«Қуыршақ театры» МКҚК
Іс-шаралар
Есепті кезеңде Театр ұжымы өз сахнасында, сондай-ақ басқа да мәдени алаңдарда (қаланың ашық алаңдарында, мектептер мен балабақшаларда) ағымдағы репертуарымен өнер көрсетті: Т. Хасанғалиева «Чудеса в новогоднюю ночь», А. Салаева «Русалочка», «Легенда о Наурызбеке», «Король лев», «Алекс на дорогах города», «Солдатский котелок», «Витамины», «Как появилось эхо», «Қаңбақ шал»; Е. Жуасбеков «Ой, тоба!», режиссер - Қ. Ешмуратова; автор - Р. Мұқанова Семей сынақтар полигонына арналған «Вечное детство» спектакль-трагедиясы; Т. Хасанғалиева «Волшебные слова», «Проделки лени», «Легенда о белых лебедях», «Лесная сказка», К. Ешмұратова «Ер төстік», С. Жүнісов Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай театрда «Атамекен» спектаклі; А.Салаев «Чик-чирик, мяу-гав!» құқық бұзушылықтарға қарсы күреске арналған спектаклі қойылды.
Премьералар
Театрмен 2 премьералық спектакль қойылды: «Волшебная лампа Аладина», «Волшебный ковер».
Гастрольдер
Ақпан. Алматы қ., Т. Хасанғалиева «Это я нарисовал» спектаклі;
Наурыз. Петропавл қ., Т. Хасанғалиева «Это я нарисовал» спектаклі.
Фестивальдар
Сәуір. Болгария, Ямбол қаласы, «Михаил Лъкатник» ХХ Халықаралық қуыршақ театрларының фестивалі Т. Хасанғалиева «Старик перекати поле – Қаңбақ шал» спектаклімен.
Қайырымдылық
Наурыз. Зорлық-зомбылық салдарынан немесе зорлық-зомбылық қаупі салдарынан қиын жағдайға түскен тұлғалар арналған дағдарыс орталығында - А. Салаева «Волшебные слова» спектаклі; Софиевка кентінде тұратын мүгедектер, қарттар, аз қамтылған және көп балалы отбасылар, ерекше балалар үшін М. Ташпенов «Легенда о Наурызе» спектаклі.
Мамыр. «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» кең ауқымды қайырымдылық акциясы.
Мамыр. Астана қаласының Ішкі істер департаменті «Жергілікті полиция» ММ бірлесе отырып А. Салаева «Происшествия на дорогах города» спектаклімен «Безопастность на дорогах» қайырымдылық акциясы.
Маусым. А. Салаева «Король лев», «Еще раз о русалочке» спектакльдерінің көрсетілуімен «Замандас», «Спектрум» балалар қорына арналған бірлескен іс-шара.
Қыркүйек. Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында өткізген «Ер төстік» спектаклі.
Қыркүйек. Болгария, Ресей, Португалия, Франция елдерінің спектакльдері.
Нашақорлықпен күрес бойынша жұмыс
Сәуір. «Қазақстан» спорт кешені, «Скажем наркотикам «Нет!!!» іс-шарасы.
Маусым. ҚР ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау департаментімен бірлесіп Ақмола облысы Щучье қаласы «Балдәурен» оқу-сауықтыру кешенінде А. Салаеваның «Это я нарисовал» спектаклі көрсетіле отырып «Скажи наркотикам нет» қайырымдылық акциясы.
Жетістіктері
Сәуір. Болгария, Ямбол, «Михаил Лъкатник» ХХ Халықаралық қуыршақ театрларының фестивалі Т. Хасанғалиеваның «Старик перекати поле – Қаңбақ шал» спектакліне «Лучший спектакль для самых маленьких» номинациясындағы диплом.
Материалдық-техникалық қамтамасыз ету
Театрда ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді: кіре берістің шатыры жабылды, кабинеттер мен ғимараттың сыртына косметикалық жөндеу жүргізілді.
БАҚ-мен жұмыс істеу
Театрдың шығармашылық қызметі «Мәдениет және тіл», «Астана ақшамы» баспаларына, «Қазақстан», «24 kz» телеарналарына, сондай-ақ www.TKAstana.kz, Facebook, Instagram, инстаstory, Жарнама-holding – интернет-басылымдарына шығарылды.
Есепті кезеңде Қуыршақ театрымен 2 премьералық қойылымдар жүзеге асырылып, келушілер саны 46902 адам болған 455 спектакль көрсетілді.
«Жастар театры» МҚКК
Іс-шаралар
Есепті кезеңде театр ұжымы өзінің және қаланың әр түрлі алаңдарында премьералық қойылымдар мен ағымдағы репертуарларын ұсынды. Бір жыл ішінде театрдың репертуарында келесі қойылымдар: «Махаббат миниатюралары» С. Дүйсенбиева, «Лифт», С. Қасымбек, «Жаңа жылды кім ертіп әкелді» Д. Саламат, «Алғашқы махаббат» Қ. Жүнісов, «Тырау-тырау, тырналар» С. Жүнісов, «Диляфруздың төрт күйеуі» Т. Минуллин, «Нартәуекел» Ә. Кекілбаев, «Моцарт» Ж. П. Пило және О. Шультез, «Шырақ жанған түн» Н.Оразалина, «Дос пен қулық» А. Астраханцева, сондай-ақ «Ғажайып Жаңа жыл» жаңа жылдық ертеңгіліктері және т. б.
Сонымен қатар, Сарайда студенттерге арналған бірқатар іс-шаралар, конкурстар және оларға ұйымдастырушылық жұмыстар бойынша дайындау, шығармашылық мастер-кластар өткізілді.
Премьералар
Театрмен 5 премьералық спектакль қойылды: Н.Жақыпбайдың қойылымындағы Ж. Сомжүрек «Тілеп-Сарықыз» трагедиясы, Д. Сергазин қойылымындағы О. Бөкей «Ұйқым келмейді» музыкалық моноспектаклі, Н.Жақыпбай қойылымындағы «Жанарымдағы жалғыз әуен» комедиясы, Б. Кұрманғожаевтың қойылымындағы Ж. Құлмағамбетовтың «Жасауыл» аңызы, А. Рахипованың қойылымындағы Джанни Родари «Чипполино» ертегісі.
Гастрольдер
Сәуір. Алматы қаласына Ә. Кекілбаевтің «Нартәуекел» халықтың ерлік поэмасы, Б. Соқпақбаевтың «...Көзіме бір көрінсең бала ғашық...» сахналық повесі, С. Қасымбектің «Лифт» психологиялық драмасы, Т. Миннулиннің «Іздеп таптым сені» мелодрамасы, Н.Гогольдің «Ревизор» трагифарсы, Ж П. Пило және О. Шультездің «Моцарт» мюзиклі, У. Шекспирдің «Асауға тұсау» комедиясы, сондай-ақ Н.Жақыпбайдың музыкалық қойылымындағы «Жанарымдағы жалғыз әуен» гастрольдік сапары.
Қазан. Талдықорған қаласына «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында Ә. Кекілбаевтың «Нартәуекел» халықтың ерлік поэмасы, С. Астраханцевтың «Достық пен қулық» ертегісі, У. Шекспирдің «Асауға тұсау» комедиясы, Н.Жақыпбайдың музыкалық қойылымындағы «Жанарымдағы жалғыз әуен» гастрольдік сапары.
Интеграциялық іс-шаралар
Маусым. Ә. Мәмбетовтың 85 жылдығына орай «Сахнадан сәлем» V Халықаралық театр фестивалі аясында Театр сахнасында Әзірбайжан Жастар театры, Орынбор облысының М. Горький атындағы мемлекеттік орыс драма театры, Қырғызстанның «Тунгуч» жастар театрлары өнер көрсетті.
Маусым. А. Әшімовтың 80-жылдығына орай «Астана» І Дүниежүзілік театр фестивалі аясында Германия. Берлин қаласының драма театры өнер көрсетті.
Маусым. СҚО. С. Мұқанов атындағы Қазақ музыкалық-драма театры.
Маусым. Алматы қаласы. М.Әуезов атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ драма театры.
Шілде. Талдықорған. Б. Римова атындағы драма театры.
Шілде. Атырау. Махамбет атындағы Қазақ драма театры.
Шілде. Алматы. Мемлекеттік академиялық би театры.
Шілде. Жамбыл. Облыстық қазақ театры.
Тамыз. Алматы. К. Кожамияров атындағы Ұйғыр театры.
Тамыз. Астана. «Наз» мемлекеттік би театры.
Қыркүйек. Ж. Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театры.
СҚО «Дариға-ай» облыстық жастар театры.
Фестивальдар
Сәуір. Шымкент қаласы. Ж. Шаниннің 125-жылдығына орай «Театр көктемі 2017» түркі әлемінің халықаралық театрлар фестивалі.
Маусым. Астана қаласы. Ә. Мәмбетовтың 85 жылдығына орай «Сахнадан сәлем» V Халықаралық театр фестивалі.
Маусым. Астана қаласы. Ә. Мәмбетовтың 85 жылдығына орай «Астана» І Дүниежүзілік театр фестивалі.
Маусым. Екатеринбург қаласы (РФ). Заманауи драматургияның XI Халықаралық театр фестивалі.
Шілде. Астана қаласы. Қазақстанның этникалық театрларының ІV Республикалық фестивалі,
Қыркүйек. Астана қаласы. К. Сугірбеков атындағы жас режиссерлердің І-ші Республикалық форум-фестивалі.
Қыркүйек. Астана қаласы. Ә. Сығайдың 70-жылдығына арналған республикалық театрлардың XXV фестивалі.
Қыркүйек. Уфа (Башқұртстан) қаласы. «Туғанлық» VІ түркі тілдес театрларының халықаралық фестивалі.
Қыркүйек. Бішкек қ. (Қырғызстан) «ART-ORDO» Халықаралық театр фестивалі.
Қайырымдылық
Маусым. ЕЦ166/1 түзету мекемесі – С. Дүйсенбиеваның «Махаббат миниатюралары» концерттік бағдарламасы.
Тамыз. К.Кожамьяровтың Алматы ұйғыр театры – 1 көрініс.
Қараша. ЕЦ-166/22 түзету мекемесі – С. Дүйсенбиеваның «Махаббат миниатюралары» концерттік бағдарламасы.
Желтоқсан. Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін «Ғажайып Жаңа жыл» қайырымдылық қойылымы.
Жетістіктері
Сәуір. Шымкент қаласы. У. Шекспирдің «Асауға тұсау» спектаклі - Гран-при.
Сәуір. А. Рахипова «Ең үздік әйел бейнесі» номинациясы бойынша, У. Шекспирдің «Асауға тұсау» қойылымдағы А. Ахметов «Қойылымдағы ұтымды бейне» номинациясы бойынша - Гран-при.
Сәуір. Режиссерлер Н.Жақыпбай, Б.Құрмангожаев, Д. Серғазин – «Сахнагер» Ұлттық сыйлығының «Лучший спектакль» гран-при.
Наурыз. Театрдың көркемдік жетекшісі Нұрқанат Жақыпбай - «Сахнагер» Ұлттық сыйлығының «Режиссер года» номинациясы бойынша гран-при.
Наурыз. Актер М. Амангелдин – «Үміт» номинациясы бойынша «Сахнагер» Ұлттық сыйлығының иегері.
Маусым. Арнайы диплом - Екатеринбург қаласы. Н.Колядтың «Тасбақа Үміті» спектаклі.
Қыркүйек. Н.Жақыпбай – «Үздік режиссура», Бішкек қаласы. У. Шекспирдің «Асауға тұсау» спектаклі үшін «Қырғызстан театр қайраткерлері одағының театр өнері академиясының академигі» номинациялары.
Режиссер Бейбіт Құсанбаев - ҚР МСМ «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі.
Әділ Ахметов – «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері» атағы.
Бекболат Құрманғожаев, Лазима Сайбанова – Астана қаласының әкімі Ә. Исекешевтің грамотасы.
Терроризмге және діни экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыс
Наурыз. Терроризмге қарсы қызмет мәселелері жөніндегі күштік құрылымдар, «Мобильді топ мүшелері» өкілдерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша кездесу өткізілді.
Маусым. «Діни терроризм мен экстремизмді алдын ала алу» дәрісі, ЕҰУ дәріскері, доцент Т. Кеңшілік.
Тамыз. «Мобильді топ» мүшелерімен кездесу (А.Р.Рахматуллин, А.М. Шаихова).
Желтоқсан. «Мәдениет саласындағы сыбайлас жемқорлық» дәрісі, лекторлар заңгер У. Э.Еспанова, мемлекеттік сатып алу маманы Маталип Д. М.
БАҚ-мен жұмыс
Театрдың жұмысы «Егемен Қазақстан», «Астана Ақшамы» электрондық және баспа басылымдарында, «24 КZ» телеарнасында, «Таңшолпан» Н.Қоябаевтың «Түнгі студиясы», «Қайырлы таң» бағдарламаларында және т. б. жарық көрді.
«Жастар» театрымен есепті кезеңде 5 премьералық қойылымдар жүзеге асырылды, келушілер саны 55273 адам болған 149 спектакль, 50 іс-шара көрсетілді.
Мұражай қызметі
Сәкен Сейфуллин мұражайы
Іс-шаралар
Мұражайда С. Сейфуллин қызметіне байланысты экспонаттарды жинау, есепке алу, сақтау және насихаттау бойынша жұмыстар жүргізілді.
Н.Айтұлының қатысуымен «Сыр сандық» әдеби клубының 13-ші отырысы өткізілді. Клуб мүшелігіне 12 адам қабылданды.
ЭЦ-166/1, ЭЦ-116/10 түзету мекемелерінде С. Сейфуллин өмірі туралы және оның шығармашылығы туралы жылжымалы көрмелермен экскурсиялар өткізілді.
Экспозициялық-көрмелік қызметі
Көрмелер:
8 Наурыз мерекесіне орай «Қыздарға әсемдік жарасады»;
Наурыз мейрамына арналған «Қош келдің, Әз Наурыз»;
ҚХА 22-жылдығына орай;
Ұлы Отан соғысы күні және Жеңіс күніне арналған «Жас ұландар – мақтанышы елімнің», «Ұлы жеңіске мың тағзым»;
Халықаралық мұражай күніне арналған «Мұражай тарихтың жаршысы»;
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Ұлылылардың есімі ұмытылмайды»;
«ЭКСПО 2017» халықаралық көрмеге арналған «Қазақстаным – Ғажапстаным»;
«Тіршілік» 100-жылдығына орай газеттің шығуы.
Ғылыми-зерттеу жұмысы
Есепті кезеңде 1936, 1960, 1977, 1988, 2009, 2011 жылдары шығарылған басылымдармен салыстырғанда 1927 жылы шығарылған «Тар жол, тайғақ кешу» романының мәтіндік талдауы өткізілді және жалғасуда.
Ғылыми-ағарту жұмысы
«Халифа Алтай шығармашылығындағы Ислам құндылықтары» мақаласын «Кітапхана хабаршысы» Ұлттық академиялық кітапханасының ағартушылық-талдау ғылыми журналында орналастыру;
«Ұлттық академиялық кітапхана хабаршысы» ҰАК журналында «Сарыбұлақ» қысқа әңгімелер;
«Ана тілі» газетінде С.Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» кітабының бұрмалау фактілері бойынша мақала орналастыру.
Қызылорда қаласындағы оқу-ағарту институтында С.Сейфуллиннің ректорлығының 90-жылдығына арналған «Сәкен Сейфуллин – Халық ағарту институтының ректоры» мақаласы;
Зерттеу қызметі мәселелері бойынша ғалымдарға, зерттеушілерге, оқырмандарға консультациялық көмек көрсету.
Қор жұмысы
Мұражай қорынан 14 экспонат жөндеуден өткізілді:
Кітаптар: «Әдебиет майданы» кітабы № 5, Алматы, 1935 ж.
«Қырғыз халқының 1000 әні», Орынбор, 1925 ж.
«Абай Құнанбаев» Алматы, 1948 ж.
«Әдебиет майданы» №1-2, 1935 ж.
«Сәкен Сейфуллин», Алматы, 1958 ж.
«Песня о пилотах», Алматы, 1937 ж.
«Песня мотора», Мәскеу, 1936 ж.
«Песня мотора», Қызылорда 1934 ж.
«Тар жол тайғақ кешу» К.С.С.Р. ж. 1927 ж.
«Драма Евгений Онегин», Мәскеу, 1936 ж.
«Собрания сочинений», Москва, 1949 ж.
«Ленин мен Махмұт», Алматы 1936 ж.
Басқа да заттар: иісмай құтысы, қолшатыр.
«Тар жол, тайғақ кешу» романының мәтіндік талдауының «Сыр сандық» сериясының ІІІ томы 2000 тиражбен жарық көрді.
Ғылыми іссапарлар
22-25 мамыр. ШҚО, Аягөз ауданына ғылыми зерттеулер жүргізу, тәжірибе алмасу үшін іс-сапар.
Қайырымдылық
Өтеусіз негізде Астананың мектептерінде және колледждерінде келесі 26 жылжымалы көрмелер өткізілді: құрылыс-техникалық, көлік және коммуникация, технологиялық, политехникалық, гуманитарлық, колледж, техникалық, энергетика және байланыс колледждері; № 53, 62 мектеп-лицей, № 58, 57, 51, 4, 2, 64, 10, 80,78, 67 мектеп-гимназиялары, № 57, 40, 49, 42, 44 орта мектептері.
Біліктілікті арттыру
Экскурсиялық топтың басшысы И. Құрманғалиев - «БАҚ және мемлекеттік қызметкелердің технологиялық байланысы: жұмыс істеу дағдылары мен ықпалдастығы» тренингін өткізді.
БАҚ-мен жұмыс
Театрдың жұмысы 24 KZ, «ТРК Казақстан», «Астана ақшамы» электрондық және баспа басылымдарында, телеарналарында жарық көрді.
Сәкен Сейфуллин мұражайымен есепті кезеңде келушілер саны 35157 адам болған 757 экскурсия, 59 көрме, 13 бұқаралық іс-шара ұйымдастырылды, 5 лекция оқылды.
«Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені» МКҚК
Іс-шаралар
Есепті кезеңде Мұражаймен келесідей бірқатар іс-шаралар өткізілді, олардың арасында:
«Лучший урок» и «Лучший педагог», Спартакиада, Алғыс айту-адамдықтың белгісі, Қыз – өмірдің қызғалдағы, Қош келдің – Әз Наурыз, Бірлігі бекем ел озар жеңімпаздарын салтанатты құттықтау, «Атамекен» Қазақстан картасы», Атамекен – айлы түн аясында, Балғын балалар – біздің болашағымыз кешенінің салтанатты ашылуы, «Атамекен» Қазақстан картасы» кешеніндегі «Ажарланған Астана-шуағын төкті баршаға» («Патриот» клубының мүшелерінің, «Балам-ай» Қоғамдық қорының тәрбиеленушілерінің, Астана қаласының Балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесінің, Сарыарқа ауданы ардагерлер Кеңесінің «Шаңырақ» фольклорлық тобының қатысуымен) Экспо-ұлттық өнімнің өрісі», «Экспо-Атамекен төрінде», «Өзін- өзі» басқару күн, «Мәңгілік елдің құнды жәдігерлері», День языка, «Қызыққа толы жаңа жыл» этно-ауылдарының салтанатты ашылуы өтті.
Дәрістер
EC-166/1, 166/10, 166/22, 166/5 мекемесінің жұмысшыларына сондай-ақ, қылмыстық-түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жүрген адамдарға «Тарих тұнған Атамекен» дәрісі; «Елбасының жолдауы: Қазақстанның үшінші жаһандануы»; «Мәңгілік ел» - Рухани Жаңғыру; «Жас жеткіншекпен жұмыс атқару».
Конкурстар
Астана қаласының мектеп оқушылары арасында «Лучший экскурсовод – 2017»; Жас экскурсоводтар арасында «Экспо - ел мақтанышы»; Астана қаласы білім ұйымдарының мұғалімдері арасында «Лучший урок»; Астана қаласы білім ұйымдарының мұғалімдері арасында «Лучший педагог»; 9 мектеп мұражайлары арасында «Самый лучший школьный музей – 2017» конкурстары.
Дөңгелек үстелдер
«Қазақстанның Үшінші жаңғыруы»; «Жизнь без наркотиков»; «Рәміздер күні»; «Оян қазақ»; «Латын графикасына көшу».
Мұражай экскурсоводтарымен экскурсиялар қазақ, орыс, ағылшын,түрік, француз, қытай тілдерінде.жүргізілуде.
Мұражай ұжымымен Мемлекет Басшысының «Үшінші жаңғырту-Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігі» Қазақстан халқына жолдауы.
Экспозициялық-көрмелік қызметі
«Қызыққа толы қыс суреттері»; «Экспо көрмесі»; «Экспо-ел айнасы»; «Ұлттық қолөнер ұлттың ажары». Қазақтың ұлттық бұйымдары мен қолдан жасалған кәдесыйларының көрмесі.
Ғылыми-ағарту жұмысы
«Горизонт искусств», «Классикалық саз әлемі», «Өнер адамы», «Тұлға», «Тарих парағы», «Өнер адамы», «Көкжиек», «Көркем әдебиет – көңіл айнасы» айдарларынан тұратын «Астана мәдениеті» республикалық ғылыми-танымдық журналының кезекті (үшінші) нөмірі әзірленіп, баспаға жіберілді.
Қор жұмысы
Мұражайда 416 макет бар, оның ішінде 402 макетке қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген. 14 макет дайындалды:
«Ұлытау» монументі (Қарағанды облысы);
Ғарышкерлікке ескерткіш (Қарағанды қ.);
Б. Александров атындағы спорт сарайы (Өскемен қ.);
Патшалар аңғары (ШҚО);
«Әбілхайыр хан» мемориалдық кешені (Ақтөбе облысы);
Құрманғазы атындағы Мәдениет сарайы (Атырау облысы);
«Сүйінші» мүсіндік-декоративті композициясы (Қарағанды қ.);
«Новый свет» кинотеатры (Петропавл қ.);
С. Сейфуллин атындағы қазақ драма театры (Қарағанды қ.);
Тарихи-өлкетану мұражайының ғимараттар кешені (Петропавл қ.);
«Қарабура» кесенесі (Созақ);
Кеншілер Мәдениет сарайы (Қарағанды қ.);
Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі (Тараз қ.);
«Қарағанды-Арена» мұз сарайы (Петропавл қаласы).
2016 жылғы қараша айынан 2017 жылғы желтоқсан аралығында 221 макет, фонтан, Қазақстан Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған экспозициялық зал, Қазақстанның панарамасын ішінара қалпына келтіру, батырлардың қару-жарақ, дулыға, костюмдерінің сәндік элементтері, батырлар бастарының, мұражайлар өнер ескерткіштері, зауыттар, мешіт, медресе, шамшырақтар, мұз айдыны стадионының манекендері қалпына келтірілді.
Экскурсиялық маусым ішінде ұсақ сынуларды жою бойынша жұмыстар орындалды.
Бүгінгі күні макеттерді консервациялау бойынша жұмыстар жүргізілді. Қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Қалпына келтіру үшін 106 жылжымалы макеттер іріктеп алынды. Қысқы мерзімге жабылған сыртқы макеттер мен ландшафтарды қалпына келтіру 2018 жылғы сәуірде жүзеге асырылатын болады.
Қайырымдылық
Қазақстанның мәдени жәдігерлері «Тарих тұнған Атамекен» атты слайдтармен дәріс - ЕЦ-166/1 мекемесі.
ҰОС ардагерлерін құттықтау, сыйлықтар тапсыру, Жеңіс күніне орай ағаш отырғызу рәсімі – «Қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекеме» КММ.
Жетістіктері
Бөлім басшылары А. Малжанбай, И. Елкеева, Ф. Баймағанбетова – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай Астана қаласының әкімі Ә.Ө. Исекешевтің алғыс хаты.
Біліктілігін арттыру
2017 жылы барлығы 8 адам келесі тақырыптар бойынша біліктіліктерін арттырды: «Учет товарно-материальных запасов, основных средств и нематериальных активов в бухгалтерском и налоговом учете»; «Заработная плата. Обязательное медицинское страхование (ОСМС). ИПН с 1 июля 2017 года»; «Электронные платежные документы в сфере гос закупок в РК. «Ведение электронных счет – фактур в Казахстане с 2017 года»; «Изменения и дополнения в МСФО»; «Основание музееведения, экскурсионные методике, архитектурному, искусствоведческому анализу»; Бюджетное законодательство. Налоговое законодательство. Трудовое законодательство.
Материалдық-техникалық қамтамасыз ету
Ағымдағы жылдың сәуір мен маусым айларында мемлекеттік сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес аумақты абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілді:
- демонтаждау және электр жұмыстары;
- тас жол, құбырлар, сорғылар, асфальттік қабатты, суғару жүйелерін, шамдар, прожекторларды ауыстыру; шағын нысандарды орнату.
Қазақстанның мәдени мұрасын, сондай-ақ отанға патриотизм рухын тәрбиелейтін жекелеген ескерткіштер мен тарихтың атаулы күндері туралы экрандарда көрсетуге және ақпаратты жеткізуге арналған, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтары үшін түрлі іс-шараларды өткізу үшін жарнамалық мақсатта жарықдиодты лайтбокстар (3дана) сатып алынды. Этноауылды салу үшін 3 дана киіз үй жабдықтары сатып алынды.
Сондай-ақ келесі позициялар сатып алынды:
Ақпараттық лайтбокстар (14 дана); арқа металл детекторлары (2 дана); компьютерлер (5 дана); Принтерлер (2 дана.); Шкафтар (6 дана); Киіз үйді сақтау үшін контейнер (1 дана); Электромегафондар (30 дана).
БАҚ-мен жұмыс істеу
Мұражай және мұражайдың іс-шаралары туралы ақпарат Фейсбук, Твиттер, ВК, Instagram әлеуметтік желілерінің арнайы парақшаларында орналастырылады.
«Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінде 1557 экскурсия, 14 дәрістер, 24 іс-шара, келушілер саны 32765 адам болған 4 көрме ұйымдастырылды.
«Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені» МКҚК
Іс-шаралар мен ресми адамдардың келуі
Мұражай келушілеріне «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсиялар жүргізіліп, қонақтарға «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді. Мұражайға келген ресми тұлғаларға тұтқындардың және олардың ұрпақтарының естеліктер жинағын тапсырылды.
Жыл басынан Мұражайға Қазақстан Республикасындағы Әзірбайжан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Рашад Эйнаддин оглы Маммадов пен 1937 жылы саяси қуғын-сүргінге ұшыраған Али Ахмедбекұлы мен Афрус Юсипқызы Алибековтердің немересі Ибрагимов Бахтияр, қуғын-сүргінге ұшыраған Шаниндердің ұрпағы Жанат Шанина, Франциядағы Сен-Сир Әскери лицейінің оқытушылары мен оқушылары, № 17 мектеп-гимназиясының оқушылары, сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы Франция елшілігінің өкілдері, республиканың түрлі қалаларының ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, Барзу Абдураззаков – Тәжікстаннан келген режиссер; Назарбаев Университетінің оқытушысы И. А. Воробьев Х. С. Мартинсон лагерінің тұтқынының немересі, Ұлыбританиядан Эксетер университетінің оқытушысы профессор Н.Э. Бекус және әлеуметтік-гуманитарлық және білім беру технологиялары ғылыми-зерттеу орталығының директоры А. Абдина, Швеция Корольдігі Парламентінің Делегациясы, Поляк делегациясы, «Алжир» тұтқыны Н. В. Всесвятскийдің баласы Юлий Ким - орыс ақыны, композитор, бард, әдеби және музыкалық сыйлығының лауреаты, журналист және жазушы бард-ақын, «Не? Қайда? Қашан?» ойынының білімпазы Борис Бурда, Латвия президенті Раймондс Вейонис, Чехия Сенатының спикері Милан Штех, 1962 жылдан бастап EXPO Халықаралық көрмелерге, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы «EXPO-2017» көрмеге қатысушы - АҚШ-тың Калифорния штатынан Рональд Скайлз, 1937-1938 жж саяси қуғын-сүргін құрбандары Сұлтанбек және Гүляндам Ходжановтардың ұрпақтары, Үндістаннан делегация, Корея Республикасының Парламент және Ұлттық Ассамблеясының өкілдері, «Алжир» тұтқыны Софья Михайловна Атарбекованың немересі белгілі американдық дирижер, пианист Орбелян Константин Гарриевич, Астана қаласының және Ақмола облысының «Видергебурт» немістер қоғамы қоғамдық бірлестігінің өкілдері, Тайланд корольдігінің Мәдениет министрлігінің делегациясы, Польша Республикасының Президенті Анджей Себастьян Дуда жұбайы Агата Корнхаусер Дуда, генерал С. Қ Нұрмағамбетов атындағы «Жас Ұлан» Республикалық мектебінің тәрбиеленушілері - жетім, ата-аналар қамқорлығынсыз қалған, көпбалалы және толық емес отбасыдан шыққан балалар (90 адам), Қазақстан Республикасындағы Израиль елшілігінің Төтенше және Өкілетті елшісі Михаил Бродский, Астана қаласы әкімдігінің «Кәсіптік-техникалық колледжі» ММ оқитын жетім балалар (32 адам), Моңғолиядан келген делегация келді.
Мамыр айында «АЛЖИР» лагері тұтқындарын жаппай жерлеген жерде Армения, Ресей және Эстония өкілдерінің қатысуымен армян ұлтының әйелдерін еске алу ескерткіші орнатылды.
Халықаралық мұражайлар күні театрландырылған қойылыммен «Музейдегі түн»
іс-шарасы ұйымдастырылды.
Экспозициялық-көрмелік қызмет
«АЛЖИР» көрмесі мен дәріс – лагерьге алғаш келген әйелдерге біздің естелігіміз және жан ауруы;
Ауғанстаннан кеңес әскерлерінің шығарылғанына 28-жылдығына «Интернационалист әскерлерінің ерлігі» көшпелі көрмесі мен дәріс;
«30-50 жылдардағы жаппай саяси қуғын-сүргін тарихы» көрмесі мен дәріс;
«Алжирдің» әйгілі есімдері» көшпелі көрмесі мен дәріс;
«АЛЖИР» қасіреті мәңгі біздің жадымызда сақталады» және «Мы свидетельствуем» көрмесі мен дәріс;
Суретші-тұтқын әйелдерге арналған «Қапаста тұншыққан поэзия» көрмесі;
«Алжир» тұтқындары көрмесі мен дәріс;
8-Наурызға арналған балалардың сурет көрмесі мен дәріс;
8-Наурызға арналған «Айдынын аңсаған аққулар» атты көрме мен дәріс;
«Қош келдің, Наурыз!» көрмесі мен дәріс;
«Санадан өшпес зор бейне» көрмесі мен дәріс;
«Дороги, которые мы не выбирали» атты жылжымалы көрме;
«Алаш» партиясының 100-жылдығына арналған «Қазақ ұлттық зиялыларының мұрасы» көрмесі мен дәріс;
«В памяти поколений» көрмесі мен дәріс;
«Астана – балалар көзімен» атты слайды бар балалар сурет көрмесі;
Отбасы күніне арналған «Разбитый очаг», Политические деятели Алаш-Орды», «Безъядерный мир – глобальная миссия Казахстана», «Қызыл террор құрбандары» дәрістері;
Көрме «Ары да, жаны да жараланғаңдар»;
Көрме мен дәріс «Елі сүйген,елін сүйген елбасы»;
Көрме «Реставрация – жаңғырту өнері»;
Көрме мен дәріс «Желтоқсан – тәуелсіздіктің бастауы».
Қазақстан халқының бірлігі Күніне, Отан қорғаушылар Күніне, жеңіс Күніне, саяси қуғын-сүргін құрбандары Күніне, Мемлекеттік рәміздер күніне, Конституция Күніне, және т. б. мерекелерге арналған көрмелер мен дәрістер.
Ғылыми-зерттеу қызметі
Мұражай қызметкерлерімен Қостанай облысы бойынша ІІД Ақпараттық-талдау бөлімінде, Алматы қаласының ІІД Ақпараттық-талдау орталығының арнайы мемлекеттік мұрағатында зерттеу жұмыстары жүргізілді. Қуғын-сүргінге ұшыраған Х. Нурмухамедов, И. С. Киселева, М. Л. Анцис, И. Л. Столярский, Н.Б.Воронкова, З. Кульбак және т. б. ұрпақтарымен байланыс орнатылды.
Ғылыми - қор жұмысы
- анықталған материалдардың тарихи-мәдени, көркем, ғылыми мағынасы туралы сараптама жүргізу;
- Мұражайға ФЗК и ФОК комиссияның шешімін қамтитын (шешім хаттамасы) заттардың түсуі, актілеу (заттарды сақтауға қабылдау актісін жасау);
- мұражайға заңды түрде бекіту мақсатымен түскен заттарды алғашқы тіркеу және атрибуция (актілеу, басты мүкәммал кітабына түскен қысқаша жазба) оф – 516 бірлік, нвф – 356 бірлік, цифрлау – 516 бірл.
Ғылыми зерттеулер барысында Мұражай қоры «Алжир» тұтқындарына қатысты құжаттарымен және заттай материалдарымен толықты: Ф. Серикбаеваның, С. Шлесс, А. Чернова, В. Калинина, С. Циммерман, Е. Тябинова, В. Харламова, П. Забецкая, Х. Нұрмұхамедованың К. Гуславская, Ф. Ғалымжанова, Ж. Шанин, И. Киселева, К. Т.Чупряеваның, К.В.Гаврилованың, Асылбек Сейітовтың және т. б. құжаттарының көшірмелері.
Мұражай қорына тұтқын М. Анцистің қызының «Бақытты балалық шақ» кітабы, М. Анцистің кестелеу эскиздері бар альбом, С. Зильбергердің сауыты, Ф. Дивееваның шәлісі, Г. Гайсинаның «Зингер» тігін машинасы және ағаш ыдыстар, «Материалы к истории киргиз-казахского народа» 1925 ж шығарылған кітабы берілді.
2017 жылы мұражайлық маңызы бар материалдардың 30 түпнұсқасы, оның ішінде «Алжир» тұтқындарының балаларына, балалардың «АЛЖИР»-дегі аналарына хаттары, 30-шы жылдардағы тұтқын әйелдердің фотосуреттері, оңалту туралы анықтамалар қайта жөнделді:
1. Роза Цыпкинаға мінездеме. Қағаз, қолжазба, нотариалды куәландырылған көшірмесі;
2. Роза Цыпкинаның «АЛЖИР» лагерінен ұлы Бэнге жазған хаты. Қағаз, қолжазба, түпнұсқа;
3. Роза Цыпкинаның «АЛЖИР» лагерінен ұлы Бэнге жазған хаты. Қағаз, тор көз дәптердің парақтары, қолжазба, түпнұсқа;
Р. Цыпкинаға жіберілген хат конверті. Қағаз, баспаханалық бланк, қолжазба;
Б. А. Цыпкинаға немересі Б. Е. Гуревич оның асырауында деп берілген анықтама. Қағаз, қолжазба;
Сурет. Роза Цыпкина күйеуі Евел Гуревичпен. Минск. Жалтырақ фотоқағаз, түпнұсқа;
Б. Е. Гуревичке ол әжесі Б. А. Цыпкинаның асырауында деген анықтама. Қағаз, қолжазба;
Фото. «Алжир» тұтқындары Мария Минкинаның, Инна және Роман Бронштейннің балалары". Сурет ақ-қара, сюжетті. Жалтырақ фотоқағаз;
Фото. Минкина Мария Владимировна, «Алжир» тұтқыны, суреті ақ-қара, кеудеге дейін. Күңгірт фотоқағаз;
Фото. Мария Минкинаның балалары. 1938 ж. Ақ-қара сурет, топтық, барлық бойына. Жалтырауық фотоқағаз;
Фото. Шакур және Ғайнижамал Гайсиндер. Сурет түрлі-түсті, портреттік, кеудеге дейін. Жалтырауық фотоқағаз;
Ш. Гайсинді оңалту туралы анықтама. Қағаз, машинкамен басылған түпнұсқасы;
Фото. Ғайнижамал Гайсина балалары мен немерелерімен. Сурет ақ-қара, топтық. Жалтырауық фотоқағаз;
Фото. Қазбекова Мағрифа Мырзағұлқызы ағасы Аязберген Койайдаровпен. Ташкент қ. 1921 ж. Сурет ақ-қара, тұлабойы. Жалтырауық фотоқағаз;
М.М. Қазбекованы 1945 ж 1 шілдеге дейін жұмылдыру бойынша шақыруды кейінге қалдыру туралы куәлік № К 05535. Түпнұсқа;
М.М. Қазбекованың уақытша куәлігі (әскери билеттің орнына) қолданылу мерзімі 1.05.50 ж. дейін. Түпнұсқа;
Фото. Туркина Рахиль Израильевна (сол жақта), Жор Елизавета Юрьевна (оң жақта) – Алжир тұтқындары. Ақ, қара, сюжетті, қосақталған, тұла бойына. Жалтырауық фотоқағаз, қағазға жапсырылған;
Гертруда Платайс фотосуреті, Алжир тұтқыны, 1938 ж. ф/қағаз;
Фото. Шахова Татьяна Васильевна – «Алжир» тұтқыны, әуесқой сурет, тұлабойы түсірілген;
Фото. Шахова Татьяна Васильевна – «Алжир» тұтқыны. Тастағы сюжетті сурет сүйеніп отыр. 1944 жыл;
Фото. Шахова Татьяна Васильевна – «Алжир» тұтқыны. Әуесқой сурет;
Фото. И. Н. Шубрикова (оң жақта) құрбысымен. 20-шы жж. Сурет қара және ақ. күңгірт ф/қағаз;
Фото. И.Н. Шубрикова ұлы Константинмен. 1980-ші жж. Суреті қара және ақ, күңгірт ф/қағаз;
Фото. И.Н. Шубрикованың күйеуі В.П. Шубриков жылтыр ф/қағаз, картонға жапсырылған, 1937 жылы қуғынға ұшыраған. Сурет ақ-қара түсті;
Фото. К. В. Шубриков –И. Н. Шубрикованың ұлы. Сурет ақ-қара, сюжетті, белге дейін;
Фото. И.Н. Шубрикованың жұбайы В.П. Шубриковпен (ортасында). 30-шы жылдары. Суреті қара-ақ топтық. Күңгірт ф/қағаз.
Жоғарыда келтірілген экспонаттар үшін қалпына келтірудің келесі түрлері жүргізілді: сақтау, шаңын, кірін жою, түзулеу, жоғалған фрагменттерді қалпына келтіру, желімдеу.
Ғылыми-ағартушылық қызметі
Ақпан. Ұлт көшбасшы - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің кітапханасында мұражай қызметкерлерінің «День благодарности как символ единства народа Казахстана» дөңгелек үстелге қатысуы.
Сәуір. Мұражай қызметкерлерінің «Сохранение казахской самобытности. Мечта славных сыновей Алаша» атты дөңгелек үстелге қатысуы.
Сәуір. «Ұрпақтар ұмытпайды. Помнят потомки» қуғын-сүргінге ұшырағандар балаларының естеліктер жинағы шығарылды.
Мамыр. Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні мемлекет басшысы Н.А.Назарбаевтың қатысуымен қуғын-сүргінге ұшырағандардың ұрпақтарымен кездесу өткізілді. Мұражайдың 10-жылдығына, жаппай саяси қуғын-сүргіннің 80-жылдығына, «Алаш» партиясының және Алаш Орда үкіметінің 100 жылдығына орай «Ұрпақтар ұмытпайды. Помнят потомки» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. «Ашаршылық құрбандарына ескерткіш» монументіне, «Расколотая звезда» ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі, «Алаш» саябағында қуғын-сүргінге ұшырағандың ұрпақтары алма көшеттерін отырғызды.
Мамыр. «Сарыарқа» СҮ №5 кинопаркінде мұражай қызметкерлерінің қатысуымен «Қазақстан» РТРК тапсырысы бойынша түсірілген «АЛЖИР. Қармен жуылған қан» көркем-телевизиялық фильмінің тұсаукесері.
Маусым. ҚР МСМ және ҚР ҰАК ұйымдастырылған «Читающая нация в читающем мире» Халықаралық симпозиум жұмысына қатысу.
Шілде. «Сохранение нематериального культурного наследия в Республике Татарстан и Республике Казахстан» тақырыбындағы дөңгелек үстел жұмысына қатысу.
Қыркүйек. «Роль женских организаций в духовно-нравственном воспитании молодежи и формировании иммунитета к радикальной религиозной идеологии» тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференцияның жұмысына қатысу.
Қыркүйек. Мұражайдың 10-жылдығына, жаппай саяси қуғын-сүргіннің 80-жылдығына орай «Ұрпақтар ұмытпайды. Помнят потомки» Халықаралық конференция материалдары бойынша «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің жинағы шығарылды. Осы жинаққа ХХ ғасырдың 30-50 жылдарындағы жаппай қуғын-сүргін тақырыбын көрсететін қуғын-сүргінге ұшырағандар ұрпақтарының, тарихшылар, зерттеушілердің сондай-ақ «АЛЖИР» мұражай қызметкерлерінің баяндамалары енген
Қазан. «Алаш» партиясының 100-жылдығына арналған Теміртау қаласының Тұңғыш Президент тарихи-мәдени орталығында өткен «Движение Алаш – предвестник независимости» ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысу.
Қазан. Мәншүк Мәметованың 95 жылдығына Целиноград ауданы Мәншүк ауылында өткен «Қазақ елінің батыр қызы Мәншүк Мәметованың туғанына 95 жыл» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысу. Іс-шара барысында Мәншүк Мәметованың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі және Мәншүк ауылының № 26 орта мектебінің оқушыларымен дайындалған концерттік бағдарлама өтті.
Қараша. Алаш Орданың 100-жылдығына орай «ЭКСПО» конгрес-орталығында өткен «Рухани жаңғыру: Алаш және азаттық идеясының сабақтастығы» халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысу.
Конкурстар
Мұражайлар мен мұражай-қорықтарды дамытудың 2017-2018 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру шеңберінде Көкшетау қаласындағы «Лучший экскурсовод -2016» облыстық байқауына қатысу.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында Ақмол ауылының № 5 орта мектебінің 3 «А» сынып оқушыларына арналған «Біз Тәуелсіз елдің болашағымыз» тақырыбына викторина ұйымдастырылды.
Қайырымдылық
«Детство без границ» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Сәби бақыты» қоғамдық қорының қолдауымен «Алматы қаласындағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған «№ 1 Балалар үйі» КММ экскурсия және деректі фильм көрсетілді.
Таллин қаласы (Эстония) орта мектебінің 11-сынып оқушылары үшін «Алаш», «АЛЖИР» залдарына экскурсия жүргізіліп, деректі фильм көрсетілді.
Целиноград ауданы Ақмол ауылына су тасқынын жоюға бағытталған ҚР ТЖМ әскери бөлімшесінің № 52859 әскери бөлімінің солдаттарына экскурсия жүргізіліп, деректі фильм көрсетілді.
Ақмол ауылының № 5 орта мектебінің кітапханасында оқушылар үшін көрмелер мен викториналармен қоса Мемлекеттік рәміздердің 25-жылдығына арналған «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш» атты іс-шара ұйымдастырылды.
8-Наурыз мерекесіне Ақмол ауылының № 5 орта мектебінің Целиноград ауданы АІІБ есебінде тұрған аз қамтылған, тұрмысы төмен, көп балалы отбасылардан шыққан балаларына арналған балалардың сурет көрмесі мен дәріс.
Жетістіктері
Зерттеу бөлімінің басшысы Л. Абдрахманова – «Еңбек даңқы» медалі.
Мұражай қызметкерлері Б. Саханова, А. Искендирова, Р. Кажибаева, К. Айдосов, С. Бектыбаев - Астана қаласының Мәдениет және спорт қызметкерлері кәсіподағының алғыс хаттары.
«ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрме аясында: мұражай қызметкерлері «Жастар» Сарайы спорт кешенінде мәдени мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлері үшін ұйымдастырылған «Веселые старты» қалалық спартакиадасына қатысып Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар басқармасының дипломымен және спорттық жетістіктері үшін Астана қаласындағы Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы С. Қ. Иманқұлованың дипломымен марапатталды.
Экспозиция-көрме бөлімінің маманы Хасенова Анар Көкшетау қаласында Ақмола облысының мұражайлары арасында өткен «Лучший экскурсовод – 2017» атты облыстық конкурсқа қатысып Әкімдіктің және Ақмола облысының Туризм басқармасының дипломымен марапатталды.
М.А. Оралов - «Сохранение казахской самобытности. Мечта славных сыновей Алаша» тақырыбындағы дөңгелек үстел отырысына қатысқаны үшін Астана қаласының Ішкі істер департаментінің алғыс хаты.
Қызметкерлер Э. Аяғанова, Ж. Ергельдинова және А. Бораш - Қазақстан Республикасы мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай Астана қаласы әкімінің орынбасары Ә. Исекешевтің алғыс хатымен, сондай-ақ, Ә.Хасенов пен Б.Рахимова Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Б. Мажағұловтың алғыс хатымен марапатталды.
Мұражай – «Региональные бренды Акмолинской области» облыстық конкурсында «Туған жер» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.
Мұражайдың бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Р. Жақсыбаева – ҚР Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай ҚР Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлының алғыс хатымен марапатталды.
Е. Саморокова – «Ауыл» ХДП бастамасы бойынша Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Л. Абдрахманова, А.Хасенова - ҚР Тәуелсіздік күніне арналған Астана қаласының әкімі Ә.Ө. Исекешевтің алғыс хатымен марапатталды.
Н. Абсадыкова, С. Оршабеков - Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Б. Мажағұловтың алғыс хатымен марапатталды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы, терроризм және діни экстремизммен күрес Қаңтар. ӘЖБ жөніндегі директордың орынбасары К.Т. Дүйсекеев - «Современный терроризм. Анализ основных направлений» тақырыбында дәріс.
Наурыз. Астанадағы мешіттің бас имамы «Шейх Кунта Қажы», Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Жезқазған қаласының құрметті азаматы Ж.А. Исмаилов және Астана қаласы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ-нің маманы А.Ж. Айбасова – «Теріс пиғылды діни ағымдар мен дәстүрлі ислам дінінің арасындағы қайшылықтар» дәрісі.
Тамыз. Целиноград ауданы Ішкі саясат бөлімінің бас маманы Г.С. Саутбай – «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013 – 2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама туралы» баяндама.
Қыркүйек. «Ақмола облысының Дін істері жөніндегі Басқармасы жанындағы конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ-нің ақпараттық-түсіндіру жұмысы бөлімінің маманы З.Р. Төлегенова - «Опасность, сущность и формы проявления деструктивных псевдо-религиозных течений» баяндама.
Қыркүйек. Астана қаласының Қоғамдық кеңес мүшелері, «АЛЖИР» мұражайының директоры М.А. Оралов - дәріс - сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша лекция.
Біліктілікті арттыру
Ақпан. Қызметкер Б. Саханова – ұйымдарды позициялау негіздері, БАҚ қарым-қатынас принциптері, әлеуметтік желілерге ақпарат беру және жұмыс істеу туралы ММҚБ тренингі.
Сәуір. Мұражайдың бас есепшісі А.Х. Бораш – «Евразийская Академия обучения и повышения квалификации» ЖШС ұйымдастырған ұйымдастырған «Изменения-2017. Бюджетное законодательство. Налоговое законодательство. Трудовое законодательство» оқыту семинары.
Шілде. Мұражайдың бас есепшісі А.Х. Бораш – «КБ Электронная коммерция» ЖШС ұйымдастырған «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» семинары.
Қыркүйек. Мұражайдың бас есепшісі А.Х. Бораш - «Основа-Профи» ЖШС ұйымдастырған «Бухгалтерский учет в соответствии с МСФО. Составление финансовой отчетности. Анализ финансовой отчетности. Бухгалтерский баланс», «Отчет о прибылях и убытках» «Отчет о движении денежных средств (тікелей әдіс) «Отчет об изменениях в капитале» тақырыптарындағы семинар.
Тамыз. Мұражай заңгері А.А. Қабдиева – «Межрегиональный центр профессионального развития «Астана Өрлеу» ЖШС ұйымдастырған «Электронные государственные закупки: полный обзор изменений и дополнений» семинары.
Материалдық-техникалық қамтамасыз ету
2017 жылы мұражай эскпозициясы аудиогид жүйесімен жабдықталған. Мұражай қызметкерлеріне костюмдер тігілді. 12 орындық «Toyota Hiace» шағын автобусы сатып алынды.
БАҚ-мен жұмыс істеу
Мұражай қызметкерлерінің қатысуымен «АЛЖИР» лагері тұтқын әйелдерінің тағдыры туралы «Благодарность сквозь века» қысқаметражды фильмнің түсірілімі.
Астананың көрікті жерлері ретінде Германияның HDR телеарнасымен мұражайдың экспозицияларын түсіру.
«АЛЖИР» лагері тұтқын әйелдерінің тағдыры туралы Мұражай қызметі мәселесі бойынша «National Geographic Қазақстан» журналымен ынтымақтастық.
«Sputnik Қазақстан», «Хабар», «Қазақстан» ТК, «Азаттық» радиосы ақпараттық порталдарымен, «Арқа жыры», «Вечерняя Астана» баспалық БАҚ жұмыс.
«Хабар» АҚ» ҰК жұмыс.
2017 жылы мұражаймен 26 917 адам қатысқан 943 экскурсия, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі 860 рет көрсетілді, 57 көрме, 70 дәріс өткізілді.
Достарыңызбен бөлісу: |