде көрсетілетін алғашқы дәрігерлік көмек түрлерін анықтаңыз. Ең алдымен бас сүйгі мен ми жарақатының сипатын (ашық немесе жабық) және зардап шегушінің жәй-күйін анықтау қажет. Бұдан кейін сананың бұзылу, қан ағу және сыртқы тыныс алудың дәрежесін анықтаған жөн. Қан аққан кезде жараға таза қатты таңғыш байлайды. Тыныс алу бұзылған кезде ауыз қуысы мен жоғары тыныс жолдары босаған соң жасанды тыныс алу шарасын жасайды. Есіз күйдегі адамдардың тілін байқаған жөн, өйткені ол қозғалыс кезіңде тыныс жолдарын жауып тастау мүмкін. Тыныс жолдарына қанның, құсықтың түсуін ескерту мақсатында жаралыны бүйірлеп жатқызып тыныштықта қалдырады. Мұндай кезде оған 50%- 2мл анальгин және 1%- 2мл димедрол ерітіндісін немесе 2% супрастин енгізеді. Ашық жарақат кезінде пеницилин тағайындайды. Басқа мүз салынған қуық қояды. Басқа таңғышты — «тақияны» мынадай әдіспен қояды. 1 м-ға жуық бинт кесіндісін тобеге қояды, оның ұшын (байла-мын) тік құлақ қалқанының алдынан төмен түсіреді. Басты айналдыра отыра байлайды, содан соң түйінге жеткен соң бинтті оның теңірегінен екі жағынан да орап қиғаш-тай желкеге жеткізеді, желке мен маңдай арқылы кезекпен орап, бастың букіл шашты бөлігін жабады