Қорытынды сұрақтар жауабымен Тіршілік қауіпсіздігі пәнінің мақсатын айтыңыз


Қауіпті өндірістік және тұрмыстық факторларды көрсетіңіз



бет8/14
Дата07.02.2022
өлшемі27,26 Kb.
#89787
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
Байланысты:
Қорытынды сұрақтар жауабымен
Тараулар бойынша тест сұрақтары, Тараулар бойынша тест сұрақтары, 0007270c-2dd5b176, Тіршілік қауіпсіздігі дәрістер жинағы, Әдістемелік нұсқаулық
8.Қауіпті өндірістік және тұрмыстық факторларды көрсетіңіз.
Зиянды өндірістік (кәсіптік) факторлары– адамның іскерлігінің төмендеуіне, жедел және созылмалы уланулар мен сырқаттардың пайда болуына, жалпы сырқаттанушылығының өсуіне және алшақтық мерзімдерде басқа жағымсыз ауытқулардың тууына келтіретін еңбекті ұйымдастыру және оны орындау факторлары. Адамның кәсіптік ісі еңбек пен жұмыс орнын дұрыс ұйымдастырмау, мертігу қаупі, өндірістік ортаның физикалық, химиялық және биологиялық факторларының әсерлік жағдайларына жүруі мүмкін. Өндірістік ортаның зиянды және қауіпті факторлары белгілі бір жағдайларда адамның денсаулығында қандай бір ауытқуларды тудыруы, ал кейде өндірістік қамтамасыз етілген және кәсіптік ауруларды тудыруы мүмкін.
Еңбек гигиенасының негізгі міндеттерінің бірі болып жалпы және кәсіптік сырқаттанушылықтың алдын алу саналады. Кәсіптік аурулардың профилактикасы бірінші кезекте этиологиялық факторды және одан туған сырқаттарды жан-жақты зерттеуге негізделген. Республиканың халық шаруашылығында жаңа технологиялық процестерді енгізу, өнеркәсіптің басты салаларына шетелдік инвесторларды өздерінің жаңа технологияларымен қызықтырып тарту еңбек гигиенасының алдына көптеген жаңа міндеттер қойып отыр. Мұнда маңызы зор мәселе гигиеналық нормативтерді ғылыми тұжырымдау. Осы мақсатпен Республикада денсаулық сақтау министрлігімен еңбек гигиенасы бойынша санитарлық нормалар мен ережелердің жаңа 3 томдығы шығарылған, сонымен қатар, оның құрамындағы санитарлық нормативтік құжатнамалар кезеңді түрде жаңартылуда. Еңбектің максималды өнімділігіне ықпал жасаушы жағдайларды қамтамасыз ету үшін адамның іскерлігіне әсер етуші жабдықтарына, құралдарына, басшылық жасаушы пульт қондырғыларына және жұмыс орнына, жұмыс және демалыс кезеңдерінің ұзақтығына қойылатын талаптарды физиологиялық тұжырымдау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет