Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама саласындағы
қорытындылары туралы
2017 жылға арналған талдамалық жазба
Саланың әлеуеті
2017 жылғы 1 шілде жағдайы бойынша Астана қаласы әкімдігіне ведомстволық бағынысты мәдениет мекемелері мен кәсіпорындарының желісі мынадай: Мемлекеттік кәсіпорындар – 16, коммуналдық мемлекеттік мекемелер – 2, ШЖҚ МКК – 1, Жауапкершілігі шектеулі серіктестік – 2. Оның ішінде түрлері бойынша: кітапхана – 17; театр – 6; мұражай – 3; концерт ұйымдары – 1 (Мемлекеттік филармония); мәдени-демалыс кәсіпорындары (сарайлар) – 3; цирк – 1; басқа – 6.
Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) мәдениетті қайта түлету, сақтау, пайдалану, қорғау, дамыту және тарату, Астана қаласының тұрғындарына мұрағат ісін қоса алғанда сапалы және қолжетімді қызмет көрсетуге бағытталған мемлекеттік саясатты әзірлеу және тиімді жүзеге асыру бағытында жұмыс істейді.
2017 жылы Басқарма кәсіпорындарымен келесі жұмыстар атқарылды:
«Астана қаласының Тарихи-мәдени мұра объектілерін және ескерткіштерін сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі дирекция» МКҚК
Іс-шаралар
«Мәңгілік ел» триумфалды аркасы (жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары, көрме залы мен қарау алаңында және т.б. бойынша келушілерге экскурсия ұйымдастыру үшін нысанды ашу); «Ұлы Дала елі» монументі (құқық белгілейтін құжаттар, теңгерімге алу, техникалық құжаттарды салыстырып тексеру, анықтау, мониторингі бойынша қызмет көрсететін компанияны анықтау және т. б.); «Қазақ елі» монументі (жөндеуді қолдаушы мониторингтың автоматтандырылған жүйесі арқылы техникалық жай-күйін бақылау және т.б.); «Отан қорғаушылар» монументі (ақау актілерін, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары және т. б үшін сметаларды дайындау); Паровоз Эш-4161 ескерткіші (теңгерімге қабылданды) тарихи және мәдениет ескерткіштерінің техникалық жағдайын зерттеу және жөндеу-реставрациялау жұмыстарын жүргізуін ұйымдастыру бойынша жұмыстар орындалды.
Тарихи және мәдениет ескерткіштері: Қалалық басқару ғимараты (М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының әкімшілік ғимараты) және «Астана-Бәйтерек» монументінде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
Ғылыми-ағартушылық қызметі
Дәрістер, дәріс-концерттер (Астана тарихы. Елорданың ескерткіштері», «Өлке тарихы. Ескерткіштер», «Текті сөздің төресі-терме», «Сегіз сері Баһрамұлы Шақшақовтың өмірі мен шығармашылығы туралы», «Бейнелеу өнерінің жанры және түрлері», «ҚР Мемлекеттік рәміздері», «Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаевтың Жолдауындағы Біздің өлке», «Үшінші жаңғырту-Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігі» және т.б.), ЭКСПО 2017 гид-экскурсоводтарына консультациялар, № 33 орта мектебінің оқушыларына, «Флагман» лицейі, ЕЦ-166/22, ЕЦ -166/5, ЕЦ-166/1 колониясының сотталушыларына, ҰОС ардагерлеріне, М. Ломоносов атындағы ММУ филиалының студенттеріне, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ студенттеріне және т. б. экскурсиялар жүргізілді.
«Олар Отан үшін шайқасты», «Абай – бүкіл халықтың және бүкіл адамзаттың ұлы» еске алу кештері өткізілді.
Экспозициялық-көрмелік қызмет
«Мәңгілік ел» триумфалды аркасында келесідей көрмелер ұйымдастырылды:
- «Ақмола-Целиноград - Ақмола-Астана» және «Қазіргі Астана қаласының тарихы» тұрақты фотокөрмелер;
- ҚР Ұлттық музейінің жинағынан «Қазақстан Суретшілері»;
- Қазақстандық суретші Е.Ралинаның «Ралина. Art. Ralinart» суреті;
- РФ суретшісі А. М. Шапошниковтың акварельдік кескіндемесі.
Қайырымдылық
И.В. Панфилов ескерткіші жанында Жеңіс күніне арналған «Олар Отан үшін шайқасты» еске алу кеші;
«Здесь Пушкиным все дышит и живвет» музыкалық-поэтикалық мереке;
«Біздің елдің Батыры – Рақымжан Қошқарбаев» тақырыптық кеші;
ЕЦ – 166/22 колониясында «Өлке тарихы». Ескерткіштер» дәрісі, ЕЦ 166/1 колониясында «Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары» лекциясы;
Ақмола облысы Аршалы кентіндегі ЕЦ – 166/5 мекемесінде «Текті сөздің төресі – терме» лекция-концерті.
Жетістіктер
Е. А. Саттыбаев, С. К. Оспанов – «Еңбек даңқы» төсбелгісі
С. Қ. Оспанов – Астана қаласының әкімі Ә. Ө. Исекешевтің алғыс хаты және ақшалай сыйлығы;
Е. С. Жакупов – Астана қаласы әкімінің орынбасары Е. А. Аманшаевтың мақтау қағазы.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы, діни экстремизм және терроризммен күрес
«Діни экстремизм және терроризмнің алдын алу» дәрісі (Қазақстан Республикасы Дін және азаматтық қоғам мәселелері жөніндегі Дін істері комитетінің ғылыми-зерттеу және талдау орталығының діни ағымдарын зерттеу бөлімі, Г. Н. Новикова)
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» дәрісі (Астана қаласы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті).
Біліктілігін арттыру
Бухгалтерия қызметкерлеріне арналған «Өзгерістер - 2017. Бюджеттік заңнама. Салық заңнамасы. Еңбек заңнамасы» семинары («Оқыту және біліктілігін арттыру Еуразиялық Академиясы» ЖШС);
Дирекция қызметкерлеріне арналған «Мемлекеттік органдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өзара іс-қимыл технологиясы: жұмыс құралдары мен ықпал ету», (ММҚБ, «MetropolitanBusiness School бизнес Мектебі» семинар – тренингі);
Мемлекеттік сатып алу бөлімінің қызметкерлеріне арналған – семинар («SamElProfessional» оқу орталығы);
Бухгалтерия мен кадр қызметінің қызметкерлеріне арналған «ҚР еңбек заңнамасының өзекті мәселелері: басқарманы құжаттамалық қамтамасыз ету және еңбек қатынастарын реттеу ережесі» («Астана өрлеу» кәсіптік даму өңіраралық орталығы» ЖШС);
«Тиімді ұйымдастыру және электрондық мемлекеттік сатып алуды басқару» семинары («Астана өрлеу» кәсіптік даму өңіраралық орталығы» ЖШС);
Бухгалтерлерге арналған «ХҚЕС сәйкес бухгалтерлік есеп. Қаржылық есепті жасау. Қаржылық есептілікті талдау. Бухгалтерлік теңгерім» семинары.
БАҚ-мен жұмыс істеу
«Егемен Қазақстан», «Астана Ақшамы», «Вечерняя Астана», «Казахстанская правда», «Литер» БАҚ баспа ымен, «Sputnik», «Қазақстан», «Хабар», «Қазақстан», «31-арна», «КТК», «Казрадио» ақпараттық агенттіктерімен, ақпараттық таспалармен ынтымақтастық.
Астананың ескерткіштері туралы БАҚ баспаларында мынадай мақалалар орналастырылған: «Львиное сердце Жумабека Ташенова», «Қоңырқұлжаның қоңыр сауыты», «Әбікеннің қоңыры», «Бауыржан Момышұлы. Елдіктің еңселі ескерткіштері», «Елдік пен Ерлік символы», «Астананы алақандағыдай көре аласыз», «Столица с высоты», «Астана триумфальная», «Если бы земля заговорила», «Бозок – сакральное сердце столицы», «О чем молчат улицы старого города», «Экскурсия в жизнь Легенды» (Сәкен Сейфуллин жайында) және т. б.
Есепті кезеңде Астана қаласының Тарихи-мәдени мұра объектілерін және ескерткіштерін сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі дирекциямен 12 іс-шара, 176 экскурсия, 15 дәріс, 11 көрме өткізіліп, келушілер саны 9853 болды.
Мемлекеттік қызметтер
Берілген қорытындылар
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес Мәдениет Басқармасы келесі қызметтерді көрсетеді:
Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру. Шет елдерде Қазақстанның мәдени жетістіктерін көрсету бойынша іс-шараларды жүргізу үшін Басқармамен жеке және заңды тұлғалардың шетелге суреттер, музыкалық аспаптар, оның ішінде мәдени құндылығы бар 8 затты уақытша әкету құқығына 163 куәлік ресімделді.
Мұрағаттық анықтамалар беру
Есепті кезеңде жеке және заңды тұлғаларға 8564, оның ішінде әлеуметтік-құқықтық сипаттағы 7509 сұраныстар орындалды.
Концерттік қызмет
«Мемлекеттік академиялық филармония» МКҚК
Іс-шаралар
НЗМ, № 73, 17, 83, 80, 37 ОМ және т. б. абонементтік концерттері өткізілді. Мемлекеттік филармонияның концерт залында бірқатар коммерциялық концерттер: «Пикник» ресей группасының, Абай Бегей, Кристина Орбакайте, Мақпал Жүнісованың ән кештері, «Жайдарман» КТК Республикалық іріктеу ойындары, «Шаншар» әзіл-сықақ кеші, ҚР еңбек сіңірген қайраткері А. Аблаевтың мерейтойлық кеші, Ерлан Көкеевтің, Наурыз, Жеңіс мейрамы күндеріне арналған, «Жасай бер, Қазақ Елі!» патриоттық әндер концерті, «Ұлы Дала» циклынан концерттер, «Азия Парк», «Керуен», «Керуен сити», «Хан Шатыр» ОСО алаңдарында, «Парус» сахнасында, «Астаналық», «Студенттер», «Жерұйық» саябақтарында, сондай-ақ Астананың бірқатар тұрғын үй алаптарында демалыс күндерінің концерттері өткізілді.
Абайдың туған күніне орай, ЭКСПО 2017 халықаралық көрме аумағында «АСТАНА САМАЛЫ» үрмелі оркестрлердің VIII Халықаралық фестивалі және «СЕРПЕР» қазақ халық аспаптарының V Республикалық фестивалі қатысушыларының, «Думанды Сарыарқа» циклынан концерттер, EurasianMusicCames Халықаралық фестивалі аясында симфониялық музыкалық, Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай, КСРО және Қазкср Халық әртісі, профессор, композитор Ғазиза Жұбанованың 90-жылдығына арналған, Тұңғыш Президент Күніне, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне, Жаңа жылға арналған концерттер ұйымдастырылды.
Мемлекеттік филармонияның шығармашылық ұжымдары және жекелеген орындаушылар «Шабыт» шығармашыл жастардың ХХ Халықаралық фестиваліне қатысты.
Жаңа қойылымдар
«Шоқан және музыка» әдеби-музыкалық қойылымы;
«Шыңғысхан» музыкалық-драмалық қойылымы;
«Алдар Көсе» музыкалық ертегісі;
«Репрессия құрбандарына тағзым/Үлкен террор» музыкалық-драмалық қойылымы;
«Жыр атасы - Қабан жырау» музыкалық-драмалық қойылымы;
«Ерке бала» Қазақ биі;
«Оюлар» қалмақ биі;
«Попрыгунья-вертунья» татар биі.
Гастрольдер
«Шалқыма» би ансамблі, «Сарыарқа» халық аспаптар ансамблі, классикалық, эстрадалық және халықтық вокалының солистері, «Қорқыт» дәстүрлі музыка тобы, алуан түрлі репертуары бар камералық хор ұжымы есепті кезеңде Ақмола облысы (Ақкөл, Шортанды, Қорғалжын, Бурабай, Жолымбет), Көкшетау қаласы, Қызылорда және Қызылорда облысы, Ерейментау қаласы бойынша, сондай-ақ шет елдерге – Ресей Федерациясына (Екатеринбург, Нижний Тагил), АҚШ (Нью-Йорк), Иран (Тегеран) жасаған гастрольдік іс-сапарға шықты.
Қайырымдылық
Астана қаласының Қарттар үйінде, Мамандандырылған Сәбилер үйінде, 3660 әскери бөлімшесінде қайырымдылық концерттері өткізілді, BI Group «Жұлдызай» қайырымдылық қорына, Софиевка кентіндегі мүгедектер, қарттар, көп балалы және аз қамтылған отбасыларға арналған, сондай-ақ Малотемофеевка ауылындағы «Светоч» балалар үйінің туған күніне арналған қайырымдылық шараға қатысты.
Жетістіктері
Азамат Жылтыргөзов - А. Хачатурян (Армения) атындағы Халықаралық фестивалінің ІІ сыйлығының лауреаты;
Ернар Нұртазин – Талдықорған қаласы. М. Төлебаев атындағы «Алтын таяқша» дирижерлардың IV Республикалық конкурсының «Гран-при» жеңімпазы;
Шахризада Тыныштық – Талдықорған қаласы М. Төлебаев атындағы «Кестеліорамал» дирижерлардың IV Республикалық конкурсының І сыйлығының лауреаты;
Ернар Нұртазин - Астана қаласы. Н.Тілендиев атындағы «Өз елім» музыкалық конкурсының «Дирижерлау» номинациясы бойынша І сыйлығының лауреаты;
Тутеев Нұржан - Астана қаласы. Н.Тілендиев атындағы «Өз елім» музыкалық конкурсының «Домбыра» номинациясы бойынша ІІІ сыйлығының лауреаты;
Әрімбек Айбек - Астана қаласы. Н.Тілендиев атындағы «Өз елім» V музыкалық конкурсының «Домбыра» номинациясы бойынша дипломанты;
Жанерке Хасен – Украина. «Молода Галичина-2017» Халықаралық фестивальдің ІІІ сыйлығының лауреаты;
Алтынбек Әбілда – Орал қаласы. Ә. Молдағайынов атындағы вокалистердің І Республикалық конкурсының бас жүлдесі;
Әйгерім Нартуеева– Астана қаласы. «Домбырамен ән айту» номинациясы бойынша «Шабыт-2017» XX Халықаралық шығармашыл жастар фестивалі ІІ сыйлығының лауреаты;
Аманжолова Әйгерім – Астана қаласы. «Классикалық вокал» номинациясы бойынша «Шабыт-2017» XX Халықаралық шығармашыл жастар фестивалі ІІІ сыйлығының лауреаты;
«Қорқыт» дәстүрлі музыка тобы – Астана қаласы. «Халық аспаптар ансамблі» номинациясы бойынша «Шабыт-2017» XX Халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің бас жүлдесі;
«Қорқыт» дәстүрлі музыка тобы - Қостанай қаласы. «JazzBomond 2017» халықаралық фестиваліне қатысқаны үшін диплом;
Бакижанов Ұлан – Астана қаласы. «Домбыра» номинациясы бойынша «Шабыт-2017» XX Халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің бас жүлдесі;
Ермуханова Айжан – Астана қаласы. «Скрипка» номинациясы бойынша «Шабыт-2017» XX Халықаралық шығармашыл жастар фестивалі І сыйлығының лауреаты;
Айнұр Қонысбаева – «Текті сөздің төресі» республикалық жыршы конкурсында 1 орын;
Нұрғалиев Ерқат – «ҚР еңбек сіңірген қайраткері» атағы.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, діни экстремизм және терроризммен жұмыс
Ақпан. Дін мәселелерін зерттеу орталығының лекциясы.
Сәуір. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мобильдік топтарының дәрісі.
Ашық есік күні. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мобильді топтың жұмысы.
Біліктілігін арттыру
Құрманбекова А. – 2017 жылғы қаңтар «CorelDRAW» және «Photoshop» курстары;
Самархан Ұ. Қ. – 2017 жылғы ақпан «Электрондық шот-фактура» семинары;
Пауединов Ж. К. – 2017 жылғы мамыр «Еңбек ақының дұрыс рәсімделуі» курстары.
Ақпараттық технологиялармен жұмыс
Сайтты толық жаңарту. Қазір http://philarmonic.astanacreative.kz. жаңа сайты үшін хостинг орнату жүргізілуде.
«Сыбайлас жемқорлық бойынша мәселелер» бөлімі енгізілді
Сайтта http://koncertyastany.kz арқылы билет сату бойынша жаңа қызмет әзірленуде
Филармонияның логотипі өзгертілді
Инстаграмда Instagrame @philharmonic_of_astana аккаунты ашылды
«Қолжетімді карта» сайтында мәдениет объектісі ретінде тіркелді
Астана Филармониясының YouTube арнасы ашылды.
БАҚ-мен жұмыс істеу
«Вечерняя Астана» -16 мақала
«Астана Ақшамы» - 17 мақала
«Егемен Қазақстан» - 8 мақала
«Егемен Қазақстан» - 9 мақала
«Экспресс К» - 1 мақала
«Айқын» газеті – 1 мақала
«Литер» газеті - 7 мақала
«Начальник» журналы – 11 мақала
«Культурная Астана» журналы - 7 мақала
«WE» журналы – 1 мақала
«Метроном» журналы -3 мақала
«Сто лиц столицы» журналы - 2 мақала
«Созвучие» журналы – 2 мақала
«Қазақстан» ТРК жаңалықтар - 4 репотаж қазақ тілінде
«24 хабар» ТК жаңалықтар – екі тілде сұхбат берумен 10 репортаж
«24 хабар» ТК «Культвояж» бағдарламасы - екі тілде 28 сюжет пен сұхбат
«КazakhTV» ТК - екі тілде 12 репортаж
Нұрлан Қоянбаевпен «Түнгі студия» бағдарламасына қатысты (Камералық хор)
BNEWS - орыс тілінде репортаж
«КazakhTV» «Таңшолпан» бағдарламасы - Ғазиза Жұбанова атындағы ішекті квартеттің сондай-ақ балетмейстер Көркем Шолошовастың бағдарламаға 2 рет қатысты.
«Классика» радиосы - 2 сұхбат, жаңалықтарда 5 шығарылым.
Kazinform – 7 мақала
Zakon.kz - 4 мақала
bestnews.kz -4 мақала
Astana times – 2 мақала
Zona.kz - 1 мақала
Kaztag.kz - 1 мақала
Курсив.kz - 1 мақала
Musicnews.kz - 1 мақала
I-news.kz – 1 мақала
Karaganda.kz - 1 мақала
ArnaPress.kz - 2 мақала
Total.kz - 2 мақала
DailyNews.kz - 3 мақала
Деловой Казахстан - 1 мақала
Informburo.kz - 3 мақала
Көкшетау Азия - 1 мақала
KZinformDixinews.kz -1 мақала
NewTimes.kz - 1 мақала
365info.kz - 2 мақала
Испан газеті codalario.com 1 – испан тілінде
bd.news24.com - 1 мақала
meloman.ru – 1 мақала
webGround.ru -1 мақала
TheDailyStar - 7 мақала
АН Между строк (Ресей) – 1 мақала
ОБЛГАЗЕТА.ги – 1 мақала
Материалдық-техникалық қамтамасыз ету
Жөндеу жұмыстары («Астана» КЗ дайындалу аудиториясы, «Жастар театры» аумағындағы дайындық аудиториясы, «Астана» КЗ мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған дәретхананы қайта жөндеу).
Сатып алу (ұйымдастыру техникасы, Камералық хорға, «Шалқыма» халық биі ансамблі, «Сарыарқа» халық музыкасы ансамбі, «Қорқыт» дәстүрлі тобына, эстрадалық би ансамбліне арналған концерттік және сахналық костюмдер, «Шыңғысхан» музыкалық қойылымына, классикалық эстрада және халық вокалдары солистеріне, қазақ оркестріне, симфониялық оркестріне арналған сахналық костюмдер).
2017 жылы Мемлекеттік академиялық филармониямен 1 869 487 көрермен үшін 722 концерттік іс-шаралар (концерттер, мерекелік бағдарламалар, «демалыс күнінің концерттері», абонементтік концерттер және т. б.)өткізілді .
«Астаналық цирк» МКҚК
Іс-шаралар
Астаналық циркте мынадай іс-шаралар өткізілді: «Алиса в зазеркалье» жаңа жылдық қойылым (Астана), «Гиганты Африки» (РФ), «Легендарный цирк Юрия Никулина» (РФ), «10 львов и принц Египта» (РФ), «С любовью, Астана» (Астана), «Qwest Pistols Show» ресей тобының концерті, «Панкратион» ережесіз жекпе-жек, «Шоу Гигантских фонтанов», Жеңіс Күніне арналған цирк қойылымы, «Rtd Bull BC One 2017» брейк-дэнс бойынша әлем чемпионаты, «Эхо Азии» халықаралық цирк, «Томирис» тарихи цирк қойылымы, «Великий русский цирк» (РФ), «Разморозка».
Жаңа қойылымдар
2017 жылы Астаналық циркте 5 жаңа цирк нөмірі шығарылды;
Қарама-қарсы әткеншектер.(цирктің ең ауыр және өте қауіпті жанрларының бірі, мұнда әртіс өз салмағын және үлкен және ауыр әткеншектердің қимыл екпінін пайдалана отырып өте биікке ұшып, акробатикалық элементтер жасайды);
«Барыс» Атты - акробатикалық ансамблі.(Ат үстінде жасалатын акробатикалық элементтер);
Атпен қыз солосы .( атпен дресура );
Үйретілген құстар. (құстармен дресура);
Мачта (бақандағы акробатикалық элементтер).
Гастрольдер
2017 жылы Астаналық цирк әртістері 14 рет гастролде болды.
К. Кунгижинов жетекшілігімен «Сарыарқа» атты - акробатикалық ансамблі 2012 жылдан бастап, ҚХР қалаларында белсенді түрде гастролде жүр.
Қаңтар. «Ремни» солосы- А. Супатаев. Мексика.
Наурыз. М.М. Оселбаевтың жетекшілігімен Африкалық арыстандар. Қарағанды қаласы.
Наурыз. М.М. Оселбаевтың жетекшілігімен Африкалық арыстандар. Липецск қаласы. РФ.
Наурыз. М.М. Оселбаевтың жетекшілігімен Африкалық арыстандар. Қарағанды қаласы.
Наурыз. К. Елегенов.Ат айдаушы Алматы қаласы.
Наурыз. М.М. Оселбаевтың жетекшілігімен Африкалық арыстандар. Қарағанды қаласы.
Сәуір. Б.Оразалиевтың жетекшілігімен «Байқоңыр» Әуеге ұшу. ҚХР
Мамыр. Х. Камашевтің жетекшілігімен Клоундар дуэті.Қазақстан қалаларында.
Шілде. Х. Камашевтің жетекшілігімен Клоундар дуэті.Ресей қалаларында
Шілде. Б.Бурашевтің жетекшілігімен «Батыр» жігіттер.Шиян Чень. ҚХР
Тамыз. Б.Оразалиевтың жетекшілігімен «Байқоңыр» Әуеге ұшу. ҚХР
Тамыз. Б.Бурашевтің жетекшілігімен «Батыр» жігіттер.Шиян Чень. ҚХР
Қыркүйек. Баспалдақтағы ерекше баланс – Х. Жанмырзаева. Белоруссия. Минск қ.
Қазан. Баспалдақтағы ерекше баланс – Х. Жанмырзаева. Түркия
Қараша. Бос тұрған сымдағы эквилибр – Ж. Жанмырзаев.Түркия
Қайырымдылық
Астаналық цирк ұжымы өнер көрсетті;
«Астаналық цирк» МКҚК Астана қаласындағы қоғамдық қорларға қолдау білдіріп отырады. «Сәби бақыты», «Аяла», «Сәби» - мүгедек балалар қоры, «Мирас» - мамандандырылған балалар үйі, «Жас нұр», «Шаңырақ», «SOS балалар қалашығы», Балалар мен жетім баларға арналған КММ, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған № 64 балабақша цирк қойылымдарына шақырылды.
Төменде көрсетілген қайырымдылық қойылымдары өткізілді:
«Алиса в зазеркалье» цирк бағдарламасы»;
«Rtd Bull BC One» брейк – дэнстен әлем чемпионаты;
«Махаббатпен, Астана» цирк бағдарламасы»
«Алып субұрқақтар шоуы» цирк бағдарламасы;
«Разморозка» цирк бағдарламасы.
Наурыз айында ЕЦ -166/10, мамыр айында ЕЦ-166/1 колонияларында қойылымдар өткізілді.
Жетістіктері
Директор Е. Қ. Жолжақсынов – «Парасат» ордені;
«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің ашылуына орайластырылған «Жастар» Сарайы спорт кешенінде елорданың мекемелері мен мәдениет ұйымдарының қызметкерлеріне арналып ұйымдастырылған «Көңілді жарыстар» іс – шарасында цирк қызметкерлері Астана қаласының Мұрағаттар және құжаттамалар басқармасының алғыс хаттарымен марапатталды.
Цирктің алғашқы кәсіподақ ұйымының төрайымы А.М. Мусина ҚР Мәдениет және Өнер қызметкерлерінің күні мерекесіне орай ҚР Мәдениет және Спорт министрінің алғыс хатын алды.
Д.С. Шуйнишев - Астана қаласының Әкімі Ә.Ө.Исекешевтің алғыс хаты.
Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Б.Б. Мажағұловтың алғыс хатымен цирк қызметкерлері И. Рахманкулов, Д.Абдуахасов Д.Рыспеков марапатталды.
ҚР Тәуелсіздік күніне орай Е.М. Конурбаев, Д.С.Шуйнишев Астана қаласының Әкімі Ә.Ө.Исекешевтің алғыс хатын алды.
Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Б.Б. Мажағұловтың алғыс хатымен цирк қызметкерлері Н. Мерекеқызы , Н.В. Румянцева, Д.Е.Темешева марапатталды.
Х. Жанмырзаева – тұңғыш өткізілген Минск Халықаралық фестивалінің лауреаты, арнайы жүлде иегері.
Әртістер Д. Абдуахасова, Д. Рысбекованың «Пластикалық этюд» қойылымы - қола жүлдегерлері.
Жемқорлыққа, терроризм мен діни экстремизмге қарсы күрес
Мамыр. Деструктивті діни идеологияны таратуға және оның пайда болуына әсер ететін жағдайлар және оның себептері тақырыбында бас инженер М.И. Бекеев жиналыс өткізді.
Маусым. «№611 Ақпаратқа мониторинг жүргізудің мемлекеттік жүйесі қызметі және оны ұйымдастыру ережелері, террорлық акт қауіпі туындағаны жайында тұрғындарды құлақтандыру» тақырыбында бас инженер М.И. Бекеев дәріс оқыды.
Шілде. «Қазақстан Республикасында терроризмге қатысты осал нысандардың тізімін бекіту туралы» және 1999 жылғы 13 шілдедегі «Терроризмге қарсы іс –қимыл» №416 ҚР Заңы тақырыбында бас инженер М.И. Бекеев дәріс оқыды.
Біліктілікті арттыру:
Маусым. «ЖКС бойынша декларация» әлеуметтік салық, Міндетті медициналық сақтандыру туралы қызметкер С.М. Ибраева семинар өткізді.
Тамыз. «Кадрлық құжаттаманы тексеріске дайындау», мемлекеттік еңбек инспекциясы тексерулері туралы» Цирктің кадр бөлімінің бастығы А.М. Мусина семинар өткізді.
Қыркүйек .«ХҚЕС –ке сәйкес бухгалтерлік есеп» «Қаржылық есептілікті жасау», «Бухгалтерлік есеп»,«Бухгалтерлік баланс», «Кірістер мен шығыстар туралы есеп», «Қаржы қозғалысы туралы есеп», «Капиталдағы өзгертулер туралы есеп» - тақырыбында біліктілікті арттыру аясында Цирктің бас бухгалтері Ж.К. Ахметова семинар өткізді.
Қыркүйек.«Кадр ісін жүргізу туралы басынан аяғына дейін» тақырыбында Цирктің кадр бөлімінің бастығы А.М. Мусина семинар өткізді.
Материалдық-техникалық қамтамасыз ету :
2017 жылы тігін бөлімі Астаналық цирк әртістеріне арнап, костюмдер тікті.
(костюмдердің саны – 9 дана).
Өндірістік қызметі
Ветеринарлық, санитарлық бақылау: цирк жануарларына арналған азық-түлік өнімдері, жануарлардың ас қабылдау режимін мен өнімдерді сақтау, ас үйдің санитарлық жағдайы, жануарларға күтім жасау, жануарлардың қақпалары мен орынжайларының санитариялық жай-күйі, жануарларды күтіп ұстау тексерілді.
БАҚ-мен жұмыс істеу
Астаналық цирк қызметі туралы 24 КZ, «Қазақстан», «Хабар», «Астана», «Асыл арна», «ОРТ-Евразия», «SputnikКазахстан», «Қазақ ТВ» телеарналарында, «Астана», «Азаттық радиосы» радиосында, «Астана Ақшамы», «Вечерняя Астана», «Казахстанская правда» БАҚ баспасында сұхбат және жариялау. «Азия жаңғырығы» Халықаралық цирк өнері фестивалінің түсірілімдері- «Казконтент» АҚ.
Ақпараттық технологиялар
«Эхо Азии» цирк өнерінің халықаралық фестиваліне Echoasia.kz сайты әзірленді және жұмыс істейді.
2017 жылы Астаналық циркпен 110 іс-шара өткізілді, келушілер саны 108478 адам.
Достарыңызбен бөлісу: |