Қорытындысы Қобда аудандық білім бөлімінің 2013 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 31 қазанында «Үздік қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» атты байқауы Ақырап орта мектебінің негізінде өткізілді



Дата25.08.2017
өлшемі26,76 Kb.
#26794
Аудандық

«Үздік қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» байқауының



қорытындысы

Қобда аудандық білім бөлімінің 2013 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 31 қазанында    «Үздік қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі »  атты байқауы Ақырап орта мектебінің негізінде өткізілді. Байқау қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің біліктілігін арттырудың тиімді жолын іздеуге, аудандағы нәтижелі әдістемелік жұмыстардың үлгісін іріктеуге бағытталды . Байқауға жалпы орта білім беретін мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты . 

Байқаудың мақсаты: Шығармашылықпен жұмыс жасайтын қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерін анықтау, қолдау көрсету және олардың кәсіби дамуын, жаңашыл тәсілін жинақтап, қорыту.

Байқаудың  міндеттері:

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерінің  оқу-әдістемелік жұмысын, жаңашыл тәжірибесін анықтап тарату, жаңа бастамаларына қолдау көрсету;

Қазақ тілі мен әдебиеті   пәнінің мұғалімдерінің әлеуметтік беделін қолдау;

- қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіптік шеберлігінің және мәртебесінің өсуіне ықпал ету;

- шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдердің тәжірибелерін тарату;

- тілдік мәдениетін арттыру;

- оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері негізінде тілдік құзіреттілігін қалыптастыру.

Байқаудың   мазмұны үш кезеңнен тұрды:


1 кезең
– Теориялық- сайыс.
Қатысушының  теориялық білім негізін анықтау мақсатында педагогикалық психологиялық тест   жүргізілді.
(Педагогика -10 сұрақ,  психология -10 сұрақ  уақыты -   20 минут)

2 кезең – Практикалық әдістемелік шеберлік сайысы.
1. Өзін-өзі таныстыру «Ұстаз болу... ». Уақыты – 3-5 минут

2. Педагогикалық шеберлік минуты .Пән бойынша панорамалық сабақ «Ұлттық құндылықтарды қалыптастыру».  тақырыбына өткізілді Уақыты   - 10-12 минут.



3 кезеңде

«Ұстаз- дарынды тұлға» тақырыбына қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері өз өнерін көрсетті.
Байқауға ауданның жалпы білім беретін орта мектептерінен 11 қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты. Байқау қорытындысы бойынша сапалы дайындығымен ерекеше көзге түскен Жарсай ОМ нің мұғалімі Жазекенова Сымбат Темиржановна бірінші орынды , Қобда қазақ орта мектебінің мұғалімі Аралтаева Лия Амангельдиевна және Жиренкопа орта мектебінің мұғалімі Даулетиярова Айман Биржановна жүлделі екінші орындарды иеленді. И.Құрманов ат. ОМ нің мұғалімі Сембина Жаннұр Ганниқызы және Жанаталап ОМ мұғалімі Жамалова Майя Суниятовна үшінші орынды бөлісті. Байқауға белсенді қатысқан Ақырап ОМ нің мұғалімі Култаева Фарида Кенжегазиевна және Қызылжар ОМ нің мұғалімі Ажмуратова Мөлдір Ерболатқызы грамотамен марапатталды. Жүлделі орынға ие болған байқау жеңімпаздарына аудандық білім бөлімі мен аудандық мұғалімдер кәсіподақ комитетінің атынан дипломдар және ескерткіш сыйлықтар табысталды.

Аудандық білім бөлімінің «Үздік қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» байқауын өткізу туралы

2013 жылғы 21 қазандағы № 515 бұйрығын Қобда гимназиясы, Пятигор ОМ, Талдысай ОМ,

Ә.Молдағұлова ат ОМ, Құрсай ОМ орындаған жоқ.

Аудандық байқауды өткізуде ақпараттық коммуникациялық технологияны

пайдалануға мүмкіндік жасаған, ұйымдастырушылық қабылетін көрсете

білген Ақырап орта мектебінің директоры Срымова Сания Саматовнаға



және мектеп ұжымына алғыс айтылды.

Каталог: sites -> default -> files -> Node 5639
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы
Node 5639 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
Node 5639 -> «Балдырған» бөбекжайындағы 2016 жылдың 1-4 ақпан аралығындағы «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» апталығының жоспары. Апталықтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет